План урока по информатике на тему Паскаль аралына саяхат (9 класс)

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы

Программалау еліне саяхат

Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары

Білімділігі: Оқушыларды циклдік алгоритм бойынша өткен тақырыптарын еске түсіріп қайталау және пысықтау.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды еркін сөйлеу білуге, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу.

Оқытуда қолданылатын әдіс -тәсілдер

Көрнекі-түсіндіру, салыстыру-талдау, өз бетінше жұмыс істеу, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, топпен жұмыс жасауға үйрету

Ресурстар (дереккөздер)

1. Б.Қ.Сапарғалиева, Н.Е.Масалимова, Информатика 9 сынып, Арман-ПВ, 2013

2. Б.Бөрібаев, Б.Нақысбекова, Г.Мадиярова. Информатика және

есептеуіш техника негіздері.-Алматы, Мектеп, 2009 ж.

3. В.А.Криворучко, Л.Н.Кафтункина, Н.Т.Ермеков, Информатика 9 сынып, практикум, Мектеп баспасы, 2009

4. С.К.Қараева, А.Ж.Бегенова Pascal бағдарламалау тілі, Арман-ПВ

5. Turbo Pascal жұмыс дәптері, Технокод, 2012

6. Халықова К.З. Паскаль тілінде программалау.-Алматы, Абай

атындағы ҚазҰПУ, 2002 ж.

7. bilimdiler.kz, myxatai2006.narod.ru , ustaz.kz, kazakh.ru сайттары

Сабақтың типі

Жарыс сабақ

Оқытудағы әдістемелік нұсқау

Өткен сабақты қайталау арқылы, оқушылардың компьютерлік сауаттылықтарын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, ғылыми-шығармашылыққа баулу.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі, орыс тілі, математика

Көрнекіліктер

Компьютер, интерактивті тақта, презентация, үлестірмелі карточкалар, мақтау қағаздары

Сабақтың барысы

I. Сабақтың басталуын ұйымдастыру

1) сынып оқушыларының назарын сабаққа аудару

2) бүгінгі сабақтың мақсатымен, жарыстың ережесімен таныстыру, оқыту тәсілдерін талдау.

3) Топтың атын анықтау:

1. Қызыл алма - «Алгоритм» тобы;

2. Жасыл алма - «Программа» тобы;

3. Сары алма - «Оператор» тобы.

План урока по информатике на тему Паскаль аралына саяхат (9 класс)

II. Жарыстың кезеңдері:

План урока по информатике на тему Паскаль аралына саяхат (9 класс)

  1. «Сиқырлы сандар» елі.

План урока по информатике на тему Паскаль аралына саяхат (9 класс)

Оқушылар сиқырлы сандарды таңдау арқылы, оның артында

жасырынған сұрақтарға жауап береді. Әр топ 3 сұраққа жауап береді.

  1. Циклдік алгоритмге анықтама бер. Ж: Аргументтердің әртүрлі мәні

бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауды ұйымдастыратын алгоритм

  1. Қайталау саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылатын оператор. Ж:Параметрлі цикл (FOR операторы)

  2. FOR операторының жалпы жазылу түрі

Ж:FOR <айнымалы>:=m1 TO m2 DO<оператор>

  1. Егер қадам 1-ге тең болып және бастапқы параметр (m1)соңғы (m2)

параметрінен кіші болса қандай операторды қолданамыз? Ж: FOR-DOWNTO

  1. Қайталау саны белгісіз, алдын ала берілген шарт бойынша қайталау

операторы.

Ж: WHILE операторы

  1. WHILE операторының жалпы жазылу түрі.

Ж: WHILE<шарт>DO<оператор>

  1. REPEAT және WHILE операторының айырмашылығы қандай?

Ж: REPEAT операторында қайталану шарты цикл соңында тексеріледі

және цикл тұлғасы шарт жалған болғанша қайталанады. Ал WHILE-да керісінше. REPEAT-UNTIL қызметші сөздер арасында бірнеше оператор болса да bеgin-end операторлық жақшаны қолданбаса да болады. Ал WHILE-да операторлық жақша міндетті түрде қолданылады.

  1. REPEAT операторының жалпы жазылу түрі.

Ж: REPEAT <оператор> UNTIL<шарт>

  1. Циклдік алгоритм нешеге бөлінеді және оларды ата.

Ж: 3-ке: параметрлі цикл, циклдің алғы шарты, циклдің ілесу шарты

  1. «Атақты тұлғалар» елі.

Оқушыларға ғалымдар жайлы мәлімет беріледі. Олардың міндеті -

жасырынған тұлғаның атын табу.

  1. Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына

бағдарлама жазған бұл ғалым - әйел бірінші программист болып саналады. Бұл әйел атақты Байронның қызы. Ж: Ада Лавлейс

  1. 1642 жылы бұл француз математигі он тоғыз жасында дүние жүзінде

бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектермен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Ж: Блез Паскаль

  1. Қазіргі таңда бұл адам атақты "Microsoft" компаниясының президенті.

13 жасында алғаш программасын құрған. Ж: Билл Гейтс

  1. Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы ХІХ ғасырдан баталады. 1833

жылы бұл ғалым бағдарлама арқылы басқарылатын "Аналитикалық машина" жобасын жасады. Сондықтан да оны қазіргі компьютердің "атасы" деп те атайды.

Ж: Чарльз Бэббидж

  1. Швейцариялық бұл ғалым Паскаль программалау тілін 1968-1971

жылдары оқып үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын.

Ж: Никлаус Вирт

  1. Бұл ғалым алгоритм ұғымын енгізген әйгілі араб математигі.

Ж: Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми


  1. «Полиглот» елі.

Әр топқа 3 сөйлем беріледі. Топ оқушылар сол сөйлемде түсіп қалған

сөзді тауып, сол сөздің түбірін орыс, ағылшын тілдерінде айтулары керек.

1) WHILE операторы______________алдын ала тексереді.

Ж: шартты - условный - conditional

2) Егер есепте қайталанудың саны ________________ болса, WHILE операторы қолданылады.

Ж: белгісіз - неизвестный (неопределенный) - unknown

3) Параметрлі қайталану (FOR) операторының __________түрі болады.

Ж: екі - два - two

4) REPEAT операторы шартты соңынан _____________.

Ж: тексереді - проверять - check

5) Егер есепте ________________саны белгілі болса FOR операторы қолданылады.

Ж: қайталау - повторить - repeat

6) WHILE операторында егер шарт ______________болса, цикл тұлғасы орындалады, ал керісінше болса циклді орындау доғарылады.

Ж: ақиқат - истина (правда) - true

7) Циклдік оператордың _______түрі болады.

Ж: үш - три - three

8) Паскаль тілінде цикл параметрі міндетті түрде __________немесе реттелген типтегі айнымалы болуы қажет.

Ж: бүтін - целый - integer

9) FOR операторында егер ______________ +1-ге тең болса, онда операторда TO, ал керісінше -1-ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.

Ж: қадам - шаг - step

4.«Сиқырлы есептер» елі. Әр топқа жеке-жеке үш операторға арналған есептер беріледі. Берілген есептерді Паскаль АВС программасында шығару керек.

1-есеп. 1 ден 10-ға дейінгі тақ сандардың және жұп сандардың қосындыларын табудың программасын құру керек.

жұп сан=30,

тақ сан=25Ж: Var i,s,k: integer;

Begin

s:=0; k:=0;

For i:=1 to 10 do

If i mod 2=0 then s:=s+i else k:=k+i;

Writeln('жұп сан=',s,',','тақ сан=',k);

End.

x=1, y= 0.41

x=1.2, y= 0.65

x=1.4, y= 0.83

x=1.6, y= 0.99

x=1.8, y= 1.12

x=2, y= 1.23

x=2.2, y= 1.33

x=2.4, y= 1.43

x=2.6, y= 1.51

x=2.8, y= 1.592-есеп. План урока по информатике на тему Паскаль аралына саяхат (9 класс) аралығында 0,2 қадаммен өзгергендегі План урока по информатике на тему Паскаль аралына саяхат (9 класс) функциясының мәнін тап.

Ж: var x,y:real;

begin

x:=1;

while x<=3 do

begin y:=sqrt(x+1)-1/x;

writeln('x=',x,', ', 'y=',y:5:2);

x:=x+0.2;

end; end.

3-есеп. P=1*2*3*…*N. N! факториалды табу программасын жаз.

n=5

n!=120Ж: Var r,n,k:integer;

Begin

Write('n=');

Read(n);

k:=1; r:=1;

Repeat

r:=r*k;

k:=k+1;

Until k>n;

Write(r); End.

III. Сергіту сәті

Әр топқа арналған сергіту жаттығулары:

1. 10 айырмашылығын табу

План урока по информатике на тему Паскаль аралына саяхат (9 класс)

2. Суретте қанша шаршы бейнеленген?

План урока по информатике на тему Паскаль аралына саяхат (9 класс)

3) Неше адам жасырынған?

План урока по информатике на тему Паскаль аралына саяхат (9 класс)

IV. Сабақты қорыту

Топтың жинаған алмалар санымен сәйкесінше 1,2,3 орындар беріп, марапаттау.

V. Рефлекция

Оқушылар жинаған алмаларын «Білім ағашына» іліп, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін немесе тілектерін жазып тақтаға іледі.

План урока по информатике на тему Паскаль аралына саяхат (9 класс)


© 2010-2022