Информатикадан сайыс Тапқыр достар

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


N

Ақтөбе орта мектебі




























Пән мұғалімі: Анаев Нурлан Нурадинович








Ақтөбе ауылы

2016ж.Информатикадан сайыс Тапқыр достарИнформатикадан сайыс Тапқыр достарИнформатикадан сайыс Тапқыр достарИнформатикадан сайыс Тапқыр достарИнформатикадан сайыс Тапқыр достарИнформатикадан сайыс Тапқыр достар







Информатикадан сайыс Тапқыр достар















Информатикадан сайыс Тапқыр достар









Информатика пәніне арналған интеллектуалды ойын

«Тапқыр достар»


"Халық пен халықты, адам мен адамды

теңестіретін нәрсе - білім"

М.Әуезов

Ойын мақсаты:

  • Оқушыларды ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

  • Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа оқушының жұмысын бағалауға үйрету;

  • Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;

  • Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.

Мұғалім:

Армысыңдар, бүгінгі «Тапқыр достар» атты сайыс сабағымызға жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайысқа қош келіпсіздер! Информатика бұл ХХІ ғасырдың есігін ашатын, болашаққа қарай бет алуға көмек беретін сабақ. Бүгін интеллектуалды ойын ойнау арқылы біз информатика сабағын өте қызық екендігін түсінейік.

І-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әділ қазылар мен келген қонақтар. Біздің информатика сабағында «Тапқыр достар» ойынын тамашалаңыздар!

ІІ-жүргізуші: Ойын кезеңнен тұрады:

Жоспары:

  1. Таныстыру

  2. Топ көшбасшыларын анықтау (мини-тест)

  3. Сергіту сәті (14 сурақ-жауап)

  4. Ой толғаныс (спикерлер сайысы)

  5. Сәйкесін тап

  6. Қорытынды

І-жүргізуші:

Құтқарып ауыр бейнеттен

Техниканы үйреткен

Роботтай - адамды

Тіл бітіріп сөйлеткен

Компьютер емей немене

Білмегенді білдірген

Өлшеп киім кигізген

Барлық істі атқарып

Пайдасын елге тигізген

Компьютер емей немене

Бәріңіз маған қараңыз!

Ойынымызды бастайық

Алуан түрлі ойларды

Ортамызға тастайық.

Информатика пәнінен

Көрсетіп біздер батырлық

Ой толғалық жүйелі

Таңдайымызға татырлық

ІІ-жүргізуші: «Батылдық-балалық шақта шыңдалады» десек баланы бар тәрбие құралының бірі - ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын оқушыларды шақырайық. Бұл ойынға 2 топ катысады.

І-жүргізуші: Қазақ деген халықтың баласымыз,

Алда талай алынар бар асуымыз.

Арман жолы қиын жол, бақыт жолы,

Мүмкін емес бұл жолда адасуымыз

дей отырып әр топ өздерін таныстыруларымен ойынның І-ші кезеңінің есігін ашсын.

1. Таныстыру

I - топ - «тышқан»

II - топ - «пернетақта»

Бұл кезеңде әр топ өздерін таныстыра отырып, өздерінің эмблемаларын және дайындаған файлдарын әділ қазы алқасына ұсынады.

Сергіту сәті

ІІ-жүргізуші: Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

дегендей 2-ші кезең сергіту сәтіне берейік. Мұнда әр топқа 7-7 сұрақтан әр сұраққа ойлануға 30 секунд беріледі. Және жауап бере алмаған топ болса, онда оған қарсы топ, жауабын айтуға болады. Онда, ұпай саны дұрыс айтқан топқа беріледі. әділ-қазылары барлық кезеңде де ұпай санын 10 баллымен есептеулеріңізді сұранамыз.

ІІ-жүргізуші:

  1. Аз батырмалы құрылғы (тышқан)

  2. Гректер есептеу құралын не деп атады. (абак)

  3. Компьютер жиыны (желі)

  4. Калькуляторды ең алғаш кімдер жасады? (Чебышев, Однер)

  5. Компьютердің қандай құрылғысы адам денсаулығына зиянды (монитор)

  6. Оптикалық енгізу құрылғысы (сканер)

  7. Біздің мектеп директоры (Асанова Лаура)

  8. Экран нүктелерін аралағыш (курсор)

  9. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (Internet)

  10. Компьютердің негізгі электронды құрылғысы (процессор)

  11. Матрицалық принтер сиясы (лента)

  12. Программа арқылы басқарылатын, адам тәрізді іс-әрекет орындайтын машина (робот)

  13. Қоғамды немесе мемлекетті басқаруға арналған ғылым (кибернетика)

  14. Ең алғаш есептеуіш машинасын құрған ғалым (Блез Паскаль)

І-жүргізуші: Мақсатпенен жанды тазарт сілкін де,

Жауларыңнан күтпе ешқашан кешірім.

Қиындықтың өткелін өт, іркілме,

Сонда ғана табасың сен шешімін.

деп «Дұрыс, дұрыс емес» (Электронды оқулық) сайысынада жеттік.

1-топ: Microsoft Office Word тапсырмасының құрылымын көрсетеді

2-топ: Microsoft Office Exsel тапсырмасында құрылымын көрсетеді

ІІ-жүргізуші Күш пен қуат ақылың мен білекте,

Ұмтылыстан шыңдалады жігерің.

Сенім, үміт нұр құяды жүрекке,

Мекендейсің сонда рахат түбегін!

дей отырып «Ой толғаныс» пен «Поэзия сәті» кезеңіне де жеттік.

І-жүргізуші: Мұнда І-топ спикері Internet-ті мақтаса, ІІ-топ спикері даттап ой қозғайды. Ал поэзия сәтінде қалған топ оқушылары информатикаға байланысты өлең шығарады.

Екі топ дайындалып отырғанда, сіздерге біздің Ақнұр деген қызымыз «Еркесылқым» күйін сыйлайды.

ІІ - жүргізуші:

Кездестік міне тағы да

Саласында білімнің

Сараптауға асықпай

Компьютердің қызығын-

дей отырып «Сәйкесін тап» кезеңі.

І - жүргізуші: Берілген командалардың аттарын Word текстік редактордағы меню жолының қай командасында орналасқанын сәйкестендіріп табыңыз.

Берілгені

  1. Очистить (р) Вид

  2. Язык (е) Окно

  3. Табуляция (и) Файл

  4. Свойства (т) Сервис

  5. Сортировка (р) Формат

  6. Разделить (м) Таблица

  7. Линейка (с) Правка

Жауабы:

  1. Очистить (с) Правка

  2. Язык (т) Сервис

  3. Табуляция (р) Вид

  4. Свойства (и) Файл

  5. Сортировка (м) Таблица

  6. Разделить (е) Окно

  7. Линейка (р) Формат

Стример - мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғылар. Стримерлерге арналған магниттік таспалардың (кортридж) көлемі жүздеген мегабайтқа жетеді.

ІІ - жүргізуші: Өмірге өзек болған нақты ғылым,

Халқымның жүрегіне шашты нұрын.

Келеді тәрбиелеп еркін елдің

Ертеңгі алғыр қызын, тапқыр ұлын.

Ендігі кезең. Көрермендер ойыны.

1Информатикадан сайыс Тапқыр достарИнформатикадан сайыс Тапқыр достар.

Информатикадан сайыс Тапқыр достарИнформатикадан сайыс Тапқыр достар

Информатикадан сайыс Тапқыр достарИнформатикадан сайыс Тапқыр достар

Осы суретте 2 шиді ғана қозғалтып, қоқысты сыртта қалдырыңыздар.

2. Бұл өмірде ең ұзақ, ең қысқа, ең қымбат, ең арзан не? (Уақыт)


3Информатикадан сайыс Тапқыр достарИнформатикадан сайыс Тапқыр достарИнформатикадан сайыс Тапқыр достарИнформатикадан сайыс Тапқыр достарИнформатикадан сайыс Тапқыр достарИнформатикадан сайыс Тапқыр достарИнформатикадан сайыс Тапқыр достар. Қолды көтермей үйшіктің суретін салайық





Информатикадан сайыс Тапқыр достар

4. Осы тұрған фируганың әрқайсысынан екі-екі шиден алып бес ши қалдыру керек.

Берілгені: Жауабы:

Информатикадан сайыс Тапқыр достарИнформатикадан сайыс Тапқыр достар


5. «Судаку» ойыны

Информатикадан сайыс Тапқыр достар












І-жүргізуші:

Әкесі де ұлдарының білімдісін қорғайды

Жо - жоқ оның бөлгені емес ...

Бар болғаны білім қусаң қуанады, қолдайды.

Ендігі сайысымыз «Судаку» ойыны - деп аталады.

ІІ-жүргізуші:

Айналайын алға ұмтылған дарындар,

Айналайын жеңіс құшқан қырандар.

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,

Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.

Енді «Судаку» ойыны. Мұнда «Судаку» құрастырып көрейік.

Арулар Сұлтандар

Информатикадан сайыс Тапқыр достарИнформатикадан сайыс Тапқыр достар








9. Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Дауыс беріңіз, білімді жас таланттарға.

деген өлең шумақтарымен, сіздерден қай топты жеңіске жетті және өз білгірлерімен көзге түскен топқа дауыс берулеріңізді сұранамыз.

Мұнда көрермендерге алдын-ала берілген жетондар арқылы екі топқа дауыс береді, осы жетондардың көмегімен топты бағалаймыз, жеңімпаз топқа «Мадақтама грамотасымен», қатысқан оқушыларға «Ынталандыру грамоталарын» беріп марапаттаймыз.

Теректей тамырыңды жайып терең,

Жете бер жақсы күнге халықпенен.

Тулаған толқындардан тайсалмасын,

Ақпарат мұхитында алып кемең,

- дей отырып бүгінгі сайыс сабағымызды аяқтаймыз.

Ойынымызға келіп ,қатысып ,ортақтасып бірге көңіл көтергендеріңізге

мың -мың рахмет!





© 2010-2022