Құзыреттілік – болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды сапасы

Реферат "Құзыреттілік – болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды сапасы"                                                                                                                                                                      
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

I. КІРІСПЕ

Құзыреттілік - болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды сапасы ретінде.

Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттікке қарай толықтырып отыруды талап етеді.

А.Ф.Присяжная педагогика ғылымында құзыреттілік - тұлғаның белгілі бір сферадағы функциялары мен уәкілеттігін анықтайтын, оның интегративті қасиеті ретінде қарастылатындығын айтады .

Жалпы алғанда, «құзыреттілік» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзыреттілік ұғымы - соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзыреттіліктің латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді.

Бұл жайлы Б.Тұрғынбаева «…өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын - құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, Ресей ғалымы Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы».

Ш.Таубаева: «Құзыреттілік-ол тұлғаның оқыту мен әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті» -деп қарастырылады.

Сонымен, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.






. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Негізгі құзыреттілік туралы түсінік.

Негізгі құзыреттілік сала ерекшелігіне қарамастан барлық мамандар бойынан табылу керек деп қарастырылған, себебі құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды, оның ішінде:
ақпараттық;
коммуникативтік (қатысымдық);
Ақпараттық құзырет - мамандардың компьютерлік білімділігі, жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедия, электронды пошта, Интернет) мүмкіндігі.
Коммуникативтік құзырет - бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жан-жалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.
Әлеуметті-құқықтық құзырет - өз елінің азаматы ретінде өзнің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту жатады.
Білім алушылардың іс-әрекетін белсендіруге және қарқындандыруға негізделген технологиялардың бірі «Проблемалық оқыту».Ерекшелігі: білім алушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту, білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықтарды ашу әрі проблемалық міндеттер қою. Проблемалық оқытудың қалыптасу тарихына үңілсек, Сократ өзінің шәкірттерін логикалық ойлауға, зерттеулердлің нәтижелерін табуға
4бағыттап отырған. Руссо білімді игеру үшін ситуациялар қою арқылы жүзеге асырған. Проблемалық оқытудың ең керекті әрекеті ізденіс болса, соны өз тәжірибесінде кеңіне қолданған ғалымдар қатарында Песталоцци мен Дистервегтің еңбегі зор. Проблемалық оқытудың басқалардан айырмашылығы - білім оқушыларға дайын күйінде хабарланбайды, керісінше олардың алдына өз бетінше шешуге проблема қойылады. Іздену әрекеті барысында білімді оқушылардың өздері табады. Сабақ соңында байқалғаны, осы проблемалы тапсырмалар оқушы сезіміне молырақ әсер етіп,олардың қызығушылығын, білімге іштей құмартушылығын арттырды деп ойлаймын. Қызығушылық оқушыны өздігінен ізденуге жетелейді. Ізденіссіз шығармашылық ойлау жоқ. Проблемалық тапсырма нәтижесі оқушының өз бетінше еңбектенудегі дағдысы мен қабілеті, іскерлігінің жетілген, ең жоғары дамыған саты деуге болады.
Кәсіптік құзіреттілікті жетілдіруде мамандық бойынша жүргізілетін тәрбие жұмысы да ерекше роль атқарады. Сабақтан тыс өткізілетін іс-шараларда оқушылар өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып,болашақ маман ролін жоғары деңгейде орындауға тырысады.
Арнаулы құзыреттілік.
Оқу орны түлегі моделі - белгілі бір өндіріс, ғылым, мәдениет саласындағы жұмысшы құзіреттілігін сипаттай алуы. Сондықтан әр оқушының өз мамандығына байланысты арнаулы құзіреттілігін анықтау қажет. Арнаулы құзіреттілік - маманның сала ерекшелігіне байланысты кәсіби мәселелерді шешу, білім және іскерлік деңгейін көтеру сияқты қабілеттермен байланысты.


2.2. Құзыреттілікті қалыптастыру

Құзыреттілікті қалыптастыру - білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама -қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды.
Құзіреттілік тәсіл идеясы - «қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады» деген сұраққа жауап береді. Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру - бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды.
Мұғалімнің басты рөлі - тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай, нәтижеге бағытталған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда жаңаша көзқарасты, ал мұғалімдерден негізгі кәсіби құзырлылықтарын дамытуды талап етеді.
Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі - белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру. Ескі мазмұнды ығыстыра отырып,елімізде білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. Әлемнің оқыту технологиялары жоғары дамыған елдерінің (Жапония, Германия, Голландия) тәжірибесіне назар аударсақ,түпкі мақсаты-баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни, бірінші орында баланың білім, білігі мен дағдысы емес,жеке тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды. Осы мақсатқа орай, бүгінгі педагогика ғылымында жаңа оқыту технологиялары: дидактикалық біліктерді шоғырландыру, ізгілікті-тұлғалық бағдарламалар, дамыта оқыту, мәселелік, тірек сигналдары арқылы, деңгейлеп саралап оқыту, өздігінен ізденіп даму, оқытудың компьютерлік, модульдік технологияларды ғылыми тұрғыда дәлелдеп, баламен бірге жұмыс жүргізіп жүзеге асырушы мұғалім..

2.3. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі

Педагогикалық қызмет табиғатында шығармашылықты талап ететіні белгілі қағида. Адамның шығармашыл мүмкіндіктерінің дамуы тұрғысынан интеллектуалды, эмоциалық, рухани потенциалының баюына, жетілдіруге, тануға ұмтылуға нақты жағдай туғызады. Осыған байланысты ұстаздардың кәсіби дайындығының мақсаты да өзгереді. Кәсіби құзыреттіліктің қалыптасу процесі кәсіби білімнің, біліктің, іс-әрекеттің қалыптасуын қамтиды, ұстаздың жалпымәдени дамуын, өзінің көзқарасының және тұлғалық кәсіби құнды қасиеттердің қалыптасуын қамтиды.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі күнделікті педагогикалық қызметте әр түрлі танылады және әр түрлі іске асады. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі деп, біз өзара байланыстыүш компонеттен тұратын тұлғаның қасиеттерін түсінеміз:

- Педагогикалық қыметте жүзеге асатын кәсіби білім;

- Кәсіби біліктілік;

- Мұғалімнің кәсіби құнды қасиеттері;

Бұл үш компонент мұғалімнің тұлғасын дамыту мақсатымен біріктірілген, сонымен қатар әр компонент педагогикалық қымет үрдісінде бірде алғышарт, бірде құралы, бірде нәтижесі болып кызмет атқарады.

Кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру үрдісі кәсіби білім, білік, дағдыны қалыптастыру, педагогтің жалпы мәдени дамуын, оның тұлғалық көзқарасын және кәсібимаңызды сапаларын қалыптастыруды білдіреді.

2.4. Педагог мамандардың құзыреттіліктерін қалыптастырудың деңгейлері.

Педагог мамандардың құзыреттіліктерін қалыптастырудың 8 деңгейiн қарастыруға болады:
1.Пәндiк - мамандық қызметтерiне байланысты қойылатын проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
2.Аналитикалық бақылау - пәндiк iс-әрекеттерiн талдау мен бақылау проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.
3.Ұйымдастырушылық - оқушылардың өзiндiк iс-әрекеттерiн ұйымдастыруға бағытталған проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
4.Коммуникативтiк - «Мұғалiм-Оқушы», «Оқушы-Оқушы», «Мұғалiм - Ата-ана» және т.б. жүйелердегi қарым-қатынасты проблемаларды шешу қабiлетi.
5.Бейiмделген - қазiргi жағдайдың өзгерiстерi мен талаптарына сәйкес проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
6.Ынталық/психологиялық - психологиялық, жекетұлғалық, жекетұлғалар арасындағы өзара қарама-қайшылықты шешу проблемаларының қабiлеттiлiгi.
7.Жобалық - мектептi, мұғалiмдi және оқушыны дамыту жобаларын шешу қабiлеттiлiгi.
8.Ғылыми-iзденiстiк - мектептiң, мұғалiмнiң және оқушының даму нәтижелерiн зерттеудi ұйымдастыру және оны өткiзу проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.
Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы, оның өзіне деген сенімділігінен, кәсіби қызметте өзін-өзі көрсетуінен басталады. Осыдан барып жетіктік іс-әрекеттің формасы, үлгісі (идеалы) ретінде көрініс табады. «Жетіктік» адамның білімі, білігі мен дағдыларының қолдану саласын белгілейді. Құзырлылығы қалыптасқан маман - кәсіби қалыптасу барысында жетіктік үлгісіндегі мақсатқа ұмтылуда белгілі бір міндеттер жиынтығына ие болатын маман.
Профессиограмма (латынның Professio - мамандық + Gramma - жазба) - кез-келген мамандықтың жүйелі белгілері, яғни белгілі бір мамандықтың талаптарына сәйкес келуі. Профессиограммада сол қызмет аумағындағы психологиялық белгілер мен тәртіп ерекшеліктері де кірістірілген. Профессиограмманың 70-жылдардың бас шенінде Ю.С. Алферов пен Е.Г. Осовский ұсынған мынадай құрамын қарастыруға болады:
1.Еңбек мазмұны;
2.Кәсіби іс-әрекеттің түрлерін сипаттау;
3.Білім, білік және дағдыларының көлемі;
4.Психофизиологиялық талаптар (белгілі бір еңбек функцияларын орындауға қабілеттілік пен икемділікті игеруге жол ашатын, дербес және жауаптылықпен әсер етуге мүмкіндік беретін психикалық ахуал);
5.Біліктілікті көтеру мүмкіндігі;
6.Еңбекке моральдық ынталандыру түрлерінің тізбесі, қызығушылығы;
7.Осы мамандыққа дайындайтын оқу орындары.
Дж. Равеннің тұжырымдамасы кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың ішкі және сыртқы шарттарын жасау, кәсіби маман тұлғасын тәрбиелеу мәселелерін қарастырады. Құзыреттіліктің жетекші компоненттерін анықтай отырып, ол адамның алдына қойған мақсатын орындауға көмектесетін қырыққа жуық сипаты мен икемділігін атайды.
Жоғары құзыреттілік өзін «меңгеруді» күтпейді. Педагогтің құзыреттілігі туралы әр кезеңде әртүрлі авторлар еңбектерінде түрлі пікірлер кездеседі. Соларға сүйене отырып, мұның өзі жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің деңгейі, педагогикалық іс-әрекеттегі теориялық және практикалық дайындығы мен тәжірибесінің тоғысуы, сол сияқты педагогқа қажетті көптеген сапалардың болуы бұл өте күрделі сан-салалы мәселе деп тұжырымдауға болады.

2.5. Білім беруде педагогтың құзырлығы мен тұлғалық сапалары

Еуропада, Ұлыбританияда, АҚШ-та кеңінен таралған education термині (образование дегенді білдіреді) «образ» деген түбірі жоқ, алайда білім беру процесіне қатысушылардың өзара әрекеттесуінің барлық аспектілерін қамтып, мазмұны бойынша кең ұғым болып табылады. Сол себепті білім беру оның мәдени сәйкестілігіне байланысты қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарын интернационалдандыру ретінде оқыту мен тәрбие беруді өзара қосады. Сонымен бірге, оқыту мен тәрбие берудің өзара байланысы бұл процесте ажыратылмайды. «Тәрбие беру де, білім беру де ажыратылмайды, - деп Л.Н. Толстой ерекше атап өткен. Білім бермей тәрбие беруге болмайды, ал кез-келген білімнің тәрбиелеуші әсері бар». Бұл ойды ХҮІІІ ғ. аяғында И.И. Бец ерекше атап өткен. Соған сәйкес, білім беру шын мәнінде сырттан басқарылатын өзін-өзі оқыту болып табылып, яғни мәдениет бейнесі және оны ұдайы өндіру бойынша «МЕН» бейнесін жасау үш өзара байланысты тұрғыдан алынады: білім беру жүйесі; «қазіргі заманда жастарға білім беру» немесе нақты адамға білім беру, оның біліктілігін назарға ала отырып, осы процестің жеке немесе ұжымдық нәтижесі ретінде қарастырылады.

Білім беру нәтижесі екі тұрғыдан қарастырылады. Біріншісі - бұл нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын және білім беру стандарты формасында тіркелетін нәтиженің бейнесі. Қазіргі замандағы білім беру стандарттары оқытудың белгілі бір курсын өту үстіндегі адамның тұлғалық сапасына, оның білімі мен икемділігіне қойылатын талаптарды қамтиды. Стандарттың мазмұны, әлеуметтік мәдени тәжірибенің идеалды формада сақталатынына әлбетте қол жететін көрнісі екені мәлім.

Екінші тұрғыдан білім берудің нәтижесі бұл белгілі бір білім беруші жүйеде оқытудан өткен адамның өзі. Интеллектуалды, тұлғалық, мінез-құлықтық қасиеттерінің қалыптасқан жиынтығы ретіндегі оның тәжірибесі оған кез-келген жағдайда адекватты әрекет жасауға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыдан білім берудің нәтижесі білімділік болып табылады, ол жалпы және кәсіптік-мазмұнды бола алады. Осылайша, мектеп түлектерінің жалпы білімділігін қалыптастырады. Кез-келген жоғары оқу орнының түлегі осы негізде арнайы кәсіптік білімімен сипатталады. Адамды білімді ететін терең және жүйелі білім беру өмір ағымының ауыспалы кезеңдерінде сенімділік, бәсекеге қабілеттілік және өзінің ар-намыс сезімінің негіздерін салады.

Педагог іс-әрекеті білім саласында кәсіби міндеттерді шешуге бағдарланады. Шешім мақсатты айқындаудан, іс-әрекет мотивіне түрткі болудан басталады. Мақсаттылық - іс-әрекеттің алғашқы кезеңі, екінші кезең іс-әрекет бағдарламасын жоспарлау, жобалау. Іс-әрекет бағдарламасын құру үшін, қандай әрекеттер және қандай оқыту процесінің афференттік синтезінен өткізу қажет. Нәтижесінде әрекет бағдарламасы - педагог іс-әрекетінің моделі пайда болады. Іс-әрекетін бағдарлау педагогтың интеллектуалдық қабілетіне байланысты, қандай білім мен іскерліктерді игерген, педагогтың кәсіби міндеттерін эвристикалық жолмен шеше алуы, оқыту технологияларын қаншалықты меңгергендігіне байланысты айқындалады. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог құзыреттілігінен шешіледі.

Құзырет - өкілетті қызмет адамы, сол салада оның сәйкес білімі, танымы болуы қажет және жауапты шешімдерді қабылдауға құқылы.

Құзыреттілік - жұмыскердің өз білімі, біліктілігі және дағдылары негізінде нақты кәсіп аясында жоғары сапалы және мөлшерлік еңбек нәтижелеріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу қабілеті.

Біліктілік - адамның қандай да бір кәсіби- еңбек қызметін орындауға деген дайындық деңгейі немесе біліктілік - кәсіпті меңгеру деңгейі. Біліктілік мінездемесі - қандай да бір біліктілік деңгейі бар нақты бір кәсіп маманы оны игеруге қажет білім, білік және дағдыларға қойылған талаптар тізімі белгіленген мемлекеттік құжат.

Кәсіби оқытушы педагогының құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Мұғалім, Педагог мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Педагогтың іс-әрекеті көбінде оның кәсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, оқушылардың (студенттердің) психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада - педагог өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды және оқушыларға (студенттерге) өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды.

Кәсіби оқытушы педагогтың іскерлігінің негізгі бағыты болашақ мамандардың кәсіби білімін (теориялық және тәжірибелік) жетілдіру болып табылады. Кәсіби білім педагогы педагогикалық іскерлікке даярлықтан басқа кәсіби оқыту мекемесінде кадрларды дайындауға арналған халық шаруашылығының маманы болып табылады.

Кәсіби оқыту педагогының кәсіби іскерлігінің мазмұны оның еңбегінің педагогикалық және инженерлік интегралмен анықталады.

Оқушылардың кәсіби дайындығының мақсаты - ғылыми-педагогикалық тапсырмаларды орындауға және кәсіби оқыту педагогы мен еңбек технологиялары мұғалімінің кәсіптік қызметінің қажетті функциялары мен түрлерін орындауға бейім маманды қалыптастыру болып табылады. маман оқыту үрдісінің білім беру саласы, мәні, мағынасы және құрылымы туралы білім жүйесін білуі керек.Сондықтан осы бағытта педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық көрсетілуімен тұлғалық сапалары қарастырылады.

Алғаш рет педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық көрсетуге әрекет жасаушының бірі П.Ф. Каптерев деп санауға болады. Ол объективті және субъективті қасиеттерді, факторларды бөліп, олардың жоғарыдан төмен дамуын (иерархиясын) ұйғарды (Кесте 1). Жалпы алғанда, келесі түрде көрсетілуі мүмкін:

Кесте 1-Педагогтың жалпықасиеттері

Арнайы

Объективтік (мұғалімнің ғылыми дайындығы)

Субъективтік (жеке мұғалімдік талант)

Тұлғалық

(адамгершілік - еріктік қасиеттер)

Н.В. Кузьмина бойынша, субъектілік факторлар құрылымы: табиғаттылық типін, қабілеттер деңгейі мен құзырлықты қамтиды, оларға арнайы-педагогикалық, әдістемелік, әлеуметтік-психологиялық, диференциалды-психологиялық, аутопсихологиялық құзырлық жатады. Осы факторлық құрылымның үш негізгі құрастырушысы айқын: тұлғалық, даралық (немесе даралық-педагогикалық) және кәсіби-педагогикалық. А.К. Маркова бойынша, субъектілік қасиеттер құрылымы келесі сипаттама блоктарымен көрсетілуі мүмкін:

Кесте 2 - Субъектілік қасиеттер құрылымы

Объективтік сипаттамалар

Кәсіби, психологиялық, педагогикалық білімдер

Кәсіби іскерліктер

Субъективтік сипаттамалар

Кәсіби психологиялық позициялар, ұстанымдар

Тұлғалық ерекшеліктер

Н.В.Кузьмина ұсынған, осы құрылымды педагогтың субъективтік қасиеттер құрылымымен салыстырудан көрініп отырғандай, онда қабілеттер блогы арнайы бөлінбеген және құзырлылық түсінігінің өзі біршама бөлек түсіндіріледі.

Мысалға, егер Н.В. Кузьмина тұжырымдамасында құзырлылық педагогикалық кәсіби іс-әрекеттің басқа факторларымен қатар қойылған фактор болса, онда А.К. Маркованың тұжырымдамасында кәсіби құзырлылық тектік түсінік болып табылады. Ол іс-әрекетте көрінетін және оның тиімділігін қамтамасыз ететін барлық факторларды қамтиды.

А.К. Маркова бойынша, «педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық қарым-қатынас жеткілікті жоғары деңгейде іске асырылатын, мұғалім тұлғасы жүзеге асырылатын, мұнда мектеп оқушыларының оқуылуы мен тәрбиеленуінің жақсы нәтижелеріне жететін, педагог еңбегі (осы жақтар кәсіби құзырлылықтың бес блогын құрайды)» кәсіби құзырлы.

Осы келістің үлкен жетістігі, кәсіби құзырлылықтың барлық сипаттамалары мұғалім еңбегінің үш жақтарымен ара қатынаста болуы: оның технологиясымен - өзіндік педагогикалық іс-әрекетпен, педагогикалық қарым-қатынас және мұғалім тұлғасымен. Бұл А.К.Маркова бойынша, біріншіден, педагогикалық еңбек субъекті, мұғалімнің өзін, көрнекі елестетуге мүмкінді береді:


МҰҒАЛІМ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕҢБЕК СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

Құзыреттілік – болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды сапасы

Құзыреттілік – болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды сапасыҚұзыреттілік – болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды сапасы

Мұғалім тұлғасы

Мұғалім педагогикалық Мұғалім педагогикалық қарым-

іс-әрекет субъектісі ретінде қатынас субъектісі ретінде

Екіншіден, ұсынылған түсініктеме іс-әрекет пен қарым-қатынасты кейбір шектеулермен педагогикалық субъектілік қасиеттерді, оларды модульді көрсету көмегімен қарастыруды операционалдандыруға мүмкіндік береді (кестені қараңыз).

Кесте 3- Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы модулі (А.К.Маркова бойынша)

Мұғалім еңбегінің жақтары

Еңбектің әрбір жағы үшін психологиялық модуль

Мұғалім еңбегі үшін объективті қажеттілер

Мұғалім еңбегінің психологиялық сипаттамасы

Кәсіби білімдер

Кәсіби-педагогикалық іскерліктер

Кәсіби ұстанымдар

Кәсіби-психо-логиялық ерекшеліктер

(сапалар)

Еңбек процесі

Мұғалімнің педа-гогикалық іс-әрекеті


Мұғалімнің педагогикалық іскерліктері


Мұғалім тұлғасы


Еңбек нәтижесі

Мектеп оқушыларының білімділігі


Мектеп оқушыларының тәрбиелілігі


Үшіншіден, А.К.Маркованың кәсіби құзырлылықты, оның өзіндік іс-әрекеттік компоненті - іскерліктерді түсіндіру келісі, авторға іскерліктердің он бір тобын бөліп қана қоймай, сондай-ақ оларды мұғалім еңбегінің барлық жақтары үшін «жарып өткіш» қылуға мүмкіндік берді.

А.К. Маркова көрсеткендей, «кәсіп - бұл адам белгілі бір білім мен дағдыны меңгеруін және оған сәйкес қабілеттер мен кәсіби маңызды қасиеттер болуын қамтамасыз ету үшін қоғамға қажетті іс-әрекеттің тарихи пайда болу формасы деген»

Л.М. Митина өңдеп, дамытып отырған, «іс-әрекет- қарым-қатынас - тұлға» схемасының контексіндегі мұғалім тұлғасының моделі бес кәсіби маңызды сапаларға бөлінеді, олар педагогикалық қабілеттердің екі тобын айқындайды

Кесте 4 -Мұғалім тұлғасының моделі

ЖОРАМАЛДАУШЫ- ГНОСТИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕР

Педагогикалық мақсатты ұйғару

Педагогикалық ойлау

РЕФЛЕКСИВТІ-ПЕРЦЕПТИВТІ ҚАБІЛЕТТЕР

Педагогикалық рефлексия

Педагогикалық әдеп

Педагогикалық бағыттылық

Өзіне назар аудартатын жағдай, біріншіден, қабілеттердің өздері де тікелей іс-әрекет тиімділігін анықтаушы субъектілік факторлар ретінде бола алмайды, екіншіден, бағыттылық басқа да тұлғалық сапалармен қатар қойылған.

П.Ф. Каптерев көрсеткендей, педагогикалық іс-әрекеттің табысты болуының маңызды факторларының бірі мұғалімнің «тұлғалық сапалары» болып табылады. Мақсатқа ұмтылу, табандылық, еңбек сүйгіштік, қарапайымдылық, бақылампаздық сияқты сапалардың міндетті болуы аталынып өтіледі. Әсіресе, эмпатияға әзір болу маңызды, яғни оқушылардың психикалық күйлерін түсінуге, көңіл-күйге ортақтасуға әзір болу және әлеуметтік өзара әрекеттесуге қажеттілік маңызды.

Сондықтан, кәсіптік парыздылықты меңгерген педагог қана оқушылардың психикалық күйлерін жете түсініп, жәрдем көрсете алады. Осыған байланысты зерттеушілер тарапынан педагогикалық деонтологияға үлкен мән беріледі, оның көрінісінен мұғалімнің жалпы мәдениеті мен іс-әрекетінен жоғары кәсіпқойлығы байқалады.

Сонымен, деонтология сөзі грек тілінде Deon, deontos - парыз, парыздылық және logos - ілім, сөз деген ұғымды білдіреді. Деонтология - парыз бен парыздылықты қарастыратын этикалық теорияның тарауы. Бұл терминді Бентам (1834) адамгершілік теориясын тұтас ілім ретінде көрсету үшін енгізген. Педагогикалық деонтология - ұстаздық парыз туралы ғылым. Бұл ұстаздың іс-әрекетінің саналы, адамгершілік компоненті болып табылады.

Біздің пайымдауымыз бойынша мұғалімге қойылатын барлық деонтологиялық талаптар төмендегідей 4 негізгі ұстанымдар аясына саяды.

  1. Оқушының (тәрбиеленушінің) ден саулығына, жан саулығына зиян келтірмей әсер ету;

  2. Барлық жүріс-тұрысымен, ой-өріс, іс-әрекеттерімен (әрекеттестікте, мәліметтеу, насихаттау т. с . с.) осы ұстанымның кең тарауына және оқушы санасына өзіндік бақылау дағдыларын қалыптастыруына жол ашу, қарайласу, соған себепкер болу:

  3. Оқушының табиғатына үйлесімді дамуына жәрдемдесу;

  4. Бүкіл жан дүниесімен, сана-сезімімен осы ұстанымдарды бұзуына зиян келтіретін салдарды жоюға ынталану.

Яғни, педагогикалық деонтология ғылымы бойынша ұстаздық әсердің ең негізгі мақсаттары: оқушының ден саулығын, жан саулығын сақтауды, нығайтуды көздей отырып, оқушы тұлғасының табиғатына сай дамуына жағдай жасау

Қорыта келгенде, кәсіби оқытушы педагог үшін ең маңыздысы оқушының (студенттің) іс-әрекеттерін, тұлғалық өзін-өзі ұйымдастыруын, басқара алуы және қоғамда болып жатқан жағдайды дұрыс түсіне біліп, сол бағытқа сәйкес қызмет ету.

Кәсіби оқытушы педагогтың міндеті - оқушыны (студентті) өз бетімен білім алуға бағыттау, тұлғалық қасеттерін өз бетінше дамытуына жағдай жасап, көмек көрсету.










III.ҚОРЫТЫНДЫ

Еліміздің саяси,экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай білім беру ұйымдарының үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері,бәсекеге қабілетті, кең ауқымды,жан-жақты дамыған маман дайындауға ұмтылуы, өзінің бүкіл қызметін осы бағытта құруы заңды құбылыс, себебі қоғам өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипатының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылауына байланысты өз ісін жетік білетін,кәсіби білімі мол мамандарды қажет етеді.
Соңғы жылдары болашақ мамандардың құзыреттілігі туралы пікірлер кәсіби маман даярлау мәселелері жайлы көптеген пікірлер айтылып жүр.Соларға сүйене отырып,мұның өзі болашақ мамандарды қаршаған дүниені,табиғатты,қоғамдық өмірдің құбылыстарын тану,әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін пайымдау,талдау,маңыздысын ажырата білуге,адамдармен қарым-қатынастағы жоғары мәдениеттілікке үйренуге мүмкіндік береді.
Еліміздің болашақта көркейіп,бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатынына тікелей байланысты.ел президенті Н.Назарбаев Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде оқыған «Инновациялар мен оқу - білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты лекциясында: «соңғы 10-15 жыл бойында бәсекеге қабілеттіліктің жаңа өлшемі пайда болды: салмақ жаһандық экономикалық жаңа сапаға- «білім экономикасына» өтуіне түсіріледі»,- деген болатын. Олай болса,республика оқу орындарының алдында жан-жақты дамыған,саяси сауатты,терең теориялық біліммен қаруланған,адамдармен қарым-қатынас мәдениетін меңгерген маман дайындау міндеті тұр.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде «... терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілді.

Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Осы жоғары құндылық сапасын көтерудің басты шарты - педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады.

Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттікке қарай толықтырып отыруды талап етеді.




ІV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Жүсіпова Ж.А . Педагогикалық шеберлік. Алматы, 2011

  2. Байжуманова Н. С. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі // Білім әлемінде. - 2008. - № 5. - С. 33-36.

  3. Нұрғазиева Н. М. Шығармашылық әрекеттегі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің аспектілері // Бастауыш мектеп. - 2010. - №11. - С. 58-60

  4. Құдайбергенова К.А.. Құзырлылық - тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми - практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б.

  5. Устемиров К. Шаметов Н.Р. Васильев И.Б. Профессиональная педагогика. Алматы 2005.- 432 с.

  6. Зимняя И.А. Педагогикалық психология:/ Орыс тілінен аударған М.А. Құсаинова. М.: Логос; Алматы: ТST-company, 2005. - 368 б.

  7. Қ.М. Нағымжанова. Оқыту технологияларын таңдау және мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениеті. Ж.К. Аубакирова. Педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық-педагогикалық негіздері. // «С. Аманжолов оқулары - 2005» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Өскемен 2005. - 538 б.

  8. Митина Л.М. Учитель как личность и профессионал.-М., 1994

  9. Ғ.М.Кертаева. «Рахат» мектебі: жаңа ғасырға - жаңа мектеп. Павлодар, 2005. - 297 б.

  10. Ақпараттық телекоммуникациялық оқыту технологияларын пайдалану ерекшеліктері // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. - 2005. - №4. - Б.182-189.

  11. Оқыту теориясынан дәрістер. - Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі. - №345, 27.10.2005 ж.

  12. Білікті маман даярлау - басты мақсат // Бастауыш мектеп. - 2006. - №7. - Б.11-13.

  13. Педагогика пәнінен білім беру мазмұнын жаңарту мәселелері // Оралдың ғылым жаршысы. - 2007. - №4 (5). - Б.35-41.





14


© 2010-2022