Компьютер құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері

Сабақтың тақырыбы:  Компьютер құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға компьютердің құрылғыларының негізгі міндетімен мүмкіндіктерін түсіндіру, айырмашылығын айту. Кез келген құрылғыларды пайдалана білуге үйрету.                                   2. Жан-жақты ойлау қабілетін дамыту.                                   3. Білімділікке, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: ашық сабақ Сабақтың көрнекілігі: компьютер, оқулық, тақта, тест Сабақтың әдісі: практикалық Сабақтың пән аралық байланыс: әдебиет, геометрия Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Компьютер құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға компьютердің құрылғыларының негізгі міндетімен мүмкіндіктерін түсіндіру, айырмашылығын айту. Кез келген құрылғыларды пайдалана білуге үйрету.

2. Жан-жақты ойлау қабілетін дамыту.

3. Білімділікке, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, оқулық, тақта, тест

Сабақтың әдісі: практикалық

Сабақтың пән аралық байланыс: әдебиет, геометрия

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып сыныпты түгендеп, сабағымды бастаймын.

  1. Үй жұмысын сұрау.

Компьютердің ақпараттық қамтамасыз етуі, жады.

  1. Өткенді қайталау

  1. Компьютердің қандай зияны бар.

  2. Компьютердің жады дегеніміз не?

  3. Ақпарат компьютерге қандай түрде беріледі.

  4. Ақпарат сөзі қай тілден алынған.

4.Жаңа сабақ

Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал - компьютер деп аталады.

Процессор (немесе микорпроцессор) - бұл компьютердің негізгі бөлігі, ол - компьютердің «миы». Процессор толықтай компьютердің жұмысын басқарады және программадағы барлық командаларды орындайды.

Монитор - компьютердің мониторы (дисплейі) - бұл мәтіндік және графикалық ақпаратты компьютер экранына шығаратын құрылғы.

Құрылысы бойынша олар былай бөлінеді.

  1. Электронды- сәулелік мониторлар - электрондық сәулелік түтікшелерден тұрады. Олар теледидар сияқты жұмыс істейді. Бейнелеу сапасы жоғары, олар арзан және сенімді. Кемшіліктері: басқа дисплейлерге қарағанда тым үлкен, көп энергия жұмсайды, сәуле шығару деңгейі аса жоғары.

  2. Сұйықкристалды мониторлар. СК- мониторлардың артықшылығы: пайдаланушы денсаулығы үшін қауіпті сәулелерді таратпайды, энергияны тұтынуда аса үнемді болып келеді, бейнелеудің жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Кемшіліктері: едәуір қымбат, экранға қырыннан қарайтын болсақ, ештеңе көрінбейді.

Принтер - ақпаратты қағазға шығаруға арналған құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды басып шығара аламыз.

Принтердің 3 түрі бар. Матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік принтерлер.

Компьютерлер ақпаратты енгізудің тағы бір құрылғысы болып табылатын «Тышқан» манипуляторымен жабдықталған. Кейбір әдебиеттерде оны «тінтуір» депте атап жүр.

«Тышқан » манипуляторы тышқан деп бекер аталмаған. Ол сүр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған ұзын, иілгіш сымы бар пласмассадан жасалған қорап. Алақанға ыңғайлы, өзінің сыртқы түрімен және үстел бетінде қозғалысымен шынында да тышқанды көз алдыңа елестетеді.

Тышқандар механикалық және оптикалық болып екіге бөлінеді.

Пернетақта - компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне болады. Пернелер бірнеше блоққа бөлінеді.

Символдық пернелер, функцияналдық пернелер, нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернелері, цифрлық.

  1. немесе енгізу пернесі. Бұл - ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің, операцияның аяқталғанын, компьютер енді бұл әрекеттерді өңдеуі керек екенін көрсетеді.Команда символдық пернелердің көмегімен енгізіледі, ол алдымен пернетақтаның жадында сақталады да, компьютерге сендер пернесін басқаннан кейін жетеді.

  2. Бос орын (пробел) пернесі. Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір-бірінен ажыратып жазу үшін қолданылады.

  3. Перне пернесі. Бұл перне алдыңғы символды өшіру үшін қолданылады (қатені түзету үшін).

  4. пернесі. Бұл кіші әріптерді баспа (үлкен ) әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылады.

  5. пернесі. Егер бұл пернені бір рет басса, бас (үлкен) әріптер енгізіледі.

  6. пернесі. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді (символ дисплейден және машина жадынан өшіріледі )

Сканер - қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, монитор экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті сканерлеуге болады. Суретті сканерлеп алғаннан кейін, оны графикалық программаларда өңдеуге (үлкейтуге, кішірейтуге, қайта бояуға және т.б.) болады. Сканер бейнені машина кодына ауыстырып компьютердің жадына жазады.

Практикалық жұмыс. Деңгейлік тапсырма. 1. А - 3,2. В - 4, 3. С - 5

  1. Paint программасын іске қосыңыз

  2. Математикалық кез- келген бір неше бұрыш салыңдар

  3. Қ. Амажоловтың Туған жер өлеңінен 1 шумақ өлең

Шықшы тауға, қарашы, кең далаға,

Мәз боласын ұқсайсың жас балаға.

Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең

Шаршайсың ба, құмарың, бір қанама? деген өлеңді жазыңдар

Сабақты қорытындылау: Тест

  1. Компьютердің миын атаңдар

А. Процессор Б. Монитор С. Принтер

2. Пернатақтаның қызметі неше түрге бөлінеді

А. 3 Б. 4 С. 5

3. Принтер неше түрге бөлінеді

А. 2 Б. 4 С. 3

4. Сканердың қызметі қандай?

А. Баспаға шығару үшін Б. Суреттер салу үшін

С. Суреттерді өңдеу, баспаға енгізу

5. Монитор неше түрге бөлінеді

А. 3 Б. 4 С. 2

Венн диаграммасы

Міндеттері мүмкіндігі

Барлық құралғыны іске қосу

Сканерлеу

Пернетақта

Тышқан

монитор

Ақпаратты жүзеге асыру

Суретті үлкейту, мәтінді өңдеу

Ақпаратты компьютерге енгізу

Файылдарды ашу, жұмыс істе т.б.




Үйге тапсырма: 8

Бағалау: Сабақ айтқан, белсенді қатысқан, компьютерде жұмыс істеген оқушыларды бағалаймын.




«Үстірт орта мектебі» ММ


Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: «MS Excel- мен танысу»





Өткізген: Бесімбаева С.

Сыныбы: 8 «б»











Практикалық жұмыс.

Деңгейлік тапсырма. 1.А - 3, 2.В - 4, 3.С - 5


  1. Paint программасын іске қосыңыз


  1. Paint программасында геометриялық 5 бұрыш салыңдар


  1. Қ.Амажоловтың Туған жер өлеңінен 1шумақ өлең

Шықшы тауға, қарашы, кең далаға,

Мәз боласын ұқсайсың жас балаға.

Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең

Шаршайсың ба, құмарың, бір қанама?

деген өлеңді жазыңдар





Тест

  1. Компьютердің миын атаңдар

А. Процессор Б. Монитор С. Принтер

2. Пернатақтаның қызметі неше түрге бөлінеді

А. 3 Б. 4 С. 5

3. Принтер неше түрге бөлінеді

А. 2 Б. 4 С. 3

4. Сканердың қызметі қандай?

А. Баспаға шығару үшін Б. Суреттер салу үшін

С. Суреттерді өңдеу, баспаға енгізу

5. Монитор неше түрге бөлінеді

А. 3 Б. 4 С. 2


Тест

  1. Компьютердің миын атаңдар

А. Процессор Б. Монитор С. Принтер

2. Пернатақтаның қызметі неше түрге бөлінеді

А. 3 Б. 4 С. 5

3. Принтер неше түрге бөлінеді

А. 2 Б. 4 С. 3

4. Сканердың қызметі қандай?

А. Баспаға шығару үшін Б. Суреттер салу үшін

С. Суреттерді өңдеу, баспаға енгізу

5. Монитор неше түрге бөлінеді

А. 3 Б. 4 С. 2


© 2010-2022