Информатикадан ашық сабақ Сызықтық алгоритмдерді программалау (7 сынып)

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Информатикадан сабақ үлгісі

Информатика 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Компьютерді пайдалана отырып түрлі есептердің шығару алгоритмін талдап, шығару кезеңдерімен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен ізденуге, өз ойларын толық жеткізе білуге қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды уақытты үнемді пайдалануға, ынталылылыққа және қиындылықтарды жеңуде табандылыққа баулы. Өз Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Көрсете түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс тапсырмалар орындау

Пәнаралық байланыс: математика, химия, физика, ағылшын тілі.

Техникалық оқыту құралдары: компьютер.

Құрал -жабдықтар: слайдтар, плакаттар, бағалау парағы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен амандасу

2. Түгелдеу, оқу құралдарын дайындату

ІІ. «Кім көп біледі?» кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру, сұрақтары:

  1. Алгоритм түрлерін атаңдар

  2. Алгоритмдік тіл деп нені айтамыз?

  3. Алгоритмге өмірден мысалдар келтіру

  4. Шаршы ішіне шеңбер сызу алгоритмін құрыңдар

  5. Алгоритмдердің жазылу формаларын ата

ІІІ. «Білімге білім қос» кезеңі. Жаңа сабақ

Сызықтық алгоритмдер дегеніміз- іс-әрекеттердің бірінен кейін бірі тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм.

1-мысал: Мектепке бару алгоритмі /Қызметші сөздер арқылы/

алг мектеп

басы

үйден шығу;

аялдамаға бару;

автобусқа отыру

мектеп аялдамасынан түсу, мектепке келу/ кіру/

соңы

2-мысал: Шай жасау алгоритмі/ Оқушылар өздері құрады/

3-мысал: Үй тапсырмасын орындау алгоритмі
басы
күнделікті алу, тиісті бетін ашу,
үй тапсырмасын анықтау
үй тапсырмасын орындау
күнделікті орнына қою
соңы

IV. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлапар» кезеңі бойынша оқушылар 3 топқа бөлінеді: « Ойшылдар», «Информатиктер», «Программистер»

Мұнда «Ойшылдар» тобы физика, математика, химия пәндерінен есептер шығарады. Ал «Информатиктер» тобы есептерге алгоритм құрса, «Программистер» сол есептерге программа жазады. Әр тапсырмадан соң топтар қызметтерін ауыстырып отырады.

1-тапсырма. Өрнектің мәнін табыңдар: аИнформатикадан ашық сабақ Сызықтық алгоритмдерді программалау (7 сынып)

Математикалық жазылуы: Информатикадан ашық сабақ Сызықтық алгоритмдерді программалау (7 сынып)

Алгоритмі Программасы:

алг өрнек (бүтін а, нақты у) program esep1;

арг а, в var a,y:integer;

нәт у

басы begin

енгізу а a:=2;

У:=Информатикадан ашық сабақ Сызықтық алгоритмдерді программалау (7 сынып) y:=Информатикадан ашық сабақ Сызықтық алгоритмдерді программалау (7 сынып)

шығару у write ('y=-'y);

readln;

соңы end.

2-тапсырма. Егер ауаның 21% оттегіні құраса, онда авс өлшеміндегі бөлмедегі оттегінің көлемі қанша болды? а=3, в=4,с=5.

Математикалық жазылуы: V=0,21*3*4*5=12,6

Алгоритмі Программасы

алг химия ( нақты а, в, с, нәт v) program hymia;

арг а, в, с var a,b, c, v: real;

басы begin

енгізу а, в, с a:=3: b:=4: c:=5;

V=0,21*3*4*5=12,6 V:=0.21*a*b*c;

шығару V write ('v='v);

readln;

соңы end.

3-тапсырма. Сызықтық программаларда жіберілген қатені тап. /Әр топ екі жолдың қатесін табады/.

Program kateny tavu Program kateny tavu;

Var m=integer, a:byte Var m:integer; a,f:byte;

Begin; Begin

M=3.8, a=14.3: f:=m*a M:=3.8; a:=14.3;f:=m*a;

Writeln('f=,f:4:1) Writeln('f=',f:4:1);

Readln Readln;

End.

4-тапсырма. «Қатесін түзей отырып ретін тап» ойыны. Бүтін А санының түбіріне шығаратын программа құрыңдар. /барлық топқа бірдей/

Var a:integ; x:real;

X:=sqrt(a);

Program san a;

begin

Readln (a);

Writeln ('x=',x:2:1);

End

begin

Readln (a);

Var a:integ; x:real;

Program san a;

End.

Writen ('x=',x:2:1);

X:=sqrt(a);

V. «Қай топ жылдам» кезеңі бойынша сөзжұмбақты шешу



  1. Алгоритмнің түрі

  2. Алгоритмнің қасиеті

  3. Алгоритмдердің алдын ала, жазбаларын құрастыру тілі

  4. Графика түрлері

  5. Алгоритмнің жазылу формалары

  6. Ақпараттың аспектілерін зерттейтін ғылым

  7. Шама түрлері

8. Паскаль тілінде := қандай оператор? /меншіктеу/

VІ.Сабақты қорытындылау.

Рефлексия «Бүгінгі сабақты өзіңше бағала»

VII. Үйге тапсырма:§17-19, Өмірде кездесетін, өздеріңе белгілі алгоритмдерге мысал келтіру

VII.Бағалау: Жинаған ұпайлары бойынша бағалау

Сергіту сәтінде төмендегі суреттің айырмашылығын табу.

Информатикадан ашық сабақ Сызықтық алгоритмдерді программалау (7 сынып)

Жакипова Анар Тойшибековна- информатика пәнінің жоғары білімді, бірінші санатты мұғалімі.Информатикадан ашық сабақ Сызықтық алгоритмдерді программалау (7 сынып)

Қарағанды облысының Жезқазған қаласында №10 жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі.

Еңбек өтілім/педагогикалық/: 17 жыл.

© 2010-2022