Информатика пәнінен сабақ жоспары Сандық, мәтіндік ақпараттарды кодтау. Кодтан шығару. (7 класс)

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Информатика пәнінен сабақ жоспары Сандық, мәтіндік ақпараттарды кодтау. Кодтан шығару. (7 класс)Информатика пәнінен сабақ жоспары Сандық, мәтіндік ақпараттарды кодтау. Кодтан шығару. (7 класс)7а,б,с сынып

Сабақтың тақырыбы: Сандық, мәтіндік ақпараттарды кодтау. Кодтан шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:

  • Санау жүйесі ұғымын беру;

  • Позициялық және позициялық емес санау жүйелері ұғымын меңгерту;

  • Сандық және мәтіндік ақпараттарды кодтау мен кері кодтау түсініктерін қалыптастыру;

Тәрбиелігі: оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету және ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру.

Дамытушылығы: сандық және мәтіндік ақпараттарды кодтау мен кері кодтауды оқушыларға үйрете отырып, логикалық, танымдық және сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақ әдісі: Түсіндірмелі баяндау, әңгіме түрінде.

Сабақ типі: Аралас сабақ

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

II.Үй тапсырмасы сұрау

Сұрақтар

  • Информатика дегеніміз не ?

  • Ақпарат дегеніміз не ? Оны қалай түсінесіңдер?

  • Ақпаратты қандай ақпарат көздерінен аласыңдар?

  • Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер ?

  • Біз ақпаратты қайда кездестіреміз? Біз ақпаратпен не істейміз ?

  • Ақпараттың өлшем бірліктерін ата.


III. Жаңа сабақ

Санау жүйесі - белгілі бір символдар жиынтығының көмегімен сандарды жазу әдістері мен ережелерінің жиынтығы.

Барлық санау жүйесі екі үлкен топқа бөлінеді: позициялық және позициялық емес.

Позициялық емес санау жүйесінде әрбір цифрдың мәні оның алатын орнына байланысты емес. Мұндай санау жүйесінің мысалы ретінде римдік жүйені алуға болады.

Позициялық санау жүйесінде цифрдың сандық мәні оның орнына байланысты. Позициялық санау жүйесінің негізі деп жүйедегі пайдаланылатын цифрлар санын айтады. Қазіргі кезде кең тараған позициялық санау жүйелеріне ондық , екілік, сегіздік және он алтылық жүйелер жатады.

Сандардың бізге үйреншікті жазылу жүйесі ондық жүйе деп аталады, 0-ден 9-ға дейінгі он араб цифрларынан тұрады. Кез келген санды жазу үшін 10 цифры қолданылады, оның негізі 10-ға тең; екілік жүйеде тек 0 және 1 цифрларын қолдануға болады, негізі -2; сегіздік жүйе сегіз цифрдан тұрады, негізі -8; он алтылық жүйеде ондық санау жүйесінің он цифры және қалған 6 цифрдың орнына латын алфавитінің әріптері қолданылатын, барлығы он алты цифр бар, негізі -16.

Санау жуйесі

Heгізі

Цифр алфавиті

Ондық

10

0, 1,2,3,4,5,6, 7, 8,9

Екілік

2

0,1

Сегіздік

8

0, 1,2,3,4, 5, 6,7

Он алтылық

16

0, 1,2,3,4,5,6, 7, 8,9, А (10), В (11),

Ондық санау жүйесіндегі сандарды өрнектеу үшін 0-9 дейінгі араб цифрлары қолданылады: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9. Мысалы, 234=200+30+4 өрнегі 2 жүздіктер разрядынан, 3 ондықтар разрядынан, 4 бірліктер разрядынан тұрады. Санның цифрына бөлінетін позицияны разряд деп атайды. 234 санын қосынды түрінде былай жазамыз: 2*102+3*101+4*100. Бұл жазбадағы 10 саны санау жүйесін негіздеуші.

Екілік санау жүйесінде кез келген санды 0 және 1 цифрларының көмегімен жазады және ол екілік сан деп аталады. Екілік санау жүйесінде қосындыда негіздеуші ретінде 2 санын қолданады. 15610 санының екілік жүйеде өрнектелуі төменде кестеде көрсетілген

Сан

Арифметикалық амал

Екілік сан

Теңдік

Нәтиже

Қалдық

156

:

2

=

78

0

78

:

2

=

39

0

39

:

2

=

19

1

19

:

2

=

9

1

9

:

2

=

4

1

4

:

2

=

2

0

2

:

2

=

1

0

100111002


Ақпаратты кодталуы Морзе әліппесін қолданып ақпарат ұсыну мысал болады. Бұл ХІХ ғасырда телеграф көмегімен ақпарат жібергенде қолданады. Мұнда әріптер сызықшалар мен нүктелер арқылы кодталады.

Екілік алфавит көмегімен, яғни 0 және 1 таңбаларының көмегімен ақпаратты қалай таңдауға балады.00, 01, 10, 11. Ал бұл өте аз. Тек қазақ тілінің әріптерін кодтау үшін тыныс белгілерін қоспағанда 42 символ керек. Ал кез келген мәтінді кодтау үшін 200-ден символ қажет.Сондықтан 0 мен 1 арқылы көп символды кодтау үшін 8 биттен,яғни 8 екілік таңбадан тұратын тіркесті (сегіз 0 мен 1-ден тұрады) қолдану қабылданған. 8 биттен тұратын кодты байт деп атайды. Сегіз 0 мен 1-дердің көмегімен 256 символды кодтауға болады. 00000000, 0000001, 00000010, ...,11111111.

ASCІІ коды.

Есептеуіш техникада ең көп қолданылатын код- ASCІІ американдық ақпарат алмасудың стандартты коды. Кесте 16 жол 16 бағаннан тұрады. Кестедегі символдың орны он алтылық коды арқылы анықталады.

Ол екі бөліктен тұрады: стандартты және баламалы.

Стандарттағы бөліктегі-бірінші 128 символдар, 0-127-ге дейінгі кодтар: цифрлар, латын алфавитінің әріптері мен компьютер жұмысын басқаратын арнайы символдар.

Баламалы бөліктегі- екінші 128 символ, 128-ден 255-ке дейінгі кодтар, бұлар ұлттық алфавиттер әріптерін, псевдографикалық және кейбір арнайы символдарды орналастыруға арналған. Ондық, екілік, он алтылық жүйелерінің сәйкестендіру кестесі кітаптарыңда келтірілген.

Осы кесте негізінде жұмыс жасап көрейік. Алдымен он алтылық жүйеде сандарды жазу үшін, 16 цифр қажет екендігіне көңіл аударайық. Оның біріншi он цифры ондық жүйе цифрлары да қалгандары латын алфавитінің әріптepi.

«ПАРТА» сөзін кодтап көрейік. Ол үшін ASCII кестесінен әр әріпке сәйкес кодтарды табамыз.

П - 8F, А-80, Р - 90, Т - 92, А-80.

ПАРТА сөзінің коды 8F80909280.

Ал 2-ші кесте бойынша. 8F- 10001111, 80- 10000000, 90- 10010000, 92- 10010010

Бұларды тізбектеп жазсақ: 10001111 10000000 10010000 10010010 10000000 Сонымен, мәтіндік ақпаратты ceгіз разрядты екілік кодта жазу үшін:

  1. Мәтіннің әр символының кодын ASCII кестесінен табу керек. Оның коды екі он алтылық сан, біріншіci осы символ орналасқан жол номерiн., eкіншici баған номерін керсетеді.

  2. Алынган он алтылық кодта сәкестендіру кестeci бойынша санның он алтылық жүйеде көрсетілуін оның екілік жүйеде ұсынылуына ауыстыру керек.

Бұл процесті керісінше жүргізін екілік код бойынша мәтінді табуға да болады. Мысалы, мына код бойынша мәтінді табу керек.

0100 0011 0100 1111 0100 1101 0101 0000 0101 0101 010001000101 0101 0010 Ол ушін солдан оңға қарай кодты төрт-төрттен бөліп шығамыз.

0100 0011 0100 1111 0100 1101 0101 0000 0101 0101 0100 0100 0101 0101 0010

Сәйкестендіру кестесі бойынша әрбіp төрттікті он алтылық ұсынылуымен ауыстырайық. Әр санды екіге бөліп және әр жұпты ASCII кестесіндегі символдар координаты ретінде қарастыра отырып, COMPUTER мәтінін табамыз.

IV. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Санау жүйесі дегеніміз не?

  2. Код дегеніміз не?

  3. Кодтау және кері кодтау дегеніміз не?

  4. Морзе әліппесі туралы не білеміз?

  5. Ондық санау жүйесін қалай түсінесіңдер?

  6. Позициялық санау жүйесі дегеніміз не?

V. Сабақты қорытындылау

  1. Рим цифрларымен қандай сандар жазылған?

V; CACIIX; XXI; LLX; IX?

2. 1024, 65281, 45, 10365 сандарын ондық разрядтың қосындысын түрінде жазыңдар.

3. 10111, 101010, 110111 сандарын екілік разрядтардың қосындысытүрінде жазыңдар?

4. ASCII кодтау кестесінің көмегімен төмендегі сөздерді кодтаңдар:

Password, Windows.

5. ASCII кодтау кестесінің көмегімен ондық кодпен берілген мәтіндерді кері кодтаңдар: 87 111 114 100, 68 78 83.

VI. Бағалау

VII. Үй тапсырмасы: §1.2 және §1.3 оқып келу және оқулықтан №1,2,3 тапсырманы орындау. «Кодтау» сөзі шығатындай сөзжұмбақ құрастырыңдар.





© 2010-2022