Сабақтың тақырыбы Атқарушы -Тотан

Раздел Информатика
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ертегi әлемiнде. Атқарушы - Тотан

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды ертегi әлемiндегi алгоритм атқарушы -"Тотанмен" таныстыру.

  2. Оқушыларды алгоритм атқарушы - "Тотанның" командалар жүйесiмен таныстыру

  1. оқушыларды алгоритмдi атқарушы - "Тотанның" жұмыс дағдыларын қалыптастыруға үйрету.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Ерте, ерте, ертеде Шынтемір деген хан болыпты. Оның Күнікей атты жалғыз қызы бар екен. Күнікей ай десе ауызы, күн десе көзі бар сұлу әрі ақылды қыз боп бойжетеді. Шынтемір ақылына көркі сай жалғыз қызына тең келер күйеу іздестіріп, жарлық шығарады. Бақтарын сынағысы келген жігіттерге тұғырға қондырылған 3 алтын таяқша бередi. Таяқшалардың бiрiнде 256 алтын сақина орналасқан: ең төменінде - үлкен сақина, ең жоғарғысында сақиналардың ең кiшкентайы орналасқан.

Шынтемір хан таяқшаларды жігіттерге беріп, былай дейді: «Кімде-кім бiрiншi таяқшадан екiншi аралық таяқшаны пайдалана отырып, мына ережемен барлық сақиналарды үшiншi таяқшаға ауыстырса, сол ақылын танытқан жігітке қызымды беремін. Енді сақиналарды алмастырудың ережелерін тыңдаңдар:

  • бiр жүрiсте жоғарыда тұрған бiр сақинаны ғана алуға болады;

  • үлкен сақинаны кiшi сақинаның үстiне қоюға болмайды;

  • әр сақинаны аударып салғанға бiр секундтан артық уақыт жұмсамау керек»

Жан-жақтан өздерін хан қызын алуға лайықпыз деп ат тізгінін Шынтемір еліне қарай бұрған жігіттер, батырлар, ғұламалар ағылып жатты. Бірақ араларынан есепті дұрыс шеше алған жан табылмады. Олардың ішінде Тотан батыр да болды. Күнікей мен Тотан бірін-бірі бұрыннан ұнататын. Кәне, енді Тотан батырға осы есепті дұрыс шешуге көмектесіп жіберейік.

Атқарушы - ТОТАН.

Атқарушы - ТОТАННЫҢ орындай алатын командалар жүйесi:

А-дан В-ға ауыстыр

А-дан С-ға ауыстыр

В-дан А-ға ауыстыр

В-дан С-ға ауыстыр

С-дан А-ға ауыстыр

С-дан В-ға ауыстыр

Тапсырмалар.

1. 3 сақинаны А таяқшасынан С таяқшасына жүрiстердің ең аз санын атқара отырып, ауыстыр.

1) А-дан В-ға ауыстыр

2) В-дан С-ға ауыстыр

Жауабы:

  1. А-дан С-ға ауыстыр

  2. А-дан В-ға ауыстыр

  3. С-дан В-ға ауыстыр

  4. А-дан С-ға ауыстыр

  5. В-дан А-ға ауыстыр

  6. В-дан С-ға ауыстыр

  7. А-дан С-ға ауыстыр

2. 4 сақинаны А таяқшасынан С таяқшасына ең аз жүрiстер арқылы ауыстыр. Қанша жүрiс жасау керек? Жауабы: 15.

"Ертегі әлемінде" ойынындағы жеңістер кестесi

Үйiрмелер саны

Жүрiстер саны

1

1

2

3

3

7

4

15

5

31

6

63

. . .

. . .

Жүрістер тiзбегiне мұқиәт қара:

1, 3, 7, 15, 31, 63, . . .

Осы тiзбектің қандай ереженi ұстана отырып пайда болғанын тауып көр.

Жауабы: Сан 2-ге көбейтiлiп, оған 1 саны қосылады.


«Жасырын сөз» бұл жерде оқушылар ертегі кейіпкерлегіне байланысты жасырылған сөздерді табу қажет. Жауабы: Әке, Шынтемір, Күнікей, Тотан, сақина, күйеу, хан.


Ғажап нүктелер:

Сабақтың тақырыбы Атқарушы -ТотанСабақтың тақырыбы Атқарушы -ТотанСабақтың тақырыбы Атқарушы -ТотанСабақтың тақырыбы Атқарушы -Тотан


«Жасырын сөз» ертегінің ішіндегі кейіпкерлердің есімдері, заттары.

«Кедергілер» Ханзадаға ханшасына баруға көмектес

1-ші кедергі

7 * (6+8) = ? Жауабы: 98

2-ші кедергі

Зат есімнің сұрақтары? Жауабы:

3-ші кедергі

"Жасыл" түсті ағылшын тіліне аудар. Жауабы: green

4-ші кедергі

"Весна пришла, птицы прилетают, листия зеленеют" қазақшаға аудар. Жауабы: Көктем келді, құстар ұшып келіп жатыр, жапырақтар жасыл.

5-ші кедергі

Алгоритмдер дегеніміз не? Жауабы: Бұл атқарушыға арналған әрекеттер тізбегі

6-шы кедергі

Сабақтың тақырыбы Атқарушы -ТотанСабақтың тақырыбы Атқарушы -ТотанСабақтың тақырыбы Атқарушы -Тотан

жауабы: А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Әуезов





© 2010-2022