Ғажайып жетілік 8 класс

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тақырыбы: «ҒАЖАЙЫП ЖЕТІЛІК» сыныптан тыс шара.

(Информатика пәнінен кластан тыс шара)

Пәні: Информатика.

Сыныбы: 8 «а» және 8 «б» класстары. (әр кластан 6 оқушыдан топ құрылады)

Мақсаты:

  • 6, 7, 8 кластарда өтілген материалдарды қайталау, жалпылау;

  • оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру;

  • оқушылардың негізгі, басты ойын қисынды жеткізе білуін, есте сақтауын дамыту, танымын

кеңейту;

  • топта жұмыс істей білуге, қарсыласын сыйлай білуге, тапқырлыққа, ыждаһаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: тапсырмалар жазылған карточкалар, дербес компьютер.

Өту барысы:

  1. Командалардың өздерін таныстыруы (8 а класы «СЕЛЕРОН», 8 б класы «ПЕНТИУМ» командалары)

  2. Үй тапсырмаларын тексеру (алдын-ала әр класқа Қазақ хандығының 550 жылдығына газет және информатикалық музыкалық қойылым әзірлеу тапсырылады)

  3. «Суретшілер жарысы» (әр кластан бір - бір оқушы ортақ тақырыпқа графиктік редакторде сурет сала бастайды. Тақырыбы: «Туған жер-алтын бесігім»)

  4. «ЭЕМ тарихынан...»

(Екі командаға саусақтар, есепшот, арифмометр, компьютер суреттері салынған карточкалар таратылып, есептеу тарихына байланысты олардың қолданылуын реттеп қою тапсырылады. Дұрыс реттелген командаларда карточкалардың екінші жағынан 1946 және 1951 жылдар көрінуі керек. Сол жылдардың ЭЕМ тарихындағы маңызын атау керек.

Жауап: 1946 жыл - АҚШ-тың Пенсильван университетінде (конструкторлар Дж.Моучли, Дж.Эккерт) алғашқы ENIAC есептеуіш машинасы жасалды. 1951 жылы - КСРОда (конструктор С.А.Лебедев) МЭСМ жасалды.

  1. «Санау жүйесін қайталайық!»

Төмендегі екілік санау жүйесніде берілген көбейтудің тура екендігін ондық санау жүйесінде дәлелдеп бер:

1011012*1012 = 111000012 Жауап: 45*5=225

10112*1012 = 1101112 Жауап: 11*5=55

  1. «Теңіздегі шабуыл»


Сұрақтар

Жауаптар

А2

Ақпаратты ұзақ сақтауға арналған құрылғы

флешка

А5

Ақпарат енгізуге арналған негізгі құрылғы

Пернетақта

Б5

Бас әріппен жазу батырмасы

Caps Lock

Г5

Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын құрал

Компьютер

Д5

ЭЕМнің ең аз минимальды конфигурациясы

Жүйелік блок, пернетақта, монитор

Д4

Ақпаратты қағазға шығаратын басты құрылғы

Принтер

Д2

Бүтін тип

Integer

Г2

ДК қайта жүктеу пернелер комбинациясы

Ctrl+alt+del

В2

Дискета қандай жадыға жатады?

Сыртқы жады

В3

Программаның негізгі бөлігі қалай аталады?

Операторлық бөлік

1 2 3 4 5

А

Б

В

Г

Д



*


*

*

Екі топқа 5х5 өлшемді торкөздер таратылады. Жүргізушідегі торкөздерде жоғарыдағы сұрақтармен 1 бірлік, 1 екілік, 1 үштік, 1 төрттік торкөзді кемелер жасырылады. Екі команда кезекпен адрестерін айту арқылы кемелерді іздейді. Қай команда кемеге дәл түссе сұраққа жауап береді. Кемеге дәл түсе алмаса немесе сұраққа жауап бере алмаса, онда кезек келесі топқа өтеді. Сұраққа жауап берсе ары қарай сол топ ойынды жалғайды. Екі топта сұраққа жауап бере алмаса, онда ол сұраққа ойын соңында бірақ оралады.


  1. «Қисынды ойлай білейік!»

Бұл бөлімде логикалық есептер, сұрақтар беріледі дұрыс жауапқа 1 ұпай.

1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? - 4

2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды.
неше стакан қалды? - 3 стакан

3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? (15км/сағ)

4. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? - жоғары-

5. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? - шырпы-

6. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? - 8.






Логикалық қабілет:

Ғажайып жетілік 8 классҒажайып жетілік 8 класс


  1. «Кім жылдам?»

E

A

D

O

F

I

F

N

E

H

T

E

L

E

E

S

L

E

T

A

G

W

E

C

I

E

I

E

H

N

H

N

P

I

D

A

W

T

A

E

L

E



Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және көп операторлар атауларын табар екен? Жауап: бұл жерде 12 оператор жасырылған (BEGIN, ELSE, END, FOR, IF, READ, REPEAT, THEN, WHILE, WRITE, CHAR, REAL)

Жарыс соңында әділқазылар алқасы әр топтың ұпай сандарын есептеп қорытындылайды.


© 2010-2022