Информатика пәні ЛОГИКА ЖӘНЕ ЛОГИКАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР (8 сынып)

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:


8 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Логика және логикалық операциялар.

Сілтеме

8-сынып оқулығы. Авторы: Н.Ермеков, Н.Стифутина, электрондық оқулық, презентация

Жалпы мақсаттар

Оқушыларды логика ұғымымен, компьютердің өңдеуі қатысында жүретін логика түрлерімен таныстыру. Пікір түсінігімен және пікірдегі байланыстар қалай қолданылатынын түсіндіру.

Оқыту нәтижесі

Оқушылар пікірді анықтауды біледі, оның ақиқаттығын бағалау және пікірге мысал келтіре алады.

Сабақтың әдісі

Баяндау, сұрақ-жауап, диалог, , топпен жұмыс, АКТ, қолдану, электронды оқулықпен жұмыс, «Блум таксономиясы», Сын тұрғысынан ойлау («Ой тастау», », «Қызығушылығын ояту», «Джексо әдісі», «Топтастыру», «Кесте толтыру», )

Жалпы

Білу

Үй тапсырмасы.

Түсіну

Мағынаны тану

Қолдану

Оқулықпен жұмыс

Талдау

Кестемен жұмысы

Жинақтау

Корытынды

Бағалау

Өзін- өзі бағалайды

Сабақ барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

3 минут

Психология

лық дайындық

10 минут



3 минут

14 минут



5 минут



3 минут



4 минут

1 минут

1 минут

2 минут


  • Сыныппен сәлемдесу.

  • Сыныпты ұйымдастыру (оқушыларды тексеру, аудиторияны қалыпқа келтіру)

  • Сергіту сәті «Қызықты сұрақ» Сыныпқа тақырыпты ашатын, бірақ жауабы қиындау сұрақ қойылады. Тапқан оқушыны мадақтап, ешкім таппаса, жауабын мұғалімнің өзі айта отырып, сабақтың тақырыбын айтады. Сұрақтар: Неліктен? Ол кім, бұл не? сипатында болып келеді.


  • Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.

  • Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

«Білу»

І. Үй тапсырмасы.

Флипчартта логика туралы не білеміз?.

Логика

ІІІ. Жаңа сабақ.

«Түсіну»

Қызығушылығын ояту

Негізгі логикалық операцияларды қарастырайық.

ЛОгикалық айтылымдармен жұмыс істеу үшін оларға ат қояды. «Айдар жазда теңізге барады» айтылымы А арқылы белгіленсін, ал В арқылы «Айдар жазда тауға барады» айтылымы белгіленсін. Сонда «Айдар жазда теңізге де, тауға да барады» құрамды айтылымын А және В деп қысқаша жазуға болады. Мұндағы және логикалық жалғау, А,В - логикалық айнымалылар.

«Қолдану»

Оқулықпен жұмыс жасаймыз. Джексо әдісі

№1 тапсырма. Логикалық көбейту.

№2 тапсырма. Логикалық қосу.

№3 тапсырма. Логикалық теріске шығару.

Сергіту сәті. «Қірпі»

«Талдау»

Бекіту.

  1. Мына айтылымдардың терістеуін құрыңдар:

А) «Бір құлағы ақ, екінші құлағы қара ит болады»

В) «Иттердің есте сақтау қабілеті нашар»

С) «Әрбір есептің шешуі бар»

Д) «Біз киноға барамыз»

Е) «Кейбір адамдар логиканы зерттейді

«Жинақтау»

Қорытынды.

Өзім: білгім келеді дегенге қосымша мағлұмат беру.

Бағалау.

Өзін - өзі бағалау парағы бойынша оқушылар өз жауаптарын жинаған ұпайлары арқылы бағалайды. Әр тапсырмаға 5 ұпайдан беріледі.

Аты- жөні

Тапсырмалар

Ұпай саны

Бағасы

Ү.т.

№1

№2

№3

Бекіту











Үйге тапсырма. Логика және логикалық операциялар.

Рефлексия.

Екі жұлдыз - жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат

Бір тілек - бұл жақсартуға болатын нәрсе.

Алған әсерлерін стикерге жазу. (Стикермен бағалау)



© 2010-2022