Ақпараттарды жазу, оқу, сақтау. Ақпарат тасымалдаушылар

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттарды жазу, оқу, сақтау. Ақпарат тасымалдаушылар.

Сабақтың мақсаты: Windows қосымшасында ақпаратты оқу, жазу, сақтау ережелерімен таныстыру. Ақпарат тасымалдашы құралдар туралы түсінік беру .

Сабақтың міндеті:

1. Ақпаратты сақтау ережесін, «сақтау (сохранить)» және «қалай сақтау (сохранить как)» командаларымен жұмыс жасай алуға, ақпаратты бір жерден екінші жерге тасымалдай алуға үйрету.

2. Тақырып бойынша алған білімдерін практикалық тапсырмалар орындау барысында қолдана білу қабілеттерін қалыптастыру, дамыту.

3. Оқушыларды Отанын құрметтеуге, өз істеріне тиянақты әрі ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, проектор, слайл, үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын тексеру (тест жұмысы)

  3. Лото ойыны (өткенге шолу)

  4. Еліміз еңселі болсын десек,

Шәкіртіміз білімді болсын. (жаңа сабақ)

  1. Өзің орында! (компьютермен жұмыс)

  2. Шешен сөз бастайды, (тапсырмаларды тексеру)

Батыр қол бастайды.

  1. Сергіту сәті

  2. Үйге тапсырма, Сабақты бекіту

  3. Бағалау

2.Үй тапсырмасын тексеру (тест жұмысы)

1

2

3

4

5

D

A

C

B

B

3. Лото ойыны (өткенді қайталау)

13. Нысандарға қолданатын қандай амалдарды білесің?

1. Алмасу буфері деген не?

8. Қандай нысандар шектес нысандар деп аталады? Оларды қалай ерекшелейміз?

11. Нысандарды көшіру тәсілін ата?

4. Нысандарды жою бұйрығы қалай жұмыс істейді?

4.Еліміз еңселі болсын десек,

Шәкіртіміз білімді болсын. (жаңа сабақ)

Нысанды бумадан жылдам іздеу. Ізделетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені бау керек. Атауы осы символмен басталатын ең жақын нысан ерекшеленеді. Сол пернені қайта басқанда келесі ұқсас нысан ерекшеленеді. Сонымен, буманың атаулары осы символдан басталатын барлық нысандар тексеріледі.

Кеңейтілген іздеу. Файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу терезесіне енгізу керек. Программа сендер көрсеткен атауы бар барлық нысандарды табады.

Ақпаратты жазу. Windows-тың барлық қосымшаларында ақпаратты сақтау мен оқудың қабылданған жалпы ережелері бар. Құрылған суретті не құжатты файлға бірінші рет сақтау үшін мына ірекеттерді орындау керек.

  • Сақтау не қалай сақтау бұйрығын таңдау.

  • Терезеде сендердің файлдарың сақталатын бума көрсетіледі. Қажет болған жағдайда басқа сақтайтын орынды таңдауға болады.

  • Файлдың атын теру

  • Сақтау батырмасын басу.

Ақпаратты оқу. Дискіде жазылған ақпаратты қажетті файлды іске қосу (ашу) арқылы оқиды. Файл атауының кеңейтілуі нәтижесінде Windows операциялық жүйесі файлды қандай программамен ашу керек екенін өзі анықтайды.

СD және DVD дискілер - ауыспалы тасымалдаушылар. Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R) және қайталап жазылатын (CD-RW және DVD-RW) болып бөлінеді.

5. Өзің орында! (Компьютермен жұмыс)

6. Қауіпсіздік ережесін сұрау

А деңгейі - Отанға байланысты сурет салу

В деңгейі- Отанға байланысты мақал-мәтелдер жазу

С деңгейі-Елбасы туралы шағын шығарма жазу

7. Шешен сөз бастайды, (тапсырмаларды тексеру)

Батыр қол бастайды.

8. Сергіту сәті

9. Елбасы туралы айту

9. Үйге тапсырма. Тақырыпты оқу, тест жұмысы, бақылау сұрақтары мен тапсырмаларын орындау.

10. Сабақты бекіту

11.Бағалау

© 2010-2022