(Сабақ жоспары) Объектілерді енгізу (10 сынып)

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

18 сабақ 10а сынып

Күні _______

Сабақтың тақырыбы : Объектілерді енгізу

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Файл, файл типтері жөнінде толық мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды кішіпейілдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: компьютер, тақта

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Жаңа сабақ

  4. Сабақты бекіту

  5. Үйге тапсырма

Үй жұмысын тексеру:

  1. Жиым дегеніміз не?

  2. Екі өлшемді жиым дегеніміз не?

  3. Жиымға мысал келтір

Жаңа сабақ

Ақпаратты мәліметтер мен программалар ішінде жадтың ұяшықтарында байт немесе байттар тобы түрінде сақталады. Олар ұяшықтардың адресі бойынша қатынауға болады. Файл дегеніміз бір типтегі байттардың тізбегі.

Файл сөзі ағылшын тілінен аударғанда «қапшық» дегенді білдіреді файлға жататындар: программалар, мәліметтер немесе олардың бөлігі. Файл атауы өзара нүктемен бөлінген екі бөліктен тұрады, бірінші бөлігі өз атауы, екінші бөлігі кеңейтілуі.

Файлдар екі түрге бөлінеді:

  1. Тізбектей қатынайтын файлдар

  2. Ерікті қатынайтын файлдар

Тізбектей қатынайтын файлдар операторларының қызметі:

  • Файлға жаңадан мәлімет жазу үшін, файлдан мәліметті оқу үшін операторлар файлды ашады;

  • Файлдан керексіз жерлерді алып тастау үшін;

  • Файлдармен жұмысты аяқтағанда, файлды жау операторы бар;

Файлмен жұмыс жасағанда файлдың жүйемен қалай байланысқанын білуіміз керек.

Файлды ашу бұйрығы Open файл аты For Жұмыс режимі As файл дискрипторы

Мұндағы файл аты (« »белгісіне алып жазылады) дискідегі файлдың толық аты егер бір ғана файлды көрсететін болсақ, онда сол файл жоба бумасында болуы қажет. Файл дискрипторы 1-ден 511-ге дейінгі кез-келген сан, ол файл идентификаторы қызметін атқарады.

Жұмыс істеу режимі:

  • Output файлға жаңа ақпарат жазады (егер файлда сақталған ақпарат болса, ол жойылады); егер файл болмаса ол құрылады;

  • Append файл соңында жаңадан ақпарат қосады;

  • Input файлдан ақпаратты оқиды. Егер файл болмаса, онда қате шығады.

Файлды жабу бұйрығы

Close # [дескрипторлар тізімі].

Дескрипторлар тізімі - үтір арқылы жазылған, жабылатын файлдың идентификаторы.

Ерікті қатынайтын файлдар

Ерікті қатынайтын файлдарды мәліметтер қоры десек те болады.

Мысалы: әйелдер көйлегі туралы мәліметтер қарастырайық

  • Киім моделі (15 таңбадан аспауы керек).

  • Түсі (10 таңбадан аспауы керек).

  • Өлшемі (10 таңбадан аспауы керек).

  • Бағасы (5 таңбадан аспауы керек).

  • Данасы (10 таңбадан аспауы керек).

Бұнда әрбір мәлімет жолы өріс деп аталады, ал әрбір өріске жазылатын мәлімет жазба деп аталады.

Ең алдымен пайдаланушы өзінің мәліметтер қорын құрып алуы керек.

Private Type abotCars

Model As String*15

Tus As String*10

Olshem as String

Bagasi As Long

Danasi As integer осыдан барып Cars айнымалысын хабарлаймыз.

Dim Cars As AboutCars, n As Integer

N=Len (Cars)

Осы ерікті файлды Random түйінді сөзімен ашамыз.

Сабақты бекіту:

  1. Файл дегеніміз не?

  2. Қажетті мәліметтер қалай сақталады?

  3. Файлдың түрлері қандай?

  4. Мәліметтер қоры дегенімізді қалай түсінесіңдер?

Үйге тапсырма: оқу мазмұндау

бағалау


© 2010-2022