Сабақтың тақырыбы Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері 6 сынып

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы, Талғар қаласы, № 7 жалпы білім

беретін шағын орталығы бар

мектеп-лицейдің информатика

пәнінің мұғалімі

Сыдық Ақмарал Рыскелдіқызы

Қ.Р педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

бағдарламасының үшінші деңгейлі сертификат иегері



Сабақтың тақырыбы

Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері

Сілтеме

Информатика 6-сынып, Вьюшкова Е.А,Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов

Жалпы мақсаты

Оқушыларға ақпарат туралы, қасиеттері мен түрлері туралы бағыт - бағдар беру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.

Оқыту нәтижелері

- Берілген тапсырмаларды жұпта, топта орындауға үйрету;

-Оқушылардың өзін және бірін-бірі бағалауға дағдыландыру;

-Тапсырмаларды орындауда ережелерді қолдана білу дағдысы

информатикалық терминдік тілде сөйлеу қабілеттері;

Түйінді идеялар

Ақпарат және ақпарат түрлерімен танысты.
- Графикалық редакторды қолданып кескінді редакциялау.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар ақпараттардың түрлері, қасиеттерімен танысып, оларды ажырата алатын болады, тапсырмаларды орындауда ережелерді қолдана білу дағдысы қалыптасады, информатикалық терминдік тілде сөйлеу қабілеттері; Жұппен,топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Смайликтер бойынша 3 топқа бөлу

Бағалау критерийлері

• Өз бетімен білім алуы

• Дербес жұмыс жасауы

• Жұпта жұмыс жасауы

• Практиклық білімі

• Информатикалық терминді пайдалану

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу - 3 минут

Жаңа тақырыпты игеруге көмектесу. Интерактивті тақтамен слайд көрсету. Өздеріне мысал келтірту.

.

А) Жаңа сабақ бойынша не білетінін айту.

Ә) Оқушылар мұғаліммен бірге слайдтар бойынша жұмыс жасайды.

ТҮСІНУ - 5 мин

Тақырыпты оқушылар өздері меңгеруіне мүмкіншілік беру.

А) Әр оқушы өз бетінше тақырыпты оқып түсінеді, жұпта талдайды, топта талдайды, дұрыс немесе дұрыс емес екендігін айтады. Түйінді сөздерді (анықтамаларды) дәптерге жазу.

Ә) Ақпарат-сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған орта туралы мәліметтер.

Түрлері (қабылдау тәсілі бо-а): көрінетін, дәм сезу арқылы, сезу арқылы, искеу арқылы, естілетін

Түрлері: сан, мәтін, графика, дыбыс, видео

Қасиеттері: обьективтілігі, толықтығы, жеткіліктігі, қолжетімділігі, өзектілігі

ҚОЛДАНУ - 15 мин

Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар

Интерактивті тақтамен жұмыс:

  1. Ақпарат термині туралы не білдіңдер?

  2. Сендерге қандай ақпарат тасығыштар белгілі?

  3. Қазіргі кезде ақпараттың қандай түрлері бар?

  4. Адам ақпаратты қандай сезім мүшелері арқылы қабылдайды?

  5. Ерте заманда қандай ақпарат тасығыштар болған?

ТАЛДАУ - 11 мин

Сыни ойлауын дамыту.

Анықтама тұжырымдайды, ережелерді нақтылайды.

тапсырмалар: (16-бет)

1. Кестемен жұмыс

ЖИНАҚТАУ- 8 мин

Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету

Тест

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

БББ кестесін тарату

білемін

білдім

Білгім келеді

2 минут

Оқушылар кестені толтырады

Бағалау

2 минут

Топ бағалаушылары топ мүшелерін бағалайды.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қорытынды баға шығару

Бағалау парағы бойынша бағалау.

Үйге тапсырма беру / 2 минут

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Графиктік ақпаратты өңдеу оқу

Қосымша тапсырма: практикалық жұмысқа дайындалып келу

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алу.

Рефлекция / 1 минут

1. Мен бүгінгі сабақта не білдім.......

2. Маған қызықты болды........

3. Маған қиындық тудырған.......

4. Бүгінгі білгенімді болашақта өмірде............... пайдаланымын



© 2010-2022