• Преподавателю
  • Информатика
  • "Презентация по Информатике по темам: ҚТ және Ақпарат. Информатика. ЕЭМ даму тарихы; ДК құрылғылары. Аппараттық және бағдарламалық құралдары; ОЖ. Windows операциялық жүйесі; Пернелер слайд. "

"Презентация по Информатике по темам: ҚТ және Ақпарат. Информатика. ЕЭМ даму тарихы; ДК құрылғылары. Аппараттық және бағдарламалық құралдары; ОЖ. Windows операциялық жүйесі; Пернелер слайд. "

Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың жоспары

Поурочный план

The plan of the lesson


Күні/ Дата/ Date: __________

Топ/ Группа/ Group:_______

Пән/ Предмет/ Subject: Компьютерлік технология

Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия/ Theme: Өзіңдік жұмыс. ОЖ Windows.

Мақсаты/ Цели занятия/ Objectives:

білімдік / образовательная/ educational: Студенттердің өткен модульдерден білімдерін тексеру.

дамытушылық/ развивающая/ developing: Танымдық қызығушылықтарын, логикалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін, қадағалау - тексеру, топ мүшелерімен бірігіп жұмыс істеуге дағдыларын дамыту.

тәрбиелік/ воспитательная/ bringing-up: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, қарым-қытанас жасай білу, ұжымдық сезімді ояту сияқты рухани тәрбие негізін қалыптастыру.

Сабақтың үлгісі / Тип занятия/ Type of the lesson: өткен тақырыптарды қайталау.

Сабақтың түрі/Вид занятия/ Kind of the lesson: интелектуалды ойын.

Көрнекі құралдар/ Оборудование/ Resources: дидактикалық жабдықтамалар: ДК, компьютерлік презентация, интерактивті тақта, ActiveInspire бағдарламасы, Learning.apps сайты.

Әдебиет/Литература/Literature:


Сабақтың барысы/ План занятия/ Plan

I.Ұйымдастыру кезеңі /Организационный момент.

II.Ой қозғау. Разминка.

III. «Тапқырлар сайысы» ойнын өткізу.

IV. Сергіту сәті/Физиминутка

V.Қорытындылау, бағалау / Итог урока, Оценки

Сабақ барысы/Содержание урока


I.Ұйымдастыру кезеңі /Организационный момент.

Good afternoon students! How are you? Okay, good! Sit down please. We let's start our lesson!

Бүгінгі сабақты мен біздің президентіміздің сөзімен бастағым келеді.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» Н. Ә. Назарбаев (Слайд 1)

Ал жас ұрпаққа білім беретін, мына сендерсіңдер! Сондықтан, сендер, жаңа ақпараттық технологияларды меңгерулерің қажет! Бүгінгі сабақта біз сендердің АКТ қолдануға қаншалықты дайын екендіктеріңді тексеретін боламыз және де сонымен бірге ҚТ пәнінен, өткен модульдер бойынша білімдеріңізді бекітеміз.

Бүгінгі біздін сабағымыз ойын түрінде өтеді. Бізде 3 топ бар! Бұл «Монитор» тобы, «Процессор» тобы және «Пернетақта» тобы! (Топ тұрып, өз эмблемасын көрсетіп, ұранын айтады)

1. Топтар мен таныстру.

«Монитор» тобы

Ассалаумағалейкум сәлем бердік

Топ атынан сөйлеуге біз де келдік

«Монитор»-дай атақты топ болып біз

«Процессор»-дай топпен сынға көндік

Іздесең білімділік, біліктілікті,

Таппайсың басқа топты бізден мықты.

«Процессор» тобы

Процессор тобымыз

Компьютердің миымыз

Біз жеңіске жетеміз

Мониторды жеңеміз

«Пернетақта тобы»

Пернетақта тобы - біз

Тек жеңіске жетеміз

Монитор мен процессорды

Артымызда қалдырамыз!

2. Ойын ережелерін түсіндіру.

Слайд 2 , Слайд 3

II. Ой қозғау. /Разминка.

1. Калонка- дыбыс шығарғыш құрылғы

2. Процессор- компьютердің миы

3. Тышқан-компьютердің қосымша құрылғысы

4. Пернетақта-мәтін енгізуші

5. Монитор- ақпаратты көру немесе компютердің негізгі құрылғысы

6. Модем -интернет байланысы

7. Папка (қоржын)-жаңа құжат ашу

8. Корзина (себет)-өшірілген құжаттар

9. Paint- граикалық редактор

10. Ақпарат- өлшем бірлік

11. Өлшем бірлік- бит, бйт

12. Компьютер- Электронды есептеуіш машина

13. Принтер- ақпаратты қағаз бетіне шығарушы құрылғы

14. Ақпарат - дүниеде болып жатқан жаңалықтар

15. Колькулятор-есептеуіш

16. Құлаққап (наушник)- ақпарат тыңдау үшін

17. Диск-ақпарат тасушы

18. Флешка-ақпарат тасушы

19. Word- мәтін жазуға

20. Пуск -бас меню Слайд 2

III. «Тапқырлар сайысы» ойнын өткізу.

1. «Тапқырлар сайысы» ойны

«Тапқырлар сайысы» ойыны, белгілі теледидарда болып жатқан «Своя игра» интелектуалды ойыны принципімен құрастырылған. Яғни, ойыннның бас терезесі (слайды) Деңгейлер терезесі. Жалпы ойнымызда 5 деңгей бар. Олар:

1. ҚТ және Ақпарат. Информатика. ЕЭМ даму тарихы. слайд 5-14

2. ДК құрылғылары. Аппараттық және бағдарламалық құралдары. слайд 15-24

3. ОЖ. Windows операциялық жүйесі. слайд 25-34

4. Пернелер слайд 35-44

5. Әр түрлі сұрақтар слайд 45-54

Әр деңгей 10 сұрақтан тұрады. Сұрақтар үшін 10 ұпайдан бастап 100 ұпайға дейін беріледі.

Сұрақтар түрлері.

1. Карапайым сұрақтар. Топ басшысы немесе топ өкілі орнынан жауап береді.

2. Learningapps сұрағы. Бұл тапсырма түріндегі сұрақ. Топтын басшысы немесе өкілдері тақтаға шығып берілген тапсырманы орындайды.

3. ActiveInspire сұрағы. Бұл тапсырма түріндегі сұрақ. Топтын басшысы немесе өкілдері тақтаға шығып берілген тапсырманы орындайды.

Егер сұрақтың қасында капитанның суреті болса, онда ол сұраққа міндетті түрде капитан жауап беруі керек. Егер де басқа сурет болса онда топтың басқа өкілі жауап беру керек, яғни капитаннан басқа адам.

IV. Сергіту сәті/Физиминутка слайд 56

3.Ғаламторда тапсырма (ойын арасында қосымша тапсырма)

Ойын үстінде топтардағы кейбір мүшелеріне жеке тапсырма беріледі. Белгілі бір уақытта ғаламтор арқылы әртүрлі сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

  1. Ең алғашқы компьютер қашан пайда болды? (1946)

  2. Алғашқы Windows 1.0. жүйелік нұсқасы қашан пайда болды? (1985)

  3. Алғашқы вирус қашан және қайда пайда болды?

  4. Ғаламторды кім және қашан шығарып тапты? (Тим Бернерс-Ли)

  5. Әлемдегі ең әйгілі әлеуметтік желі қандай? (Facebook)

  6. Нешінші жылы Google іске қосылды? (1997)

  7. Ең алғашқы фото қашан және кіммен түсірілді (1826 жылы Франция зерттеушісі Жозеф Нисефор Ньепсом)

  8. ҚР білім туралы заңы қай жылы қабылданды? (1999 жылғы 7 маусымда)

  9. Қазақстан астаналарын жаз (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)

  10. Қостанй қаласы қашан құрылды және алғашқы атауы қандай болды? (Николаевск, 1879)

  11. ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)

  12. «Эйфелева башня» қашан және қандай мерзімде салынды? (1887-1889)

  13. Әлемдегі ең биік сарқырама (Анхель)

  14. Әлемдегі ең биік тау (шыңның атауы және биіктігі) 8848м

  15. Әлемдегі ең биік ғимарат (Бурж Халифа немесе Бурж Дубай) 828 метр

  16. Ағылшын тілінен мына сөздін аудармасын табыңыз «knowledge», «work», «think».

V. Қорытындылау, бағалау / Итог урока, Оценки

Ұпайларды санау. Жеңімпазды анықтау және марапаттау.


© 2010-2022