Сабақтың тақырыбы: Терістеу ұғымы. 2-сынып информатика

2-сынып Информатика.Сабақтың тақырыбы.”Терістеу” ұғымы.Сабақтың мақсаты.1.”Терістеу” ұғымын түсіндіру.2.Нысанның қарама-қарсы қасиеттерін қайталау.3.Ойындар арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.4.Оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Әдістемелік нұсқаулар.“Терістеу” ұғымы-алгебралақ логика  немесе Буль алгебрасының негізгі түсініктерінің бірі.Емес сөзінің көмегімен заттардың кейбір қасиеттерін үйретіп,осы ұғымды түсіндіру үшін ойын ұйымдас...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2-сынып Информатика.

Сабақтың тақырыбы."Терістеу" ұғымы.

Сабақтың мақсаты.

1."Терістеу" ұғымын түсіндіру.

2.Нысанның қарама-қарсы қасиеттерін қайталау.

3.Ойындар арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

4.Оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Әдістемелік нұсқаулар.

"Терістеу" ұғымы-алгебралақ логика немесе Буль алгебрасының негізгі түсініктерінің бірі.Емес сөзінің көмегімен заттардың кейбір қасиеттерін үйретіп,осы ұғымды түсіндіру үшін ойын ұйымдастырылады.Мысалы,Керісінше айт ойынын өзгертуге болады.

Мұғалім бір сөзді айтады.Оқушылар ол сөзге емес сөзін қосып теріс мағынада айтады,содан кейін кері мәндерін айтады.Мысалы үлкен-үлкен емес т.б. Сол сияқты Керісінше жаса ойынын өткізуге болады.

Мұғалім бір әрекетті көрсетіп,оның атын атайды.Ал оқушы кері әрекетін көрсетіп,оның мәнін айтады,мысалы оқу-оқымау,қарау-қарамау т.б.

Оқушылармен бірлесіп,мына мақалдарды талқылаңдар.

Білімдінің күні жарық,білімсіздің күні кәріп.

Білсең айт-білмесең үндеме.

Тапсырмалар:

1.Әріптерді қорша.Қалған таңбаларды қалай атауға болады

(Әріптер емес)

2.Артық затты тауып,терістеуді құрастыр (Кітап,дөңгелек емес,қызыл емес)

3.Кім қайда тұрады? Мұғалім оқушыларға әрбір үйдің жанында белгі тұрғанын былай түсіндіреді мұнда дөңгелек емес,яғни үшбұрыш немесе шаршы және т.б.тұрады.

4.Нысандарды салыстыр."Емес" сөзінің көмегімен оның қарсы мағынадағы мәнін жаз( Машина-биік емес,доп-қызыл емес,шай-ыстық емес және т.б.)

5.Жұмбақтарды шеш.

1.Түнде ұйықтамай,тышқан күзетеді (Мысық)

2,Қанша ақса да бітпейді,

Арнасынан асып кетпейді. (Өзен)

3.Дегендей ешкім тимесін,

Алыпты қадап инесін. ( Кірпі)

4.Қанаты бар, ұшпайды,

Су астында қыстайды. (Балық)

5.Ыстық құйсаң, суымайды,

Суық құйсаң, ысымайды. (Термос)

6.Ақ түсті,қар емес,

Дәмі тәтті,бал емес. (Қант)



© 2010-2022