7 класс Жергілікті желі. Сыныптың компьютерлік желісі

Пәні: ИнформатикаКласы: 7 Сабақтың тақырыбы: Жергілікті желі. Сыныптың компьютерлік желісіСабақтың мақсаты:Білімділік : Оқушылады «Электрондық хабар», «Компьютерлік желі» ұғымдарымен таныстыру, жергілікті желі туралы түсінік беру;Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.Сабақтың түрі: Аралас сабақ.Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:комьютер, оқулық, жұмыс дәптері.Сабақтың өту барысы: 1.О...
Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Информатика

Класы: 7

Сабақтың тақырыбы: Жергілікті желі. Сыныптың компьютерлік желісі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушылады «Электрондық хабар», «Компьютерлік желі»

ұғымдарымен таныстыру, жергілікті желі туралы түсінік беру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:комьютер, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

4.Тапсырмаларды орындау

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

* Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы не үшін қажет?

* Сыртқы жад құрылғыларының қайсысы музыка ойнату үшін қолданылады?

* Бір уақытта музыка тыңдап, басқа қолданбалармен жұмыс істеуге бола ма?

* Лазерлік ойнатқышты қалай іске қосуға болады?

* Дыбыс қаттылығын реттеу жолдары қандай?

* Дыбыстық файлдар құру үшін қандай бағдарламаны қолданамыз?

* Дыбыс енгізу құрылғысы қалай аталады?

Жаңа түсініктер:

Ақпаратты бір компьютерден екінші компьютерге ауыстыру үшін дискеттер, компакт-дискілер қолданылады. Егер ақпараттың көлемі өте үлкен болса және жұмыс кезінде онымен ұдайы алмасып отыру қажет болса, онда мұндай әдіс қолайсыз болады. Сондықтан компьютерлердің даму тарихында оларды арнайы кабельдердің және басқару программаларының көмегімен жалғастырып, компьютерлер арасында нақты уақыт режимінде деректермен алмасу ойы пайда болады. Компьютерді осылай бірімен бірі байланыстыруды компьютерлік желі деп атайды.

Компьютерлік желі - бұл әр түрлі ресурстарды, мысалы программаларды, құжаттарды және құрылғыларды бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы.

Бір-бірімен жақын аралықта (бір немесе бірнеше көршілес ғимараттарда) орналасқан компьютерлер тобын жергілікті желі деп атайды.

Компьютерлеріндегі дискілер мен қапшықтарға қатынау.

Қапшыққа немесе дискіге қатынау үшін, келесі:

  • қапшықтың белгішесін бөліп алу (белгілеу)

  • белгіленген обьектінің контексті менюінен Доступ командасын таңдау.

  • Ауыстырып қосқышты Общий ресурс жағдайына қою;

  • Егер желі атын өзгерту керек болса, онда оны Сетевое имя өрісіне және Заметки өрісіне енгізу.

  • Қажетті қатынау құқын орнату;


  • сәйкес парольді енгізу;


  • ОК-ді басу. Қадамдарын орындау керек.


Желілік принтермен жұмыс жасау.

Егер компьютерге принтер қосылмаса, онда жергілікті желінің оған қатынауға болатын кез келген принтерінде басуға болады.

Желілік принтерге қосылу үшін:

  1. Принтеры қапшығын ашу керек (Пуск-Настройка-Принтеры)

  2. Принтерді орнату шеберін (Мастер установки принтера) іске қосу үшін, тышқанның батырмасын Установка принтера белгішесінде екі рет шерту керек.

  3. Шебердің нұсқауын орындау керек. (Далее (Әрі қарай) батырмасы арқылы келесі қадамға өтуге болады.

Желілік принтерге қатынау орнатылғаннан кейін Принтеры қапшығында желілік принтердің белгішесі пайда болады.

Сабақты бекіту сұрақтары:


  • Компьютерлік желі дегеніміз не?

  • Желінің қандай түрлері бар?

  • Жергілікті желінің артықшылығы қандай?

  • Желілер топологиясы дегеніміз не?

Үйге тапсырма: Сыныптың компьютерлік желісі.


© 2010-2022