Сабақ жоспары Векторлық жəне растрлық графиктерді құру жəне өңдеу бойынша программалары

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты: Информатика

Сыныптар: 7 «А», 7 «Ә», «Б»

Өткізілетін күні: 03.02.2016

Сабақтың тақырыбы: Векторлық жəне растрлық графиктерді құру жəне өңдеу бойынша программалары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға графикалық реадактор, графикалық редактордың қолдану саласы туралы түсінік беру; графикалық реадакторларды орнатуды көрсету, айту. CorelDraw туралы түсінік беру.

Дамытушылық: компьютерлік графика туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушылар информатика кабинетінде техникалық ереже бойынша тәртіп сақтау және еңбекке баулу. Оқушыларды өздігінен жұмыс істей білуге, мақсаттылыққа, ұқыптылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақ көрнекілігі: оқулық, компьютер, CorelDraw графикалық редакторы.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын сұрау

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Сабақты бекіту

  5. Сабақты қорытындылау

  6. Үй тапсырмасын беру

  7. Оқушыларды бағалау

1. Қызығушылықты ояту Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.Оқушыларды суреттер арқылы топтастыру, сабаққа дайындықтарын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Әр топ спикерлерін сайлап алады. (2-3 минут)

(өтілген тақырыпқа байланысты тест тапсырмалары) (10 минут)

2. Мағынаны тану (7-10 минут)

Топтарға Векторлық жəне растрлық графиканы түсіндіру беріледі. Әр топ өз тапсырмаларын орындап кластер арқылы қорғайды.

Векторлық графиканы өңдеуге арналған бағдарламаның бірі - Corel Draw.

Corel Draw - векторлық графикалық редактор, Corel канадалық корпорациясымен өңделген CorelDRAW - программалық кешені, оның құрамына:

CorelPhotoPaint - растрлық графика редакторы;

CorelCapture - компьютер экранынан бейнені көшіріп алуға арналған бағдарлама;

CorelTrace - растрлық бейнені векторлық бейнеге айналдыруға арналған бағдарлама және т.б. кіреді.

CorelDRAW бағдарламасының жұмыстық құралдары болып, геометриялық фигуралар болып табылады: тіктөртбұрыш, эллипс, көпбұрыш және сызықтар

CorelDRAW сызық құралын редакторлаудың әр түрлі мүмкіндіктерін ұсынады. Суретті бояудың әр түрлі әдістері -бағдарламаның ерекшелігі болып табылады. CorelDRAW бағдарламасында анайы эффектілермен жұмыс істеуге болады.

Мәтінмен жұмыс істеу - бағдарламаның тағы бір ерекшелігі болып табылады. Мәтінге әр түрлі өзгертулер қолдануға болады. Бейнеге дайын растрлық бейнені енгізуге болады.

CorelDRAW бағдарламасының жұмыс терезесі:

Сабақ жоспары Векторлық жəне растрлық графиктерді құру жəне өңдеу бойынша программалары

Бағдарлама терезесінің құрылымы:

  • Тақырып қатары

  • Мәзір жолы

  • Стандартты панель

  • Қасиеттер панелі

  • Құрал-саймандар панелі

  • Жұмыс беті

  • Түстер палитрасы

  • Қалып-күй жолы

Мәзір жолының барлық командалары топтарға бөлінген. Әрбір мәзірде жеке топтардың командалары көрсетіледі.

Кез келген объектіні таңдау кезінде «қасиеттер терезесінде» оның негізгі қасиеттері туралы ақпарат болады.(өлшемі, түсі, бұрылуы және т.б.)

Экранның оң жағында орналасқан түстер палитрасы объектінің түсін тез өзгертуге мүмкіндік береді.

Төмендегі қалып-күй жолында курсордың ағымдағы орналасу координатасы, қандай объект ерекшеленгендігі туралы, объектінің түсі т.с.с. сияқты ақпарат көрсетіледі.

3. Сергіту сәті. (видеоролик )

4. Жаңа сабақты бекіту. (5минут)

Бекіту тест тапсырмалары беріледі ( оқулықтан)

5. Үй тапсырмасын беру: Векторлық жəне растрлық графиктерді құру жəне өңдеу бойынша программаларын оқып келу.

6. Оқушыларды бағалау. Оқушыларды біліміне, біліктілігіне байланысты бағалау.

Оқушылардың аты- жөні

Өтілген сабаққа байланысты тест тапсырмалары

Жаңа сабақ Мәтінмен жұмыс

Практикалық жұмыс

Қорытынды

Тест тапсырмасы

Қорытынды

1


2


2б 3б 3б 2б 10б

Бағалау нормасы:
9-10 дұрыс - «5»
7-8 дұрыс- «4»
5-6 дұрыс -«3»
0-4 дұрыс -«2»





Векторлық графика

Растрлық графика


Фракталды графика


© 2010-2022