Сабақ жоспары 6 сынып интеграл

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 6 «ә»

Сабақтың тақырыбы: Абзацтар, шегіністер және интервалдар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Мәтіндік процессорда абзацтар, шегіністер, интервалдар туралы толық мағлұмат беру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық - Жаңа ақпараттық технологиялық құралдар мен бағдарламалық жабдықтарды қолданып пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік - Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: АКТ, СТО

Көрнекілігі: ДК, интерактивті тақта, ЭО, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал:

Оқушылардың жылдам есептеу дағдыларын дамыта түсу мақсатында логикалық ойын өткізіледі.

  1. Екі сиырдың мүйізі қанша? Екі сиырдың мүйізі төртеу.

  2. Бір мысықтың аяғы қанша? Бір мысықта төрт аяқ бар.

  3. Бес қойдың басы нешеу? Бес қойдың басы бесеу.

  4. Үш адамның қолы нешеу? Үш адамның қолы алтау.- өте жақсы балалар жақсы жауап бердіңдер.

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

«Өзіңді тексер» тест тапсырмасын орындату

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Мәтінді абзацтар ішінде безендіруге арналған негізгі командалар жолақта Абзац тобына шығарылған (1 Сурет)

Сабақ жоспары 6 сынып интеграл

1 Сурет. Абзац тобы

Жол аралық интервал

Жол аралық интервал- ол абзац ішіндегі мәтінің жолдары арасындағы тігінен қашықтығы. Microsoft Word бағдарламасында үнсіз келісім бойынша дара интервал пайдаланылады. Бірақта құжаттың түріне байланысты оны өзгеруге болады.

Интервалды өзгерту үшін мына әрекеттерді орындаңыз:

1. Басты қосымшада Абзац тобының төменгі бөлігіндегі, төменге бағытталған бағыттауыш түріндегі батырмаға шертіңіз;

Сабақ жоспары 6 сынып интеграл

Word бағдарламасында интервалдың мынандай түрлері бар.

 Дара интервал - жолдың көптеген символдарының тәуелділігіне байланысты әрбір жолға арналған интервал. Қаріп өлшемінде интервалдың үлкейту мөлшері пайдаланылатын гарнитураға тәуелді болады.

 1,5 жолдар интервалы- дара интервалдан бір жарым есе үлкен;

 Қос интервал- дара интервалдан екі есе үлкен;

 Минимум интервалы- басқа интервалдар сәйкес келмейтін, үлкен өлшемдегі қаріптер немесе графикалар үшін;

 Дәл интервал- барлық жолдарға бірдей, бекітілген жол аралық интервал. Оның мәнін қолданушы өзі орнатады;

 Көбейткіш интервал- көрсетілген көбейткішке сәйкес үлкейетін немесе кішірейетін жол аралық интервал. Мысалы, көбейткіштің 1,4 мәні - интервалды 40% - ға үлкейтуді білдіреді, ал 0,6 мәні- 40%- ға кішірейтуді білдіреді. 1,5 мәні бір жарымжық интервалды орнатуға эквивалентті.

Абзац терезесін шақырмай- ақ жиі қолданылатын интервалдарды өзгертуге болады. Ол үшін Басты қосымшада Абзац тобындағы Жол аралық интервал батырмасын пайдалануға болады (2 Сурет)

Сабақ жоспары 6 сынып интеграл

2 Сурет Жоларалық интервал батырмасы

Шегініс және шығыныңқылықтар (выступы)

Шегініс- беттің оң жақ немесе сол жақ өрісінің және мәтіндер арасындағы қашықтықтар. Шегіністі көлденең сызғыштардың көмегімен реттеуге болады.

Шегіністерді үш түрге бөлуге болады:

 Сол жақтан шегініс- беттің сол жақ өрісіне қатысты барлық абзацтың күйін орнатады. Оны өзгертіу үшін сәйкес келетін маркерді пайдаланыңыз (3 Сурет)

Сабақ жоспары 6 сынып интеграл

3 Сурет. Сол жақтан шегініс маркері

 Оң жақтан шегініс- беттің оң жақ өрісіне қатысты барлық абзацтың күйін орнатады. Оны өзгертіу үшін сәйкес келетін маркерді пайдаланыңыз (4 Сурет)

Сабақ жоспары 6 сынып интеграл

4 Сурет. Оң жақтан шегініс маркері

 Бірінші жолдың шегінісі- абзацтың бірінші жолының күйін анықтайды. Оны өзгертіу үшін сәйкес келетін маркерді пайдаланыңыз (5 Сурет)

Сабақ жоспары 6 сынып интеграл

5 Сурет. Бірінші жолдың маркері

Әдетте шығыныңқылықты (выступ) нөмірленге және маркерленген тізім жасау кезінде қолданады. Шығыныңқылықты орнату үшін сәйкес келетін маркерді пайдаланыңыз

Сабақ жоспары 6 сынып интеграл

6 Сурет. Шығыныңқылық (выступ) маркері

V. Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

VІ. Рефлексия

Не үйрендік?

Неден жирендік?

VІІ Үйге тапсырма

§ 18 мазмұндау, тест сұрақтарына жауап беру.



© 2010-2022