Сыныптан тыс жұмыс 9 сынып Жас информатиктер

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» ММ

«№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ




«Жас информатиктер»


интеллектуалдық ойыны



Информатика пәнінің мұғалімі: Елемесова А.А.

Сыныптан тыс жұмыс 9 сынып Жас информатиктер





Семей -2015 жыл


Күні: 21.12.2015ж Сыныбы: 9 «Б»

Информатикалық - интеллектуалды ойын
Тақырыбы:«Жас информатиктер»
Пән: Информатика

Мақсаты:

Өткен тараулар бойынша оқушылардың білімдерін нығайту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойларын тиянақты жете айтуға, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Компьютер, интерактивті тақта, презентация.

Қолданылған материалдар; информатика оқулықтары, интернет

Басқа пәндермен байланысы: математика , орыс тілі, ағылшын тілі

Өту кезеңдері.:
1 Сұрақ-жауап "Бәйге"

2. "Полиглот"

3. Топ басшылар сайысы «Қатені тап»

4. "Кім жылдам"

5. "Бұл кім?" сайысы

6. Қорытынды.

Құрметті ұстаздар, коммиссия мүшелері және Білімалушылар! «Жас информатиктер» атты Информатикалық - интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер. .
Коммиссия мүшелері: Садыканова Ж.Б., Тусупова Г.С., Кокашева П.М. Шакаримов К.Ж.
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып. - дей келе ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Бұл ойында екі топ өздерінің бақтарын сынамақшы: 1 топ- Сұңқар. 2 топ- Тұлпар.
Ендігі кезек өзінің білімін сынауға, алғырлығымен, тапқырлығымен шыңдауға келген білімалушыларды өз топтарын таныстыру үшін шақырылады.

І кезең «БӘЙГЕ» сұрақ - жауап. Бұл бөлімнің шартын түсіндіріп өтейін. Сұрақтың жауапбына шапшаң жауап берген білімалушылар әр дұрыс жауап 1- ұпай.
1- топ сұрақтары.
1. «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қашан қабылданы? (2007 11 қаңтар №217)

2. Принтердің неше түрі бар? (3 түрі бар матрицалық, лазерлік және струйный)

3. Бұл термин латынның түсіндірілу, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан. (ақпарат)

5. Интернет желісі қай жылы пайда болды? (1969 жылы)

6. Бас әріппен жазу батырмасы. (CapsLock)

7. Операциялық жүйе дегеніміз не? компьютердің барлық басты әрекеттерін сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа.

8. Алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы - (модем).
9 . Компьютердің ең негізгі құрылғысы - ( жүйелік блок)

10. Текстің қазақша аталуы - (мәтін).
2- топ сұрақтары.

1. Мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы? (монитор).
2. Ақпарат термині латын тілінен аударғанда қандай ұғымды білдіреді? (баяндау, түсіндіру, мәлімет)

3. Соңғы кезге дейін ең кең таралған, арзан, әрі пайдалануға қолайлы принтер (матрицалық).
4. Тышқаның ағылшынша аталуы - (маус).
5. Мәліметтерді тасымалдау құралдары - (диск. флешка).

6. Қазіргі таңда бұл адам атақты "Microsoft" компаниясының президенті. 13 жасында алғаш программасын құрған. (Билл Гейтс )
7. Жадтың көлемі немен өлшенеді - (байт, бит)

8. Есепшот Ресейде қай ғасырда пайда болған? ( 15 - 16ғ ).
9. Монитордың экранындағы кез келген көрініс түрлі түсті нүктелерден тұрады, бұл нүктелерді не деп атайды? (пиксель)
10. Көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық схема - (процессор).
ІІ кезең. «ПОЛИГЛОТ». Бұл бөлімде берілген сөзді қазақша, орысша ағылшын тіліне аудару қажет.
1- топ сұрақтары. Әр дұрыс жауап 5 ұпай.

1. Жүйелі блок; Системный блок; System unit.
2. Монитор; Монитор; Screen.
3. Құлақшын: Наушник; Headphones.
4. Бума; Папка; Icon.
5. Ұлғайтқыш; Лупа; Magnifying glass.

2-топ сұрақтары.
1. Мәтіналғы; Сканер; Scanner.
2. Тінтуір; Мышка; Mouse
3.Пернетақта; Клавиатура; Keybord
4. Қатқыл диск; Винчестер; Hald disk
5.Басып шығарғыш; принтер; printer.
III - кезең. Топ басшылар сайысы "Қатені тап" 2 шығырма беріледі соның қатесін табу қажет.

Дұрыс жауаптары.

1-шығырма. 8- қате жіберілген.

1.Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет

2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі

3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылыды

4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады

5. Сәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады

6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққалқан керек

7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады

8. Плоттердің екінші аты - графиксызғыш құрылғы

2-шығарма. 3 қате жіберілген.

1. Word графикалық редактор емес

2. Word-та суреттің кез келген бөлігін бояу оңай емес

3. Графикалық bmp форматы векторлық форматқа жатпайды.

IV - кезең «Кім жылдам?» Экранға суреттер көрсетіледі, сол суреттің не үшін пайдаланылатынын түсіндіру үшін 4 секун қана беріледі. Тапқырлығына қарай әділқазы алқалары 1 ұпай беріп отырады.

V - кезең "Бұл кім?" сайысы. Мұнда информатика саласына қатысы бар кісілердің аты -жөндері жасырылады. Әрбір дұрыс жауап - 10 ұпайдан.

1) Бұл кісі 1902 жылдың 2 қарашада Нижний Новгородта мұғалімдер жанұясында дүниеге келген. 1928 жылы инженер-электрик мамандығын алып Бауман атындағы университетте сабақ берген. 1939 жылы докторлық диссертация қорғаған. 1947 жылы электротехника институтының директоры болып тағайындалды. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары осы академиктің басшылығымен жасалады, оны МЭСМ деп атаған. (Лебедев С.А. )

2) 2. Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы ХІХ ғасырдан баталады. 1833 жылы бұл ғалым бағдарлама арқылы басқарылатын "Аналитикалық машина" жобасын жасады. Сондықтан да оны қазіргі компьютердің "атасы" деп те атайды. (Ч. Бэббидж)

3) ХІХ ғасырдың соңында американдық ғалым есепші - перфорациялық машина құрастырды. Өз машинасының көмегімен бұл ғалым көп адамдар жеті жыл бойы есептейтін есептеулерді үш жылда орындап шықты. Бұл кісі есепші перфорациялық машиналарды фирманың негізін қалады, кейін ол дүние жүзіне әйгілі компьютер шығаратын ІВМ фирмасына айналады. (Герман Холерит)

4) Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бұл ғалым - әйел бірінші программист болып саналады. Бұл әйел атақты Байронның қызы. (Ада Левлейс)

5) 1642 жылы бұл француз математигі он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектермен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. (Блез Паскаль)

6) Қазіргі таңда бұл адам атақты "Microsoft" компаниясының президенті. 13 жасында алғаш программасын құрған. (Билл Гейтс)

VI кезең. Қорытынды. Әділ қазылар алқасы қорытынды ұпайларын жариялап, марапаттайды. »

© 2010-2022