Сабақ жоспары Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру 5 сынып

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы:____________________

Күні: _______________________

Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен

белгішелерді құру

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды файлдар, бумалар және белгішелермен таныстырып, оларды ұйымдастыруға, құруға үйрету.

  1. Білімділік: Оқушылар бумалар мен белгішелерді құруы керек.

  2. Дамытушылық: Оқушыларға файлдар, бумалар және белгішелерді құруды көрсету.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды информатика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға және еңбекке баулу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютерлер, информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары,оқулық.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма

Үй жұмысын сұрау

  1. Операциялық жүйе дегеніміз не?

  2. Операциялық жүйе не үшін қажет?

  3. Интерфейс деген не?

  4. Операциялық жүйелер қалай жіктеледі?

Жаңа сабақ

Операциялық жүйелер көптеген функцияларды орындайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Файл, белгіше - бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы бағдарламаны, терезені , функцияны бейнелеп және сақтап тұрады. Файлдық жүйенің негізгі нысандары файлдар, бумалар және белгішелер. Файл - байттардың әлдебір атауы бар тізбегі.

Файлдың аты екі бөлімнен: сол жақ (аты) және сол жақ (кеңейтілуі)

бөлімдерінен тұрады. Бума ақпаратты реттеу үшін құрылады. Жарлық - нысанға қолжетімділікті жеңілдетін, нысанның сілтеме көрсеткіші. Бумалардың түрлері: жүйелік бума және жұмысшы бума.

Жүйелік бума Windows операциялық жүйесін өзі құрып, тұтынушыға жұмыс жасауға көмектеседі. Оларды жоюға немесе басқа терезеге орнын ауыстыруға болмайды. Жұмысшы бумалар тұтынушылардың өздері құрады. Оларға Windows-те рұқсат етілген амалдардың бәрін қолдануға болады.

Сабақ жоспары Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру 5 сыныпСабақ жоспары Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру 5 сынып

Бекіту: Тапсырма: Бумалар мен белгішелерді құрып тінтуірдің оң батырмасын шертіп жұмыс үстеліне өзіміздің атымызбен жаңа бума құру.

Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытындылау.

Сабақты қорытындылау: Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру.

Үй тапсырмасын беру: Бүгінгі өтілген тақырыпты мазмұндап келу.

Бағалау: Оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.




© 2010-2022