Ақпаратты өңдеу тәсілдері 5-сынып

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты : Информатика

Сынып : 5

Сабақтың тақырыбы :§ 3 Ақпаратты өңдеу тәсілдері

Сабақтың мақсаты : тірі ағзалардың ақпаратты қабылдауына, ақпарат беруі мен қолдануына мысалдар келтіруді үйрету, қоршаған ортаға ақпараттық көзқарас қалыптастыру.

Оқушылардың білуі тиіс : ақпаратты сақтау, ақпаратты жеткізу және өңдеу тәсілдерін, «ақпарат көздері» мен «ақпарат қабылдаушы» түсінігін, ақпарат жеткізу арналарын.

Оқушылар үйренуі тиіс : ақпаратты сақтаудың, өңдеудің және ақпарат жеткізу түрлерін анықтау тәсілдерін.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

Жұппен жұмыс жасау . Бір оқушы екінші оқушыға сұрақ қояды. Сұрақтар экранда көрсетіліп тұрады.

  1. Ақпарат дегенді қалай түсінесіңдер ? Мысал келтіріңдер

  2. Адамның пайда болуына дейін ақпарат болды ма ?

  3. Ақпаратты ұсынудың қандай формаларын білесіңдер ? Мысал келтіріңдер

  4. Қандай әрекеттермен ақпаратты өңдеуге болады ?

  5. Адам ақпаратты қандай ақпарат көздерінен қабылдайды ?

  6. Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер ? Мысал келтіріңдер

І V Білімді өзектендіру

Сұрақтар :

  1. Біз ақпаратты қайда кездестіреміз ?

  2. Біз ақпаратпен не істейміз ?

  3. Қандай да бір әрекетсіз ақпарат бола ма ?

V Жаңа тақырыпты түсіндіру

Соңғы сұраққа жауап оқушыларды жаңа тақырыпқа жетелейді. Ақпарат жасалады, жеткізіледі, сақталады және өңделеді. Ақпаратпен орындалатын әрекеттер ақпараттың кезеңдері деп аталады . Қандай да бір әрекеттер ақпараттық кезеңдерде орындалады.

Қазір сабақта біз бір-бірімізбен ақпарат алмасамыз. Осы ақпарат беру кезеңінде ақпаратты кім қабылдайды, ал ақпарат көзі кім ?

Жауап : ақпарат қабылдаушы - оқушылар, ақпарат көзі - мұғалім .

Сұрақ : қандай жағдайда біз орын алмастыра аламыз ?

Жауап : сұрақ -жауап кезінде .

Ақпаратты жөнелту

Сендер ақпаратты тұрақты жеткізіп отырасыңдар. Мысалы, басқа адаммен сөйлескен кезде. Ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу үшін адамдар әртүрлі құралдар ойлап шығарған. Оларға телеграфты, телефонды, теледидарды, Интеретті және басқаларды жатқызуға болады.

Ақпаратты жөнелту үшін қолданылатын құрылғыларды ақпаратты жеткізу арнасы деп аталады .

Ақпаратты өңдеу

Ақпараттың кез келген өзгеруі оның өңделуі деп аталады. Мысалы , есепті шығарудың өзі - бұрын белгілі есептен жаңа ақпарат алу. Ондай ақпаратты адам логикалық ойлау немесе математикалық есептеулер арқылы алады. Мысалы, мәтінді бір тілден екінші тілге аудару. Ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді. Ақпаратты өңдеу нәтижесінде адам ары қарай өз қажетіне жаратады.

VІ Компьютермен жұмыс

Оқулықтағы тәжірибелік жұмыстарды орындатамын.

VІІ Сабақты қорытындылау

  1. Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болады ?

  2. Адам ақпаратты қалай сақтайды ?

  3. Ақпаратты қайда сақтауға болады ?

  4. Ақпаратты жөнелту арналары деген не ? Мысал келтіріңдер .

  5. Адама ақпаратты қалай өңдейді ?

VІІІ Үйге тапсырма

Оқулықтың § 3 мазмұндау, бақылау сұрақтарына жауап беру , тест тапсырмасын орындау.



© 2010-2022