Программа құрылымы. Негізгі элементтері

Білімділік – Паскаль тілінің программа құрылымы мен негізгі элементтерімен таныстыру.Дамытушылық – Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмеккөрсете білу қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.
Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары: 6 «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 9

Сабақтың тақырыбы: Программа құрылымы. Негізгі элементтері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Паскаль тілінің программа құрылымы мен негізгі элементтерімен таныстыру.

Дамытушылық - Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек

көрсете білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік - оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: көрсете отырып түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: ДК, дәптерлер, оқулықтар, презентация (пректорда көрсетіледі), интерактивті тақта.

Барысы:
1.Ұйымдастыру
-Сәлеметсіздер ме балалар. Отырыңыздар.
-Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар тест орындайды.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Паскаль тілінің программасы 3 бөліктен тұрады: тақырып жолы, сипаттау бөлімі, операторлар бөлімі.

Program esep;

Begin

Операторлар бөлімі

End.

Мысалы:

2 бүтін санның қосындысын табудың программа құрылымы мынадай болады.

Математикалық түрдегі моделі

2 бүтін сан берілген. Олар: х, у.

2 бүтін санды қосып, нәтижесін z меншіктейміз.

Нәтижені экранға шығарамыз.

Паскаль тілінде жазылуы

Program esep1;

Var x, y,z:integer;

Begin

Write ('Eki butin sandi engiz');

Read (x, y);

Z:=x+y;

Write ('kosindi'=,z);

End.

Бұл жерде кез-келген программа Program сөзінен басталады. Одан кейін есептің мазмұнына қарай сипаттау бөлімі беріледі. Программадағы операторлар бөлімі жазылатын бөлікті Begin және End сөздерімен берілетін операторлық жақша қоршап отырады.Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады. Операторлар бөлімінде мынадай негізгі әрекеттер қарастырылады:

  1. Деректер

  2. Дерек енгізу

  3. Операциялар, амалдар

  4. Нәтиже шығару

  5. Шартты түрде атқарылуы

  6. Цикл

  7. Көмекші программа

  8. Түсініктеме

Паскаль тілінде программа жеке-жеке жолдармен жазылады. Программадағы азат жол, бос орын саны өз қалауымызша болады. Бір қатарға бірнеше команда бір-бірінен нүктелі үтір арқылы ажыратылып жазылады.

ІІІ. Компьютерде тәжірибелік жұмыс

71-беттегі тапсырманы орындау

IV. Бекіту.
Бақылау сұрақтарына жауап беру

V.Бағалау

Оқушыларды бағалау

VІ.Үй жұмысы

2.5-2.8- тақырыптарды оқу, мазмұндау.



© 2010-2022