Вне классный урок по информатике на тему Үздік информатик (5 класс)

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5 сынып.

Тақырыбы: «Үздік информатик»

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, №22 жалпы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Арынов Қуаныш Яхияұлы

Мақсаты:

а) білімділік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

ә) дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.

б) тәрбиелік: Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: жеке практикалық, шығармашылық жарыс сабағы.

Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы.

Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютер, ноутбуктар.

Көрнекіліктер: Слайд презентация, карточкалар.

Пәнаралық байланысы: Математика.

Сайысты өткізу бағдарламасы:

  • Әділқазылар алқасымен таныстыру

  • Сайысты өткізу

  • Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы

  • Марапаттау

Сайыстың өту барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және білімге құштар жас өрендер! Бүгінгі «Үздік информатик» атты сайысымызға қош келдіңіздер! "Естігенімді ұмытамын, көргенімді - есте сақтаймын, өз істегенімді - меңгеремін" деген Конфуций сөзін негізге алып бүгінгі сайысымыз негізгі практикалық, шығармашылық бағытта болмақ. (Оқушылар өздерін таныстырады.)
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға, - дей келе бүгінгі сайысымыздың ережесімен таныстырып өтейік.
І тур. Шын жүйрікте шаршау жоқ
ІІ тур. Викториналық сұрақтар. Техника дүкені (Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)
ІІІ тур. Шабыт. (ең үлкен 10 ұпай)
IV тур. Мақалдың информатикадағы мағынасын табу.


І тур. «Шын жүйрікте шаршау жоқ » кезеңі. Ойынның шарты: Әр командаға 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады. Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруі тиіс.
І командаға
1. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
9. 1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)
10. ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (ия)

ІІ командаға
1. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)
2. 1 Килобайт 8 байтқа тең. (жоқ)
3. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия) 4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
6. ЭЕМ - нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)
7. Процессор - ол компьютердің миы. (ия)
8. Пернетақта, сканер ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
9. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)


ІІ тур. Құрметті сайыскқа қатысушылар мұқият сұрақтарды тыңдаймыз, жауаптарыңыз болса қол көтереміз. Техника дүкені:

  • 1. Белгілі бір атпен сақталатын ақпараттар жиыны. (Файл)
    2. Windows-та өшірілген файлдар қайда жіберіледі? (Себет)
    3. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (Информатика)
    4. Компьютердің басты бөлігі, миы (Процессор)
    5. Алгоритм атауы кімнің есімімен байланысты? (Әл-Хорезми)
    6. Монитор мен адамның арақашықтығы неше см? (60-70 см)
    7. 1М байтта қанша К байт бар? (1024 кБ)
    8. Буып-түйілген файл (Архив)
    9. Енгізу пернесі? (Enter)
    10. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша (Курсор)
    11. Пернетақтада қанша функионалдық перне бар? (12)
    12. Сол жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Backspace)
    13. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (Сканер)
    14. Paint қандай редактор (Графикалық)
    15. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы? (CD-ROM)
    16. Файлдар жиыны (Папка)
    17. Мәтінмен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office-тің құрамына кіретін программа. (MS Word)
    18 . Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус)
    19. Сандардың аталу және жазылу әдісін не деп атайды? (Санау жүйесі)
    20.Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (Компьютер)
    21. Қандай архиватор бағдарламалары бар? (Win Rar, Win Zip)
    22. Windows сөзінің аудармасы (Терезе)
    23. Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік (Байт)
    24. Компьютерлік алфавит символдарының кез келген тізбегі (Мәтін)
    25. Мазмұндық мәні бойынша топтасқан тізбектелген қатар. (Абзац)
    26. Оң жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Delete)
    27. Дүниежүзілік ғаламдық тор (Интернет)
    28. ЭЕМ-нің дамуы неше буыннан тұрады? (5 буын)
    29. Word Pad қандай редактор? (Мәтіндік редактор)
    30. Әр түрлі амалдар бойынша мәтіндік құжаттардың көркемделуін қалай атайды? (Пішімдеу)

ІІІ тур. Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес информатикасыз түсінуге,
Компьютер дүние кілті бүгінде, - демекші, заман талабына сай әрбір адам компьютердің қыр-сырын білгенге не жетсін! Ендігі тур әр топ компютерде «Менің елім» тақырыбында сурет салады, соны қорғайды (5-10 мин)

ІV тур. Компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер интерактивті тақтада беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет

  1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.
    (Жігітті досына қарап, бағала)

  2. Байт биттен құралады.
    (Теңге тиыннан құралады)

  3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.
    (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

  4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.
    (Аттың сыры, иесіне мәлім)

  5. Амалы жоқ F1-ге жармасады.
    (СУҒА КЕТКЕН ТАЛ ҚАРМАЙДЫ)

  6. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасасада.
    (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарсада )

  7. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды.
    (Досы күштіні-жау алмайды)

  8. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.
    (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

V тур. Байқағыштығыңды байқат. Бұл кезеңде берілген суреттерден 10 айырмашылықты 2 минут ішінде табу қажет. Әр топтың айырмашылықтарды табуына байланысты қазылар алқасы баға береді. Ең жоғарғы баға - 10 ұпай.

Ребусты шешу. Вне классный урок по информатике на тему Үздік информатик (5 класс)

Көрермен - мен ойын.


Оқушылардың жұмыстарын бағалау.

Осымен 5 тур аяқталды. 5 турдың қорытындысы бойынша ұпайы ең аз оқушыға «Ойында жеңілсең де, өмірде жеңілме деп» рахметімізді айтамыз, Жоғары ұпай жинаған екі оқушы келесі соңғы турға өтеді. Біздің төртінші турымыз «Домино» Интерактивті тақтадан бір ұяшықты таңдап. Берілген әріптен басталатын информатика пәнімен байланысты сөзді алып мынадай ретпен орналастыру керек: келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталуы керек. Берілетін уақыт - 2 минут.

Өрбітіп ойлар ойда қала берер,
Білім сана толастап жана берер.
Сайыскерлерге әділ баға беретін

Әділқазыларды ортаға шықрайық..
(Әділқазылар алқасына сөз беріледі).

Сонымен бүгін біз информатика пәні бойынша «Үздік информатик» сайысын өткізіп, ең жақсы ойын көрсеткен оқушыларға және де ойынды жақсы бағалап отырған әділқазылар алқасына да рахметімізді айтамыз. Келесі кездескенше Сау саламат болыңыздар!

© 2010-2022