Сабақ жоспары PAINT қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. (5 сынып)

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақ жоспары PAINT қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. (5 сынып)

Пәні: Информатика

Мерзімі: 12.12.2015 жыл

Сыныбы: 5«Ә»

Сабақтың тақырыбы:

PAINT қарапайым графикалық редакторы.

Суретті ашу, сақтау.

Сабақтың реті:

14-сабақ

Жалпы сабақтың мақсаты:

Оқушыларға графикалық редактор жайлы түсінік беру


Күтілетін оқу нәтижелері:


Графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады, редакторды іске қоса алады, сурет салу кезеңдерін білетін болады, графикалық редактор құралдарының қызметін біледі.

Түйінді идеялар:

«Естігенімді ұмытамын, көргенімді сақтаймын, өз істегенімді меңгеремін» Конфуций сөзі

Сабақты ұйымдастыру түрі:

Тренинг-тәжірибе

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

топтық әдістер, ДК, сыни ойлау, түрткі болу, сынақтан өткізу техникалары

Жұмыс түрлері:

Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер:

Интерактивті тақта, слайд, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер, компьютер

І. Қызығушылығын ояту кезеңі:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

1-әрекет. Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру. Шаттық шеңберін құру.

Оқушылар бір-біріне өз аттарының бірінші әріпінен басталатын жақсы тілектер айтады.

2-әрекет. «Геометриялық фигура» арқылы топқа бөлу.

Оқушылар топқа бөлініп, жаңа топ құрады

3-әрекет. «Шар ішіндегі сұрақ» әдісімен үй тапсырмасын тексеру.

Әр топқа шар үрленіп соның ішіне 2 сұрақтан жазылып салынады. Оқушылар топта талқылап сұрақтарға жауап береді

4-әрекет. Жауаптар «Бағдаршам» арқылы бағаланады

Топтар бір - бірінің жауабын түрлі-түсті қағаздарды пайдалану арқылы бағалайды

ІІ. Мағынаны ажырату кезеңі

5-әрекет. Топтық жұмыс: Суреттің қиындысын жинау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау


Әр топ өзіне берілген суреттің қиындысын жинақтап, қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын ашады.

6-әрекет. Интербелсенді тақтадан жаңа сабаққа байланысты, PAINT бағдарламасы туралы слайд көрсетеді

Жаңа сабақ туралы мәлімет алады

7- әрекет. Жеке жұмыс. «Түртіп ал» әдісі бойынша дәптерге мәлімет жаздыру

Интербелсенді тақтада көрсетілген мәліметтерді оқушылар дәптерлеріне жазады.

ІІІ. Ой толғаныс кезеңі

8-әрекет. Жеке жұмыс: Компьютермен және қолмен шығармашылық жұмыс жасату


Жарты топ компьютерде, қалған топ қолмен берілген тақырыпта суреттер салады.


9-әрекет. Жұптық жұмыс: «Салыстыру» әдісі бойынша компьютерде салған суретпен қолмен салған суретті салыстырып, артықшылығын анықтайды. «Т кестесімен» жұмыс жасату

«Т кестесі» бойынша екі жұмысты салыстырып, талқылайды, артықшылығын анықтайды.

10-әрекет. Бағалау


Оқушылар бір-бірлерінің жұмыстарын бағалайды


11-әрекет. Топтық жұмыс: «Сөзсызба» әдісі бойынша жаңа тақырыпқа арналған сөздерді табу


Әр топ берілген тапсырма бойынша, сөзсызбадағы сөздерді табады, жариялайды, бағалайды

12-әрекет. Үй тапсырмасы


Үйге осы тақырыптарда кеңінен ізденіп келу.

13-әрекет. Жеке жұмыс:

«Күту ағашы» әдісі бойынша кері байланыс жасату


Оқушылар «Алма ағашына» өздерінің бүгінгі сабақта алған әсерлерін алма жемісі арқылы жазып іледі


Мұғалім

Нұрақынова Алмагүл Нұрбосынқызы


















© 2010-2022