План урока (5 класс)

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

План урока (5 класс)План урока (5 класс)План урока (5 класс)План урока (5 класс)№189 орта мектеп














Тақырыбы: Ақпаратты іздеу, жазу және оқу

Пәні: Информатика

Сыныбы: 5 «А»

Өткізген: Информатика пәнінің мұғлімі Қарақұлова С.Е.




2015-2016 оқу жылы.

Күні: 05.12.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты іздеу, жазу және оқу

Сабақтың мақсаты: Windows қосымшасында ақпаратты сақтау, оқу нысандарды іздеу ережелерімен таныстыру.

Білімділік: Ақпаратты сақтау ережесін, «Сохранить», және «Сохранить как» командасынан өзге, жұмысты іздестіру алгоритм командасынан «Пуск - Поиск» орындалуымен таныстыру;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын, компьютерлік сауаттылығын дамыту

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жылдамдыққа үйрету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі ашық сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі сұрақ жауап

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа назарын аудару. Оқушыларды топқа бөлу. Түстер әлемі «Қызықты Психология» сенің ұнататын түсің қандай? Оқушыларға топқа бөлу мақсатында қызыл, жасыл, көк стикерлер таратамын.

ІІ. Үй тапсырмасы тексеру: Оқушыларға 10 тапсырма беріледі. Әр оқушы тапсырманы орындайды.

  1. Компьютерде жұмыс істеу барысында нысандарға көбіне қандай амалдар қолданылады? (Көшіру, орын алмастыру, жою, атын ауыстыру)

  2. Қатар орналасқан сандар деп нені атаймыз? (Шектес нысандар)

  3. Алмасу буферінің көмегімен көшіру үшін қандай бұйрықтар жатады? (Көшіру, кірістіру)

  4. Нысандарды жойғанан кейін дискіде орын босайтын тәсіл (Ерекшеленген нысанға Shift + Del пернелерін басқанда)

  5. Нысандарды көшірудің қандай тәсілі алмасу буферін қолданбайды? (Ctrl пернесін басып тұрып, тышқанның сол жақ батырмасмен жылжытқанда)

  6. Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады (Файл)

  7. Қандай терезелердің мәзір жолдары, жиыру және жою батырмалары жоқ? (Сұхбат терезелерінде)

  8. Буманы ашу үшін не істейміз? (Осы буманы тышқанның оң жақ батырмасымен екі рет шерту керек)

  9. Windows нысандарына қандай амалдар қолданылады? (Көшіру, жылжыту, жою)

  10. Ерекшеленген нысандар тобына қолдануға болмайтын әрекет? (Атын өзгерту)


Ой қозғау: Қызығушылықты ояту. Жаңа сабаққа ену үшін оқушыларға суреттер көрсетіледі, сұрақтар қойылады.

  1. Экраннан қандай суреттер көріп тұрсыздар?

План урока (5 класс)

Нысандарды кеңейтілген түрде іздеу

План урока (5 класс)

Суретті сақтау


План урока (5 класс)

Сақтау терезесі

  1. Уақыт өте келе адамдар тасқа немесе тағы нелерге салған (қағазға және попирусқа).

  2. Жұмыс үстелінде қандай нысандар орналасқан?

Есептер тақтасы

«Бастау» мәзірі

Бас мәзірі

БелгішелерПлан урока (5 класс)

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ізделетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Атауы осы символмен басталатын ең жақын нысан ерекешеленеді. Сол пернені қайта басқанда келесі ұқсас нысан ерекшеленеді Сонымен, буманың атаулары осы символдан басталатын барлық нысандар тексеріледі.

Сіздер жылдам іздеуді тек ізделетін нысанның қандай бумада орналасқанын білетін жағдайда ғана пайдалана аласыңдар. Ал егер олай болмаса, онда кеңейтілген іздеуді қолдану керек.

Файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу терезесіне енгізу керек. Программа сіздер көрсеткен атауы бар барлық нысандарды табады.

Сіздердің сұраныстарың бойынша табылған файлдар терезенің жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Таңдалған файлды тышқанмен шертсеңдер іске қосылады.

План урока (5 класс)

Нысандарды кеңейтілген түрде іздеу


Windows-тің барлық қосымшаларында ақпаратты сақтау мен оқудың қабылданған жалпы ережелері бар.

Құрылған суретті немесе құжатты файлға бірінші рет сақтау үшін мына әрекеттерді орындауларың керек:

  • Сақтау немесе Қалай сақтау бұйрығын таңдау (69-сурет);

  • Терезеде сендердің файлдарың сақталатын бума көрсетіледі. Қажет болған жағдайда басқа сақтайтын орынды таңдауға болады (70-сурет);

  • Файлдың атын теру;

  • Сақтау батырмасын басу;

Программамен жұмыс істегенде файлдарды жиі-жиі сақтап отыруларың керек. Егер файл бұған дейін сақталған болса және атау берілген болса, онда сақтау жұмысы жеңілдейді. Бұл жағдайда программа сақтау терезесін шығармайды және сендерден файлдың атын сұрамайды. Сендер Сақтау бұйрығын (немесе CTRL+S пернелерін) таңдайсыңдар, экранда ештеңе болмайды, бірақ файлдағы өзгертулер сақталады.

План урока (5 класс)

Суретті сақтау

Дискіде жазылған ақпаратты қажетті файлды іске қосу арқылы оқиды. Файл атауының кеңейтілуі нәтижесінде Windows операциялық жүйесі файлды қандай программаның көмегімен ашу керек екенін өзі анықтайды. Файлды қосымшаның өз терезесінде де ашуға болады. Ол үшін Ашу бұйрығын орындау керек.

План урока (5 класс)

Сақтау терезесі


IV. Сергіту сәті.

І тапсырма «Мәтінмен жұмыс» Екі топтағы оқушылар дәптермен жұмыс жасайды. Екі топқа екі тақырып беріледі.

1 - топқа Ақпаратты іздеу

2 - топқа Ақпаратты жазу, оқу

Әр топ өз тапсырмаларын қорғап шығады.

ІІ тапсырма «Кім жылдам» Жұппен жұмыс

Оқушылар берілген тапсырманы торкөздердегі әріптерден көрсетілген сөзжұмбақта жасырылған сөздерді табу керек. Әр оқушы өз жұбымен тапсырманы орындайды. Кәне кім жылдам.

М

Т

П

Л

О

Т

Т

Н

О

М

И

Ы

П

Р

Р

Т

Е

И

Д

Е

К

Ш

Н

И

Е

Е

Р

О

М

М

Р

Қ

А

Н

Т

Р

Н

Н

И

Т

О

Н

Т

С

О

З

Е

Т

Р

О

П

А

И

Б

А

Й

Т

Т

Е

З

Р

М

В

П

И

К

М

Е

Р

Е

О

Ә

И

А

Р

С

О

Ұ

А

Ф

Ц

Т

Р

И

Х

Е

Д

Я

Й

Л

Е

І

У

В

Ж

Л

И

Я

И

Ц

С

Н

С

Д

А

Ь

Ф

И

К

А

С

О

Р

А

Б

О

Н

Е

Н

Т

Жауабы: Жасырылған сөздер: микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз байт, пиксель, архив, жад, абонент, модификация, ұя, файл, монитор, модем, интернет, байт, антивирус.

ІІІ тапсырма Сәйкестендіру. Оқушылар сәйкес жауабын табу керек.

Ақпарат

Сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.

Ақпаратты іздеу

Файлды немесе буманың атауын «Бас мәзірдің» іздеу терезесіне енгізу

Ақпаратты жазу

Сақтау немесе қалай сақтау бұйрығын таңдаймыз

Ақпаратты оқу

Ақпаратты қажетті файлды іске қосу (ашу) арқылы орындайды

V. Жаңа сабақты қортындылау Ең алдымен оқушылар ақпарат деген сөзге қандай анықтама берер едіңіздер? Ақпарат дегеніміз сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып таыбылатын қоршаған әлем.

Адамдар ақпаратты қалай қабылдайды? Көреді, естиді, иіс сезеді, дәмді сезеді, сезінеді.

Ақпаратты алу

Ақпаратты қабылдау тәсілі

Бейнелеу тәсілдері бойынша

Көру

Көрінетін ақпарат

Сан

Есту

Естілетін ақпарат

Дыбыс

Иіскеу

Иіскеу арқылы

Графика

Дәм сезу

Дәм сезу арқылы

Мәтін

Сезу

Сезу арқылы

Видео

VI. Бағалау

Не білдім

Не үйрендім

Сабақтан алған әсерім

VIІ. Үйге тапсырма Бүгінгі өткен тақырыпты оқулықтан оқып келу және өткен тақырыптарға байланысты ребус құрап келу.



© 2010-2022