Мәтін үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу

"Описание материала: Макашова Лиза Амангельдиевна №217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Сынып: 5А, 5Ә, 5Б; Күні: 11.02.2014ж; 14.02.2014ж Пәні: Информатика Сабақтың тақырыбы: Мәтін үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу Сабақтың мақсаты: Бірлесе жұмыс жасау арқылы WordPad редакторының қосымша мүмкіндіктерімен танысу, сұрақ қою дағдыларын, Мұны естіген ешкі «Мен де салқындайын, әрі су ішейін» деп ойлап, секіріп апанға түседі. Ал, қу түлкі ешкінің мүйізіне...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Макашова Лиза Амангельдиевна

№217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектептің

информатика пәні мұғалімі

Сынып: 5А, 5Ә, 5Б;

Күні: 11.02.2014ж; 14.02.2014ж

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Мәтін үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу
Сабақтың мақсаты:
Бірлесе жұмыс жасау арқылы WordPad редакторының қосымша мүмкіндіктерімен танысу, сұрақ қою дағдыларын, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру; бағалау арқылы өз білім, деңгейін саралау; шығармашылыққа баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар бірлесе отырып, WordPad редакторының қосымша мүмкіндіктері туралы білім алады;
- Мәтін үзінділерімен, суреттермен жұмыс істей алады;
- сұрақ қою дағдысы қалыптасады;
- алмасу буферін пайдаланып, мәтін бөлігін көшіре алады, қия алады;
- шығармашылығы артады.
Сабақтың түрі: практикум элементтері бар түсіндірмелі сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайдтар топтамасы, интерактивті тақта

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. WordPad мәтіндік редакторы не үшін арналған?
2. WordPad редакторын іске қосу үшін қандай әрекеттер тізбегін орындау керек?
3. Пішімдеу туралы не білесіздер?
ІІІ. Жаңа сабақ:

Мәтіннің ерекшеленген бөлігін 2 тәсілмен жылжытуға болады:

  • Тышқанмен сүйреу (сілтемесі);

  • Алмасу буферін қолдану: мәтін бөлігін ерекшелеп, оны алмасу буферіне қиып алу

Көшіру амалы жылжытуға өте ұқсас:

  • Ерекшеленген бөлікті тышқанмен Ctrl пернесін баса отырып жылжытамыз;

  • Немесе оны алмасу буферіне көшіреміз, керек жерге кірістіреміз.

IV. Практикалық жұмыс.


  1. Мәтінді теріңдер.

  2. Құжатты өз бумаларыңда Түлкі мен ешкі деген атпен сақтаңдар

Түлкі мен ешкі


Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда терең апанға түсіп кетеді. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп апанға кез болады. Түлкіні көреді.

- Ей, түлкі батыр, онда не істеп тұрсың? - дейді.

- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі шөлдеп, әрі ыстықтан өліп едім. Апанның іші салқын, түбінде тұп-тұнық суы бар екен, - депті.

Мұны естіген ешкі «Мен де салқындайын, әрі су ішейін» деп ойлап, секіріп апанға түседі. Ал, қу түлкі ешкінің мүйізіне лып етіп мінеді. Одан ырғып далаға шығып, жөніне кетеді.

«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген нақыл сөз осыдан қалыпты.

V. Сәйкестікті тап ойыны

Мәтін үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу

V. Өзіңді тексер тестін орындау


VІ. Сабақты қорытындылау Не үйрендім ? Нені білгім келеді
VІІ. Үй тапсырмасы: Мәтін үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу
VІІІ. Оқушыларды бағалау



© 2010-2022