Қысқа мерзімді жоспар - Пернетақта. Пернелер тобы (5 сынып)

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімдік жоспары

Информатика

5 сынып

Сабақ тақырыбы:

Пернетақта. Пернелер тобы

Жалпы мақсат:

Енгізу құрылғыларының бірі пернетақтамен жете танысады, оның бөліктерін қалай қолдану жөніндегі білімдері кеңейеді.

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. Информатиканы оқыту әдістемесі

  3. Интернет желілері

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Өткен сабақта алған білімдерін бүгінгі сабақпен байланыстыра отырып, жұмыс жасай алады.

Пернетақта функцияларын ажыратады.

Сабақта қолданылатын материалдар:

  1. Плакат, стикер, маркер

  2. Интернет, оқулық, проектор

  3. Электрондық оқулық

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сергіту жаттығуы

(2 минут)

«Қызыл өрік»

Жұппен бірге орындау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 мин)

Үй тапсырмасын тексеру бағытында мына ақпарат мұхитындағы кемеге отырып, әлемге саяхатқа аттанамыз. Саяхат кезінде біз бір керемет қазынаны іздеу жұмысын жүргіземіз, ол үшін мұндағы әр материкке тоқталып, ондағы тапсырмаларды орындаймыз. Осы тапсырма орындау барысында біздің іздеген қазынамызда табылып қалар. Әзір болсақ, алға, балалар!

Ұзақ сапарымызда:

БҚысқа мерзімді жоспар - Пернетақта.Пернелер тобы (5 сынып)ірінші аялдамамыз - Австралия материгі.

Сұрақ: Компьютердің ең басты бөлігі, миы, жүрегі?

Сыйлық: Информатика оқулығы.

Екінші аялдамамыз-Африка материгі.

СҚысқа мерзімді жоспар - Пернетақта.Пернелер тобы (5 сынып)ұрақ: Бұл құрылғы арқылы интернетке шығуға болады?

Сыйлық: Жүйелік блок.

Үшінші аялдамамыз - Оңтүстік Америка материгі.

СҚысқа мерзімді жоспар - Пернетақта.Пернелер тобы (5 сынып)ұрақ: Монитордың қызметі мен негізгі сипаттамаларын айтып беріңіз?

Сыйлық - Монитор

Төртінші аялдамамыз - Солтүстік Америка материгі.

СҚысқа мерзімді жоспар - Пернетақта.Пернелер тобы (5 сынып)ұрақ: Компьютердің қосу, өшіру, қайта жүктеу батырмалары қай құрылғыда орналасқан?

Сыйлық: Тышқан тетігі.

Бесінші аялдамамыз - Еуразия материгі.

БҚысқа мерзімді жоспар - Пернетақта.Пернелер тобы (5 сынып)іздің осы ұзақ сапарымызда іздеген қазынамызды өз өлкемізден, кең байтақ Қазақстан жерінен таптық. Енді балалар, мына сандығымызды ашып, ішіндегі қазынаны тамашалайық. Алтын тиындар арасынан біз пернетақтаны таптық.

Сабағымыздың тақырыбы: Пернетақта

Әр аялдамаға келгенде сұрақтарға жауап береді.

Топқа бөлу

(2 минут

Қазақша, орысша, ағылшынша сөздер беріледі.

3 топқа бөлінеді (қазақша, орысша, ағылшынша терминдер бойынша)

ІІІ. Жаңа тақырып

1-тапсырма

Пернетақта туралы видео көрсету.

Тапсырмалар беру:

  1. Символдық пернелер

  2. Цифрлық пернелер және функционалдық пернелер

  3. Нұсқаушы пернелер

1.Осы тақырып бойынша кітаптан, интернеттен іздеу арқылы тақырыпты оқиды.

2.Тақырыпты қорғау.

3.Екі жұлдыз, бір ұсыныс

Сергіту (2 минут)

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

Алақанды уқалау.

Қолды қысу

Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3-4 рет айналым жаса. Соншалықты айналым солға қарай жаса.

Барлығы бірге жасайды.

2 - тапсырма

(5 минут)

Жеке жұмыс.

Арнайы пернелердің қызмет кестесін толтыру

Берілген кестені толтырады.

3-тапсырма

Жұптық жұмыс. «Жұмбақтар әлемі»

1. Пернетақта ауылында тұратын,

Пернелік деген атаның

Бар екен 12 ағайынды

Немерелері алғашқы.

Есімдері де өздерінің бір қызық,

Тек қана "F"(эф) әрпінен басталады.

(функционалдық пернелер)

2.Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады

(меңзер)

3.Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек.

(монитор)

4.Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,

Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.

Ойланып, білгіш болсан жауап берші,

Қалай деп аталады аты оның

(тышқан)

5. Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды.

(бос орын)

6. Бұтақ орынында мын инесі,

Комьпютер жаны мекені

(кактус)

7. Ақпарларды қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады.

(принтер)

8. Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары

Қыдырмашы біреу,

Бір күн бар да, бір күн жоқ

Соны есепке алсақ,

Ұзын саны жүз бір.

(пернелік)


Берілген жұмбақтардың шешімін тауып, компьютермен жұмыс жасау

ІV. Қорытындылау

(3 мин)

Сұрақ - жауап:

  1. Пернетақта қандай құрылғыға жатады?

  2. Пернетақтаның қандай функциялары бар екен?

  3. ДК мен ноутбуктын пернетақтасының айырмашылығы бар ма?

  4. Арнайы пернелердің қызметтері

Сұрақтарға жауап береді.

V. Үй тапсырмасын беру (1 мин)

3 тілде мәтін теру

Өздері туралы мәліметті 3 тілде жазып келеді.

VI. Бағалау (4 мин)

Критериалды және жиынтық бағалау

«Бағдаршам» арқылы бағалау

VII. Рефлексия

(3 мин )

1)Барлығын түсіндім

2)Жартылай түсіндім

3) Түсінген жоқпын

Оқушылар стикерге өз жауаптарын жазып, іледі



© 2010-2022