Сабақтың тақырыбы: Есептеу техникасының даму тарихы. Электронды – есептеуіш машиналардың кезеңдері

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты: Информатика Күні:. 07.10.2015 № 6 Сынып: 6А

Сабақтың тақырыбы: Есептеу техникасының даму тарихы.Электронды - есептеуіш машиналардың кезеңдері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың есептеу техникасының даму тарихы, римдік абак, шот, феликс арифмометрі,беббидж аналитикалық машинасы, ЭЕМ кезеңдері, буындары туралы түсінік беру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке, денсаулықтарын сақтауға, заман ағымына сай алға ұмтылуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың өту әдісі: Көрнекіліктерді пайдаланып түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

конференція сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру .

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Сабақты бекіту.

  5. Үйге тапсырма беру.

  6. Бағалау

Үй тапсырмаcын сұрау

Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары.

.

  • Ақпаратты қорғау тәсілдері

  • Мұрағаттау

  • Мұрағатты қалай құруға болады?

  • Әртүрлі ақпаратты қалай сығуға болады?

Жаңа түсініктер:

  • Ерте кездегі есептеу машиналары

  • Механикалық есептеу құрылғысы

  • Аналитикалық машина

  • Программа

  • АДА программалау тілі

  • ЭЕМ кезеңдері

  • ЭЕМ 1,2,3,4 буыны

  • Болашақ 5 дуыны

Алғашқы санау құрылғылары б.д.д 3000 жыл бұрын (абак, орыс, жапон, қытай шоттары)пайда болды.

1673 жылы неміс математигі Лейбниц механикалық арифмометр ойлап шығарды.

1833 жылы Чарльз Бэббидж программа бойынша жұмыс істейтін аналитикалық машинаның идеясын ұсынды.

Ада Лавлейс 1843 жылы Беббидждің аналитикалық машинасы үшін алғашқы программа жазды.

Сергіту сәті

Электрондық есептеу машиналары кезеңі XX ғасырдың 30- жылдарында басталды.

1946 жылы 15 ақпанда алғашқы ЭЕМ- Eniac құрастырылып бітті.

ЭЕМ І буыны 1946-1958 электрондық лампалар қолданылды.

ЭЕМ ІІ буыны 1958-1964 жартылайөткізгіш транзисторлар өолданылды.

ЭЕМ ІІІ буыны 1964-1972 интегралдық сызбаларға негізделген.

Төртінші буын - бұл компьютерлік техниканың бүгінгі, 1970 жылдан кейін жасалған буыны. Үлкен интегралдық сызбалар алғаш қолданыла бастады.

Бесінші буынның ЭЕМ- ол жақын болашақтың машинасы.

Сабақты бекіту сұрақтары:

КТЖ А, В, С деңгейі

Түйін жасау!

Үйге тапсырма.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің буыны

Тест тапсырмалары

Бағалау

Сабақ айтқан оқушыларды бағалау


© 2010-2022