Открытый урок на тему Фориуланы енгізу және көшіру

План открыйтого урока на тему "Формуланы енгізу және көшіру" Қарапайым формуланы тұрақты мәндер мен есептеу амалдағыштарын пайдалану арқылы жасауға болады. Мысалы, =5+2*3 формуласы екі санды көбейтіп, шыққан нәтижеге санды қосады. Microsoft Office Excel бағдарламасы математикалық амалдардың стандартты ретін орындайды. Алдыңғы мысалда көбейту амалы (2*3) бірінші орындалады, шыққан нәтижеге 5 саны қосылады.Сондай - ақ, формула жасау үшін, функцияны пайдалануға болады. Мысалы, =SUM(A1: A2) және SUM...
Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында

№1 жалпы орта мектеп-интернатының

информатика пәні мұғалімі Пиралиева Айкерим

Информатика

Сабақтың тақырыбы: Формуланы енгізу және көшіру.

Сабақтың мақсаты: білімділік: Microsoft Еxcel - де формулалар енгізу, формулаларды көшіруді ұяшықтағы мәліметтердің орнын ауыстыруды үйрету;

дамытушылық: оқушылардың Microsoft Еxcel - де жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;

тәрбиелік: ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Практикум элементтері бар көрсете түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: ДК құрылғысы, проектр, кеспе қағаздар, кітап, венн диаграммасы, семантикалық карта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгелдеу;

ә) ТҚЕ - лерін еске түсіру;

б) Топтарға бөлу

в) оқушы назарын сабаққа аудару.

а) «Білгенге маржан...» сұрақ - жауап

1. Кесте дегеніміз не?

2. Электрондық кесте дегеніміз не?

3. Жол, бағана, ұяшық деген не?

4. Ең алғашқы электрондық кесте қай жылы пайда болды, және оның аты қандай?

5. Жұмыс кітабы неден тұрады?

6. Электрондық кестені қандай жағдайда қолдануға болады?

7. MS Excel дегеніміз не?

8. Excel - де құжатты қалай сақтайды?

10. Ұяшықтағы мәліметтерді қалай көшіруге болады?

ә) Техникалық диктант

Техникалық диктант. Бос орынға қажет сөздерді жазу керек.

1. Excel құжатының _______ кеңейтіліміне ие. (. xls)

2. Құжат атауы мен терезені басқару элементтері ______________________ орналасқан. (тақырып жолағында)

3. ______________________ әрбір тармағы бір типтес әмірлер тобынан тұрады.(бас мәзір)

4. Құжатпен жұмыс істеуге арналған негізгі Жаңа, Сақтау, Ашу, Басып шығару, Қиып алу, Көшіру, Қою сияқты батырмаларды ____________________ қамтиды.(Стандартты құралдар үстелі)

5. ________________________ - мәтіннің қажетті параметрлерін және оның құжатта орналасатын орнын белгілеуге арналған. (Пішімдеу құралдар үстелі)

6. Баған мен жолдың қиылысқан тұсында кестенің ең кіші құрамдас бөлігі - ________________ орналасқан.(ұяшық)

7. Жұмыс парағы _________ бағаннан және ______________ жолдан және ___________ ұяшықтан тұрады.(256 баған, 65 536 жол, 16 777 216 ұяшық)

8. Егер ұяшық F бағанында және 7 жолында орналасса, онда оның мекені ______ болады. (F7)

9. ______________ - логикалық тізбектер құрайтын ұяшықтар тізбегі. (Қатар)

Файл аты өрісіне кітап атын енгізіңіз және ____________ батырмасын қолдану арқылы сақтаймыз. (Сақтау)

Сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Формулалар - жұмыс парағындағы мәндер бойынша есептеулерді орындайтын теңдеулер. Формула әрқашанда теңдік белгісімен басталады (=).

Қарапайым формуланы тұрақты мәндер мен есептеу амалдағыштарын пайдалану арқылы жасауға болады. Мысалы, =5+2*3 формуласы екі санды көбейтіп, шыққан нәтижеге санды қосады. Microsoft Office Excel бағдарламасы математикалық амалдардың стандартты ретін орындайды. Алдыңғы мысалда көбейту амалы (2*3) бірінші орындалады, шыққан нәтижеге 5 саны қосылады.

Сондай - ақ, формула жасау үшін, функцияны пайдалануға болады. Мысалы, =SUM(A1: A2) және SUM(A1, A2) формулалардың екеуі де, A1 мен A2 ұяшықтарындағы мәндерді қосу үшін SUM функциясын пайдаланады. Электронды кестеде (СУММ) функциясы жиі қолданылады, сондықтан жалпы қосындыны білу үшін қосылатын ұяшықтардың аумағын белгілеп, Стандартты құрал - саймандар тақтасындағы Автоқосынды (Автосумма) батырмасын пайдалануға болады.

Жасалатын формуланың түріне байланысты формула төмендегі бөліктердің кез келгенін немесе барлығын қамтуы мүмкін.

12. Ұяшық сілтемелері. Формулаға ұяшық сілтемелерін енгізіп, жұмыс парағы ұяшықтарындағы деректерге сілтеме жасауға болады. Мысалы, A2 ұяшық сілтемесі сол ұяшықтың мәнін береді немесе есептеудегі мәнді пайдаланады.

3. Тұрақты мәндер. Сандар (2 сияқты) немесе мәтін мәндер сияқты тұрақ мәндерді де, тікелей формулаға енгізуге болады.

4. Амалдағыштар. Амалдағыштар - формуланың орындалуын қажет ететін есептеу түрін көрсету үшін пайдаланылатын таңбалар. Мысалы, ^ (екпін дәйегінің) амалдағышы санның дәрежесін шығарады, ал *(жұлдызша) амалдағышы көбейтеді.

Тұрақты мәндер мен есептеу амалдағыштарын пайдалану арқылы қарапайым формула жасау

«Талпынған бала талапты құстай.» практикалық тапсырманы компьютерде орындау

б) «Ізденген жетер мұратқа.» деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

1. MS Excel электрондық кестесінде 6 жолдан 5 бағаннан тұратын сыныптастарыңның математика пәнінен тоқсандық бағаларының кестесін құр?

2. Сыныптағы оқушылардың бойы бойынша кесте құр.

3. Сатылған өнімнің пайдасы жайлы кесте құр.(дискета, линейка, ручка, карандаш, дәптер, күнделік)

ІІ. Деңгей

1. Кестені өз атыңмен сақта.

2. Сатылған өнімнің жалпы сомасын шығар.

3. Сыныптастарыңның информатика пәнінен құрған тоқсандық бағаларының қорытынды бағасын шығар.

ІІІ деңгей

1. MS Excel электрондық кестесінде 5 жолдан, 5 бағаннан тұратын сыныптастарыңның қазақ тілі пәнінен ІІІ тоқсандық бағаларының кестесін құр?

2. Жәрмеңкеден түскен түсімнің кестесін құр?

3. Осы құрған кестеңді өз құжатыңды сақта

Сабақты қорытындылау.

а) Сабақты бекіту - ой түйіндеу.

«Қайталау - оқу анасы» тест жұмысы

1) Электронды кесте бұл …..

А) Қандайда бір шын өмірдегі нақты объектілер жайындағы мәліметтер жиыны.*

Б) Кестеге жазылған мәліметтермен жұмыс істейтін программа.

В) Шын өмірдегі объектілерден тұратын массив.

Г) Мәтіндік ақпаратпен тығыз байланысты ерікті ақпаратты ұсынатын же өңдейтін арнайы құрылым моделі

2) Microsoft Excel программасы бұл -…

А) Windows - тың текстік құжаттарды құратын же модификациялайтын баспаға беретін қосымшасы

Б) Windows операциялық жүйесі бақылау жасайтын ақпаратты басқаратын жүйе

В) Windows операциялық жүйесі басқаратын электрондық кестені өңдеу үшін берілген арнайы бағдарлама*

Г) Экранда бейнелерді құратын же редакторлау үшін берілген арнайы бағдарлама

3) МS Excel - де кестенің жеке ұяшықты көрсететін, жолдың номері мен бағанының атын білдіретін ол -....

А) Есептеу нәтижесі

Б) Ұяшыққа енгізілген формула

В) Ұяшық адресі*

Г) Операндтар

4) МS Excel - дің дұрыс ұяшық адресін көрсетіңіз.

А) BD666*

Б) 67BC

В) LB745

Г) AB; 32

5) МS Excel - құжаты... болып табылады.

А) аты,. ppt түрінде берілген ерікті кеңейтілуі бар файл

Б) аты,. doс түрінде берілген ерікті кеңейтілуі бар файл

В) аты,. mdb түрінде берілген ерікті кеңейтілуі бар файл

Г) аты,. xls түрінде берілген ерікті кеңейтілуі бар файл*

6) МS Excel жұмыс кітабы неше жұмыс парағынан тұруы мүмкін?

А) 1 ден 6536

Б) 1 ден 255

В) 1*

Г) 1 ден 65536

7) МS Excel электрондық кестесі.... тұрады

А) 255 баған және 65 536 жолдан

Б) 256 баған және 65 536 жолдан

В) 255 баған және 65 563 жолдан

Г) 256 баған және 65 563 жолдан

8) белгісі қайда орналасқан?

А) Мәзір жолында

Б) Стандартты құрал - саймандар тақтасында

В) Формула жолында*

Г) Пішімдеу құрал - саймандар тақтасында

9) Үнсіз келісім бойынша сан қалай тураланады?

А) сол жақ шеті бойынша

Б) ортасы бойынша

В) оң жақ шеті бойынша*

В) оң және сол жақ шеті бойынша

10) Енгізілгендердің мәндер емес, формула екенін Ехсеl қалай анықтайды?

А) егер «=» белгісімен басталатын символдар тізбегін терсе*

Б) егер «=» белгісімен аяқталатын символдар тізбегін терсе

В) егер «+» белгісімен басталатын символдар тізбегін терсе

Г) егер «+» белгісімен аяқталатын символдар тізбегін терсе

ә) Сабақтың қорытындысын әр оқушымен жекеше ойластыру.

б) Үйге тапсырма беру.

в) Бағалау



© 2010-2022