5 сыныпқа арналған қорытынды тест

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5 сыныпқа арналған қорытынды тест

1-нұсқа

1. Неге компьютердің үстіне кітап, дәптер және т. б. заттар қоюға болмайды?
А) Өте ауыр
В) Ауа алмасу (желдету) бұзылады
С) Ұнамсыз
Д) Экран жабылып қалады.
2. Адам ең көп ақпаратты ненің қөмегімен алады?
А) сезу және көрудің
В) иіскеу мен естудің
С) есту мен көрудің
Д) көру және дәмін тату арқылы.
3. Ақпаратты сақтау үдерісін көрсет:
А) Теледидар көру
В) Дәптерге жазу
С) Кітап оқу
Д) Телефонмен сөйлесу.
4. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:
А) Бит
В) Байт
С) 1
Д) Әріп.
5. Жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін программа:
А) Интернет
В) Операциялық жүйе
С) Операциялық қабыршық
Д) Windows.
6. Компьютер құрылғыларының қайсысы жүйелік блок құрамына кірмейді?
А) Процессор
В) Принтер
С) Дискжетек
Д) Жедел жады.
7. Графикалық ақпаратты (суреттер, сызбалар және т. б.) қағаздан компьютерге енгізу құралы:
А) Сканер
В) Принтер
С) Монитор
Д) Пернетақта.
8. Компьютердің программалық жабдықтамасы түрлерінің дұрыс тізімін табыңдар.
А) Басқару жүйелері, қосымшалар мен программалау жүйелері
В) Жүйелік ПЖ, қосымшалар мен программалау жүйелері
С) Программалар, ойындар, интернет - қосымшалар
Д) Жүйелік ПЖ, қосымшалар, дерек қорлары.
9. Компьютерді өшіру үшін... жеткілікті.
А) Бас мәзірдегі тиісті бұйрықты тандау
В) Компьютердің жүйелік блогындағы өшіру батырмасын басу
С) Менің компьютерім белгішесің пайдалану
Д) Тілдер тақтасын қолдану.
10. Қандай терезелердің мәзір жолдары, жиыру және жаю батырмалары жоқ?
A) Бума терезелерінің
B) Қосымшалар терезесінің
C) Сұхбат терезелерінің
D) Анықтама терезелерінің.

11. Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады?
А) Файл
В) Бума
С) Программа
Д) Құжат.
12. Пернетақтада Қиып алу бұйрығын пернелердің қандай тіркесімдерімен алмастыруға болады?
А) Ctrl+C
В) Ctrl+V
С) Ctrl+X
Д) Ctrl+Z.
13. Бумадағы «Құжат» файлын тез іздеу үшін не істеу керек?
А) Буманың терезесінде Д әрпі бар пернені басу
В) Буманың терезесінде бір мезгілде Shift және Д пернелерін басу
С) Іздеуге кіріп, Д әрпі бар пернені басу
D) Іздеуге кіріп, Shift және Д пернелерін басу.
14. «Paint» сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады?
А) Жобалау
В) Оқу, кітап
С) Сурет, сурет салу
Д) Музыка, ән салу.
15. Барлық растрлық кескіндер неден тұрады?
А) Кішкене тіктөртбұрыштардан
В) Нүктелерден
С) Сызықтардан
Д) Символдардан.
16. «Дұрыс» фигура салу үшін қандай пернені жібермей ұстап тұру керек?
А) Alt
В) Ctrl
С) Shift
D) Delete.
17. Суреттің ерекшеленген фрагментін Ctrl батырмасын басып жылжыту қандай бұйрыққа парапар?
А) Қиып алу
В) Көшіру
С) Бейнелеу/бұру
D) Түсін алмастыру.
18. Алдын ала қарау бұйрықтары қайда орналасқан?
А) Менюде Paint батырмасының мәзірінде
В) Бас тіркеме бетінің Басып шығару тобында
С) Windows - тың Бас мәзірінде
D) Түр тіркеме бетінің Басып шығару тобында.
19. Ctrl + C пернелері тікесімі қандай қызмет атқарады?
А) Ерекшеленген бөліті алмасу буферіне көшіру
В) Бөлікті алмасу буферіне жылжыту
С) Алмасу буферіне мазмұнын кірістіру
D) Құжатты дискіге көшіру.
20. Жолақтың қандай бөлімі абзацты пішімдеу үшін жауапты?
A) Кірстіру
B) Бетті белгілеу
C) Бас тіркеме беті
D) Шимайлық.

© 2010-2022