Жоспар Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабактың тақырыбы: Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы тарауын қайталау

Сабактың түрі: «Брейн-ринг» оқыта үйрету ойыны

Сабактың максаты: оқушылардың алған білімдерін бекіту.

Ойынның шарты:

Құрал-жабдығы:

  1. Нөмірлері және атқаратын ролі жазылған жетондар.

  2. Тапсырмаларға арнап алты (төрт) бөлікке бөлінген шеңберлер.

  3. Сандар жазылған төртбүрыштар.

  4. Сары («3» бағасы), жасыл («4»бағасы), көк («5»бағасы) түсті фишкалар және толықтыру жасағандарға берілетін жарты көк түсті фишкалар.

  5. Үстелдердің сілтемесі.

  6. Ортақ бағалау парағы.

  7. Үш деңгейдегі тапсырмалар жазылған карточкалар.

  8. Жауап үлгілері жазылған карточкалар.
    Ойынның жүру барысы:

СЖоспар Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясыынып 7(5) адамнан топтарға бөлінеді: мұнда 6(4) ойыншы және бір жүргізуші болады. Ойынға қатысушыларға нөмір жазылған жетондар таратылады. Әрбір топ жеке үстел басында отырады. Үстелдің үстінде - үстелдің сілтемесі және 6(4) бөлікке бөлінген шеңберлер; осы қатарлардың үстіне тапсырма жазылған карточкалар келесі ретпен қойылады: астында - бірінші деңгей сұрақтары (3), оның үстінде екінші деңгейдің сүрақтары (2), ен үстіне үшінші деңгейдің сүрақтары (1). Әр бөлікте бір сұрақтан. Үстіңгі сүрақтарға дайындықсыз жауап беріледі («блиц-турнир»),екінші сұраққа дайындалуға 3-5 минут уақыт беріледі. Астыңғы сұрактардың жауабы күрделі, оларға 7-10 минут уақыт беріледі.

Жүргізуші сандар жазылған төртбұрышты жаяды. Мысалға, «2» түсті делік, яғни 2-нөмірлі ойыншы жауап береді.

Егер жауап толық болса, ойыншыға фишка беріледі. Егер жауап толық болмаса, онда кез-келген ойыншы оны толықтырып, жарты фишка ала алады. Барлық топқа бірдей тапсырмалар даярланады.

Билеттер орналасатын шеңбер (4 адамнан тұратын топқа)

Жоспар Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясыЖоспар Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы

2

1

3

4

Жоспар Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы


Ойынға қатысушылар жетоны

1

2

3

4


Ойынның тапсырмалары:

III деңгей тапсырмасы:


  1. Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?

  2. Программа дегеніміз не?

  3. Кодтар тілі дегеніміз не?

  4. Транслятор дегеніміз не?

II деңгей тапсырмасы:

  1. Алгоритнің қасиеттерін ата және түсініктеме бер.

  2. Алгоритнің өрнектелу жолдарын ата және түсініктеме бер.

  3. Алгоритмді өңдейтін шамаларды ата және түсініктеме бер.

  4. Блок-схема құрудың ережесін ата жәнемысал келтір.

I деңгей тапсырмасы:

  1. Алгоритм мен программаға байланысты компьютердің жұмыс ерекшеліктерін ата.

  2. Циклдік алгоритмдерге түсініктеме бер.

  3. Күрделі шарттарды пайдалану жолдарын ата.

  4. Компьютерде есеп шығару кезеңдерін ата. Толық түсініктеме бер.


II. Практикалық жұмыс

Шарты:оқушылар 5 топқа бөлінеді және топқа байланысты тапсырмаларды алып, орындайды. Жылдам және қатесіз орындаған топ оқушылары марапатталады. Тапсырмалардың дұрыс орындалуын мұғалім қадағалайды және бағалайды.

Жұмыс тапсырмалары:

I топ тапсырмасы:

  1. y=a2+d2 формуласы бойынша есептеу алгоритмін қүрыңдар.

  2. ax2+bx+c=0 квадрат теңдеуін шешу алгоритмін қүрыңдар.


II топ тапсырмасы:

  1. х=6у /(4у-1) формуласы бойынша у-тің кез келген мәні үшін х-тің мәнін есептеу алгоритмін жазыңдар.

  2. у= (2х+с) / (Зх-z) формуласы бойьшша х-тің тің кез келген мәні үшін у -тің мәнін есептеу алгоритмін жазыңдар.

III топ тапсырмасы:

  1. а =80, в=12 бүтін сандарының ЕҮОБ-ын тап және Евклид алгоритмінің үш қадамы (А=В, А>В, А< В) неше реторындалатынын анықтаңдар.

2. х=4у /(2у-1) формуласы бойынша у-тің кез келген мәні үшін х-тіңмәнін есептеу алгоритмін жазыңцар.

ІҮ топ тапсырмасы:

1. х=6у /(4у-1) формуласы бойынша у-тің кез келген мәні үшін х-тін мәнін есептеу алгоритмінің блок-схемасын қүрыңдар.

2. у= (2х+с) / (Зх-z) формуласы бойынша х-тің тің кез келген мәні үшін у -тің мәндерін есептеу алгоритмінің блок-схема түрінде күрындар.

V топ тапсырмасы:

  1. Екі үшбұрыш қабырғалары х, у, zжәнее, f, һ деп берілген. Қайсы үшбүрыштың ауданы үлкен екенін анықтау қажет.

  2. х, у, zжәне һ төрт түзу сызығының ұзындықтары берілген. Осылар шаршының немесе тіктөрбүрыштың қабырғалары бола ала ма? Соны тексеріңдер.

Қорытынды: ойын және практикалық жұмыстары бойынша оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма:өткен тақырыптарға шолу жасау.


© 2010-2022