• Преподавателю
  • Информатика
  • Ашык сабак Объектілермен жұмыс: қапшықты, файл мен таңбашаны жылжыту және көшіру. Объектінің атын өзгерту. Корзина. Объектілерді жою және қалпына келтіру

Ашык сабак Объектілермен жұмыс: қапшықты, файл мен таңбашаны жылжыту және көшіру. Объектінің атын өзгерту. Корзина. Объектілерді жою және қалпына келтіру

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашык сабак Объектілермен жұмыс: қапшықты, файл мен таңбашаны жылжыту және көшіру. Объектінің атын өзгерту. Корзина. Объектілерді жою және қалпына келтіру.Ашык сабак Объектілермен жұмыс: қапшықты, файл мен таңбашаны жылжыту және көшіру. Объектінің атын өзгерту. Корзина. Объектілерді жою және қалпына келтіру.Өтетін сыныбы: 7 «б»сыныбы

Сабақтың тақырыбы: Объектілермен жұмыс: қапшықты, файл мен таңбашаны жылжыту және көшіру. Объектінің атын өзгерту. Корзина. Объектілерді жою және қалпына келтіру.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Объектілер, объектілерге жасалатын әрекеттер туралы мағұлмат беру ; объектілердің атын өзгерту, оларды жою мен қалпына келтіру ережелерімен таныстыру.

дамытушылық: объектілерге жасалатын әрекеттерді ДК-де орындау арқылы оқушы қабілетін дамыта түсу;

тәрбиелік: ұқыптылыққа, әдептілікке, қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: практикалық жұмыс элементі бар, баяндап-көрсету.

Сабақ көрнекілігі: флипчарттар, слайд, таратпа материалдар, практикалық жұмысқа нұсқау

Сабақтың құрал-жабдықтары: компьютер, интерактивті тақта

Сабақтың жүру барысы:

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

1.Windows объектілері қандай?

Негізгі

Арнайы

  1. Қапшықтар

  2. Программалар

  3. Құжаттар

  4. таңбашалар


  1. бас меню

  2. басқару тақтасы

  3. менің компьютерім

  4. корзина

  • Файл дегеніміз не? Толық сипаттама бер.

Файл- аты бар бірқатар байттар тізбегі.Файл не бағдарлама не құжат болуы мүмкін.Windows-та бағдарламалардың басқа атауы -қолданба да қолданылады.

  • Файлдар атауы неше бөліктен тұрады.Атау не үшін керек?

Әр файлдың аты болады.Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1-255 символға дейін болады.

Файлдың аты

Типі

Аты

Сол оң жақ бөлігі

жақ бөлігі

Файлдар атауын адамның атымен салыстыруға бола ма?

Адамның толық аты-жөні, атынан және тегінен тұрады. Адам аты оын басқа адамдардан айыру үшін қажет.

Адамға атты ата-анасы өздерінің қалауы бойынша қояды. Тегі оның қандай жанұядан екенін білдіреді және оған автоматты түрде беріледі.

Файлдардың аттары да шамамен солай құрылған. Сол жақ бөлігі оны басқа файлдардан ажыратуға арналған пайдаланушы оны өзі таңдайды. Ал оң жақ бөлігі бұл файл қандай қолданбада программада құрылғандығын көрсетеді және файлға автоматты түрде беріледі.

  • Қапшық папка дегеніміз не?

  • Қапшықтар-бұл қандай да бір белгісі бойынша файлдарды бірлестіру, мысалы тақырыптық белгісі бойынша: бір ғана ойынға немесе редакторға жататын файлдар. Басқа сөзбен айтқанда, қапшық-бұл аты аталған файлдар тобы.Windows 98- дің қапшықтары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде қапшықты кәдімгі ішіне қағаз беттерін- файлдарды салатын қапшықпен салыстыруға болады.Windows 98- дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар қапшықтарда сақталады. Қапшықтың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады.Ашык сабак Объектілермен жұмыс: қапшықты, файл мен таңбашаны жылжыту және көшіру. Объектінің атын өзгерту. Корзина. Объектілерді жою және қалпына келтіру.

  • Қапшықтың пиктограммасы болуы мүмкін. Қапшықтарда таңбашалар, файлдар және басқа қапшықтар да болуы мүмкін. Қапшық бос болуы да мүмкін. Қапшықта аты бірдей объектілер болмауы керек. Қапшықтың ішіндегісін қарап шығу үшін, маустың батырмасын онда екі рет басу жеткілікті.

  • Қапшықтар екі түрлі болады:

  • -кәдімгі қапшық-каталогтар;

  • - арнайы қапшықтар (Менін компьютерім, принтерлер және т.б.)


  • Таңбаша дегеніміз не? Ашык сабак Объектілермен жұмыс: қапшықты, файл мен таңбашаны жылжыту және көшіру. Объектінің атын өзгерту. Корзина. Объектілерді жою және қалпына келтіру.

Танбаша- бұл бағдарламаларды іске қосу немесе файлды ашу қасиеті бар белгіше « пиктограмма»,

Танбаша жеке бір обьект емес,ол файлға сілтеме ғана.Сондықтан оны жойғанда файлдар жойылмайды.Танбашада мауспен екі рет шерту,файлға немесе қапшықтың белгішесіне екі рет шерту әсерімен бірдей.

Қапшық белгісінен айырмашылығы -оның сол жақ төменгі бұрышында иілген бағдаршасы болады.

Негізгі қызметі-объектілерге әр жерден қатынауды өамтамасыз етеді

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Объектілермен жұмыс.

  • Қапшықтарды, файлдарды, белгілерді көшіру және жылжыту

  • Қапшықтардың, файлдардың және белгілердің аттарын өзгерту

  • Қапшықтарды, файлдарды, белгілерді жылжыту және көшіру операцияларын болдырмау

  • . Қапшықтарды, файлдарды және белгілерді жою

  • Жойылған қапшықтарды, файлдарды және белгілерді қалпына келтіру

  • Себетті тазалау



  • Жаңа түсініктер:

Қапшықтарды, файлдар мен таңбашаларды жылжыту мен көшіру

Windows объектілерімен жұмыс істегенде, оларды көшіру немесе бір орыннан екінші орынға жылжыту қажет болады.

Объектілерді көшіргенде, объект бұрынғы орында қалады, ал көшірмесі жаңа орынға орналастырады. Қанша көшірмеқажет болса, сонша алуға болады. Объектіні жылжытқанда, ол жаңа орынға орналастырылады да, бұрынғы орыннан жоқ болып кетеді.

Объектілерд іжылжыту мен көшірудің бірнеше жолы бар. Соларды қарастырайық:

1. Тышқанның оң жақ батырмасының көмегімен.

Объектіні қапшықтың терезесінде жылжыту немесе көшіру үшін, тышқан нұсқағыш объектінің үстіне орналастырып, оның оң жақ батырмасын басып тұрып, жаңа орын жылжытады да, батырманы босатады. Бұдан кейін экранда динамикалық меню пайда болады . Онда келесі: егер көшіру қажет болса, Копировать, жылжыту қажет болса, Переместить, таңбаша қажет болса, Создать ярлык командаларының бірін таңдауға болады.

2. Тышқанның сол жақ батырмасының көмегімен.

Тышқанның сол жақ батырмасымен объектіні жылжытқанда, Ctrl немесе Shift пернелер қолдануға болады.

  1. Жылжыту кезінде Ctrl пернесі басулы тұрса, онда таңдалған объектілер файлдың типі және оның тағайындалған орнына қарамастан көшіріледі.

  2. Shift пернесі басулы болса, Windows объектіні жылжытады.

Объектілерді жабық қапшыққа көшіру және жылжыту

Объектілерді басқа қапшықтарға бұл қапшықтарды ашпай-ақ көшіруге немесе жылжытуға(ауыстыруға) болады. Ол үшін жабық қапшыққа орналастыратын файл белгішесін тышқанмен іліп алып, оны файлды орналастыратын қапшық белгішесіне тасымалдап, маустың батырмасын босату керек.

Меню командалары арқылы көшіру және жылжыту

Объектілерді жылжытуда ''апарып қою'' әдісі үнемі қолайлы бола бермейді. Сондықтан Правкаменюінің Көшіру (Копировать), Қию (Вырезать) деп аталатын командаларын пайдалануға болады. Бұл командаларды пайдаланғанда, ақпарат алдымен алмасу буферіне орналастырылады. Алмасу буферін пайдалану негізі Windows'98-дің барлық жүйелері мен қолданбалары үшін бірдей.

Алмасу буфері -жылжытылатын немесе көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі. Алмасу буферіндегі ақпарат оған жаңа ақпарат бөлігі келіп түскенше сақталады, ал содан кейін алдыңғы ақпарат жойылады.

Алмасу буферінің көмегімен деректерді әр түрлі құжаттар мен қолданбалардың арасында алмастырып отыруға болады. Алмасу буферін пайдалану үшін, алдымен деректерді оған орналастырып (сақтап) қояды да, содан кейін одан алып қажетті құжатқа кірістіреді. Бұл процедураны қиып алып кірістіру немесе көшіріп алып кірістіру процедурасы деп атайды.

Көшіру деп алғашқы құжаттағы белгіленген ақпараттың Алмасу буферіне осы деректердің көшірмесі түрінде орналастырылуын айтады.

Қиып алу деп алғашқы құжаттағы белгіленген ақпараттың берілген құжаттан алынып, алмасу буферіне орналастырылуын айтады.

Кірістіру деп қазіргі кезде алмасу буферінде бар ақпараттарды құжаттың қажетті жеріне кірістіруді айтады.

Алмасу буферіндегі ақпараттар компьютерді өшіргенше немесе онда басқа ақпараттар жіберілгенше сақталады. Алмасу буферіндегі ақпараттарды осы құжатқа, сондай-ақ Windows-тың басқа да қолданбаларына кірістіру үшін бірнеше рет қолдануға болады.

Копировать, Вырезать және Вставить командаларының орнына

пернетақтадан сәйкес мына пернелерді пайдаланса жеткілікті:

Ctrl + C, Ctrl + X, Ctrl + V

Қапшықтардың,файлдардың немесе таңбашалардың

аттарын өзгерту

Объектілердің аттарын өзгертудің бірнеше әдістері бар:

  1. Объектіні белгілеп тышқанның оң батырмасын басу, қосымша менюден Переименовать командасын орындау

  2. Белгіленген объектінің қапшық терезесінің менюдегі Файл - Переименовать командасын орындау

3. Объектіні делгілеп оның атында тышқанның батырмасын шерту, жаңа ат жазу

4. Объектіні белгілеп Ғ2 пернесін басу, жаңа ат жазу

Қапшықтарды, файлдар мен таңбашаларды жою

Объектіні немесе объектілер тобын жоюдың бірнеше жолы бар:

1.Объектіні белгілеп, Delete пернесін басу

2.Белгіленген объектіде тышқанның оң батырмасын басып, қосымша менюден Файл командасын басу

3. Белгіленген объектіде тышқанның оң батырмасын басып, қосымша менюден Файл - Удалитькомандасын басу

4.Объектіні немесе объектілер тобын белгілеп, тышқанның сол батырмасын басып тұру арқылыСебет (Корзина) белгішесіне апару

Өшірілген объектілер Себетте (Корзинада) оны жойғанша немесе қалпына келтіргенше сақталады. Себеттегі объектіні қалпына келтіру үшін, оны белгілеп Файл - Востановитькомандасын орындау керек немесе тышқанның оң батырмасын шертіп қосымша менюденВостановить командасын орындаймыз.

Себетті тазалау

  • Себетті ашу, файлдарды белгілеп Delete пернесін басу.

  • Себет белгішесінде тышқанның оң батырмасын шертіп, қосымша менюден Очистить корзину командасын орындау.

Электронды оқулықпен жұмыс

3модуль

2-тапсырма

А.дискідегі немесе басқа ақпарат тасымалдаушыдағы атауы бар аймақ файл

Ә.пайдаланушының сызбалық тілдесуінде бағдарламалар мен файлдарға арналған сауыт-бұл қалта

Б. Компьютердегі немесе желідегі қатынасуға болатын кез-келген элементке сілтеме лақап

4-тапсырма

1.қалта жасаудың дұрыс ретін көрсет

Файл-------- жаңа-----------қалта

7-тапсырма

Жаңа қалтаны жою

Себеттен қалпына келтіру

9-тапсырма

Жаңа қалтаны жылжыту

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Объектілерді көшіру мен жылжыту дегеніміз не?

  • Объектілерді көшірудің қандай жолдары бар?

  • Объектілерді жылжыту әрекеті қалай орындалады?

  • Алмасу буфері дегеніміз не?

  • Объектілерді жоюдың қандай жолдары бар?

Үйге тапсырма: Объектілермен жұмыс

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы

Үштөбе ауылы

«Өкпеті» орта мектебі

Информатика пәні мұғалімі Қошыманова Салтанат































Жұмысқа нұсқау

Жұмыстың мақсаты: файлдармен, таңбашалармен, корзинамен дұрыс жұмыс істеуге дағдылану.

№1-тапсырма Объектілерді көшіру

1. Тышқанның оң жақ батырмасының көмегімен.

Объектіні қапшықтың терезесінде жылжыту немесе көшіру үшін, тышқан нұсқағыш объектінің үстіне орналастырып, оның оң жақ батырмасын басып тұрып, жаңа орын жылжытады да, батырманы босатады. Бұдан кейін экранда жанама меню пайда болады . Онда келесі: егер көшіру қажет болса, Копировать------вставить,командасын таңдаймыз

  1. Тышқанның сол жақ батырмасының көмегімен

Менің құжаттарым терезесін ашып қоямыз. Тышқанның сол жақ батырмасымен қажетті объектіні жылжытқанда, Ctrl пернесін басып тұрып, тышқанның сол жақ батырмасын жібермей басыптұрып менің құжаттарым терезесіне апарамыз.

Объектілерд і жылжыту

Объектілерді жылжытқанда жаңа объект пайда болмайды, тек объекті орын өзгертеді.

  1. Алмасу буферінің көмегімен жылжыту

Тышқан нұсқағышын объектінің үстіне орналастырып оң жағын шертеміз жанама менюден вырезать (қиып алу) командасын орындаймыз. Менің құжаттарымды ашып тышқанның оң жағын шертіп вставить командасын орындаймыз.

  1. Тышқанның сол жақ батырмасымен жылжытқанда объектінің үстінен ұстап қажетті орынға жылжытамыз.

№2 -тапсырма

Қапшықтардың,файлдардың немесе таңбашалардың

аттарын өзгерту

Объектілердің аттарын өзгертудің бірнеше әдістері бар:

  1. Объектіні белгілеп тышқанның оң батырмасын басу, қосымша менюден Переименовать командасын орындау

  2. Белгіленген объектінің қапшық терезесінің менюдегі Файл - Переименовать командасын орындау

3. Объектіні белгілеп оның атында тышқанның батырмасын шерту, жаңа ат жазу

4. Объектіні белгілеп Ғ2 пернесін басу, жаңа ат жазу

Қапшықтарды, файлдар мен таңбашаларды жою

Объектіні немесе объектілер тобын жоюдың бірнеше жолы бар:

1.Объектіні белгілеп, Delete пернесін басу

2.Белгіленген объектіде тышқанның оң батырмасын басып, қосымша менюден Файл командасын басу

3. Белгіленген объектіде тышқанның оң батырмасын басып, қосымша менюден Файл - Удалитькомандасын басу

4.Объектіні немесе объектілер тобын белгілеп, тышқанның сол батырмасын басып тұру арқылыСебет (Корзина) белгішесіне апару

Өшірілген объектілер Себетте (Корзинада) оны жойғанша немесе қалпына келтіргенше сақталады. Себеттегі объектіні қалпына келтіру үшін, оны белгілеп Файл - Востановитькомандасын орындау керек немесе тышқанның оң батырмасын шертіп қосымша менюденВостановить командасын орындаймыз.

Тапсырма аяқталды













Оқушының аты-жөні ..............................................

7 «б»сыныбы

3-модуль объектілермен жұмыс

2-тапсырма

4-тапсырма

7-тапсырма

9-тапсырма

Дұрыс

Қате

Дұрыс

Қате

Дұрыс

Қате

Дұрыс

Қате



























Оқушының аты-жөні ..............................................

7 «б»сыныбы

3-модуль объектілермен жұмыс

2-тапсырма

4-тапсырма

7-тапсырма

9-тапсырма

Дұрыс

Қате

Дұрыс

Қате

Дұрыс

Қате

Дұрыс

Қате

























Оқушының аты-жөні ..............................................

7 «б»сыныбы

3-модуль объектілермен жұмыс

2-тапсырма

4-тапсырма

7-тапсырма

9-тапсырма

Дұрыс

Қате

Дұрыс

Қате

Дұрыс

Қате

Дұрыс

Қате

























Оқушының аты-жөні ..............................................

7 «б»сыныбы

3-модуль объектілермен жұмыс

2-тапсырма

4-тапсырма

7-тапсырма

9-тапсырма

Дұрыс

Қате

Дұрыс

Қате

Дұрыс

Қате

Дұрыс

Қате



























© 2010-2022