Оқытудың нәтижесін тест арқылы тексеру

Тақырыбы:      Оқытудың нәтижесін тест арқылы тексеру Мақсаты:         Оқушының білімін, іскерлігі мен дағдысын тексерудің, оқушы                           білімінің белгілі бір сапалық қасиетін нақтылы түрде бағалау Міндеті: 1.Оқушылардың тақырыпты қалай меңгергендіктерін анықтау; 2. Оқушыларға өтілетін тақырыптардың қандай бөліктерінің ауыр тиетінін білу; 3. Оқушылардың оқуға жауапкершілігін арттырып, олардың өздігінен жұмыс істеуге талаптандыру; 4. Оқушылардың іскерлігін арттырып, дүниені та...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Оқытудың нәтижесін тест арқылы тексеру

Мақсаты: Оқушының білімін, іскерлігі мен дағдысын тексерудің, оқушы

білімінің белгілі бір сапалық қасиетін нақтылы түрде бағалау

Міндеті:

1.Оқушылардың тақырыпты қалай меңгергендіктерін анықтау;

2. Оқушыларға өтілетін тақырыптардың қандай бөліктерінің ауыр тиетінін білу;

3. Оқушылардың оқуға жауапкершілігін арттырып, олардың өздігінен жұмыс істеуге талаптандыру;

4. Оқушылардың іскерлігін арттырып, дүниені тануға ұқыптылығын дамыту;

5. Жүйелі жүргізілетін тест жұмысы арқылы тестіленушінің білімін, біліктілігін дұрыс бағалау. Оқушының өз білім деңгейін, теориялық жағынан қай тақырыпты қалай меңгергендігін көрсету.

Кіріспе

Соңғы жылдары оқушы білімін тексерудің тиімді бір жолы, тест әдісі кеңінен қолданылып жүр. Тест оқушы білімінің деңгейін ғана анықтап қоймайды, оның ойын жүйелеп, жылдам есептеуіне, логикалық ойлау, есептеу дағдыларының қалыптасуына, тез шешім қабылдау қасиетінің дамуына тиімді әсер етеді.

Қай пәннен болмасын оқушы білімін тексерудің, бағалаудың бір түрі - тестік бақылау болып табылады. Тест оқушының білім дәрежесі қандай екендігін анықтайтын және ол білімді түрлі жағдайларда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жол.

Негізгі бөлім:

Тест сөзі ағылшын тілінен аударғанда «сынақтан өткізу», «тексеру», «зерттеу» деген мағынаны білдіреді. Ең алғаш рет оқушылардың білімін тексеру үшін тестіні ағылшын педагогы Дж. Фишер 1864 жылы қолданды. Тест - адамның ақыл - ой дамуын, қабілеті мен ерік қасиеті т.б. психофизиологиялық сипаттарын сынауға арналып, қалыпқа түсіріліп жасалынған (дайындалған) тапсырмалар жиынтығы.

Белгілі ғалым И.Ропопорттың берген анықтамасына сүйенсек, "тест - белгілі бір ережеге сәйкес жасалынған, алдын - ала эксперименттік және оның дамытудың арнайы процедурасынан өткен өзінің тиімділігі жөніндегі жеткілікті мінездемеге ие болған тексерушілерге арналған сұрақтар мен тапсырмалар жиынтығы"

Ал педагог ғалым В.П.Беспалько білім стандарты туралы ой тұжырымдамаларында оқушылардың игерген білім сапасын тексеру мәселелерін зерттей келе тестке мынадай анықтама берген. "Белгілі дәрежедегі іс әрекетті орындауға арналған тексеру, тапсырмаларын қамтитын білімді игеру сапасының нақты бағасын анықтау құралы тест болып табылады".

Тест әдістерінің мақсаты оқытушыны ауыстыру емес, қайта оған көмектесу, оны үйілген жұмыстан құтқару, оқытудың сапасын көтеруге мүмкіндік беру. Екіншіден, тестілеу теориясы мен практикасы тестер мен сыналушыларға арнаулы ережелер бойынша қарым - қатынасты қалыптастырып, олардың мәртебесінің кемімеуі мәселесін сол жеке адам пайдасына шешуге мүмкіндік береді де, төмендегідей сенімге ие болады:

  • Тест тапсырмалары бағдарламаға сай екеніне көз жеткізеді.

  • Тест тапсырмасы тек қандай да бір тарауды емес, барлық бағдарлама курсын қамтитынын байқайды.

Ең алдымен сабақта сақталатын негізгі ережелер:

  1. Қатаң тәртіп.

  2. Сабақта бәрі жұмыс жасайды.

  3. Мұхият және белсенді болу.

  4. Бірін - бір таңдау, шыдамды болу.

  5. Уақытты тиімді пайдалану.

Тестіні қолдану мына талаптарды қанағаттандыруға тиісті:

  1. Тапсырманың тұжырымдамасы мен жауаптары әрі қысқа, әрі анық болуы қажет;

2. Бір сұрақтың 3-5 түрлі жауабы болуы тиіс. Олардың ішінде біреуі ғана дұрыс болады, басқалары жауабына жақын бірақ дұрыс болмау шарт. Кейде бірде-бір жауап болмауы шарт.

3. Сұрақтарға жауап беру уақыты қатаң сақталуы тиіс;

4. Нұсқалары сұралушыларға бірдей дәрежеде түсіндіріледі;

5. Бірде-бір сыналушыға басқалармен салыстырғанда ешқандай артықшылық берілмейді;

6. Тестен сынаудың нәтижелерін бағалау алдын-ала жасалған жүйе арқылы барлығына бірдей қолданылады;

7. Тестке сынау әр түрлі топтарда мүмкіндігінше бірдей уақытта, яғни бір топта сынау күннің бір мезгілінде жүргізіледі;

8. Тестке берілген нұсқау және әрбір тұжырымдаманың мағынасы сыналушылардың әрқайсысына түсінікті болуы керек;

9. Әрбір сұрақ жауабына берілетін ұпай бірдей (көбіне 1 ұпай) болуы керек;

10. Тест қолданудың жоспарланған жүйесі болуы керек.

Тестпен сынаудың программасы оның мақсатына байланысты. Егер ол кішігірім тақырып бойынша білімдерді, біліктерді, дағдыларды тексеру болса, онда программа осы тақырып бойынша тексеретін тестерден тұрады, ал тақырыптың мазмұнын қамту деңгейі 80% - тен кем болмауы керек. Тиісті конструкцияларға келесі - жоспар құру.

Әрбір тестіні алушы өзінің тестілеу жоспарын жыл басында құрып, жоспар бойынша жасалынған тесті дайындайды. Бірлестікке қарап бекіту, оны жүзеге асыру екінші мәселе болуы тиіс.

Олай болса, бүгінгі мектеп шәкірті ертеңгі күні жоғары оқу орындарына барып, тесттік жүйемен сынақ тапсырғанда, психологиялық жағынан аптырап, асып - сасып қалмау үшін кез келген пән мұғалімдері тестік жүйенің элементтерін сабақ процесіне енгізіп, барынша пайдалану керек. Ол үшін мұғалімнің өзі оның технологиясын жете меңгеруге тиіс.

Әрбір пәннің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес, информатиканы оқыту процесінде қолданылатын тестік тапсырмалардың да өзіндік ерекшеліктері бар. Берілген сұрақтарды, тапсырмаларды өте анық түсінікті ой тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы қажет. Осыған сәйкес тестердің жауаптары да қысқаша, нақты, анық және дәл болуы керек.

Білім - білікпен дағдыны тексеруге арналған тестердің бірнеше түрлері бар.

Тесттің негізгі түрлері мыналар:

  1. «Интеллект тесті». Тестің негізі болып тапсырманың формасы анықталады. Сыналушылар кейбір заңдылықтарды анықтаулары керек. Бұл тест сыналушының интеллекті және қабілеті туралы толық мәлімет бере алады.

  2. «Жетістіктер тесті». Тестің негізі болып тапсырманың формасы емес мазмұны анықталады.

  3. «Толықтыру тесті». Сыналушы бос орынға қалдырылып кеткен сөзді немесе сөз тіркесін қоюы керек.

  4. «Таңдау тесті». Жиі қолданылатын бұл тест бойынша берілген сұрақтың бірнеше жауабы көрсетіледі. Соның ішінен тек дұрыс жауап қана таңдап алынуы керек.

  5. «Сәйкестендіру тесті». Екі бағанада орналасқан фактілерді, мысалдарды бір-бірінің мағынасына, мазмұнына сәйкестендіріп топтастыру керек.

  6. Реттеу тесті.

  7. Шығармашылық тесті.

  8. Бақылау тесті т.б.

Тестік тапсырмаларды пайдаланып, нәтижесінде талдау жасай келе мынадай қорытындыға келдім: тестік тапсырмалар оқушылардың қай материалды игеріп, қай материалды толық игермей қалғанын, қандай қосымша түсіндірмелер қажет екенін, жаңа материалды қандай тәсілмен түсіндіру қажет екеніне дейін анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан да көп жағдайда оқушыларға тестік тапсырмалар ұсынған қолайлы.

Тестік тапсырмалар оқушылардың зейінін, ынтасын, зеректігін, тапқырлығын, жігерін дамытып, жұмысқа деген, информатика сабағы жағдайында компьютерге, есеп шығаруға деген қызығушылығын арттырады.

Ғылыми негізделіп, дұрыс құрастырылған тестік тапсырмалар оқушылардың өмірге қажетті алуан түрлі есептерді шешуіне, уақытты үнемдей білуіне, ойын тиянақтауға көп көмегін тигізеді. Сондықтан да оқыту процесінде оқушыларға тестік тапсырмаларды жиі пайдаланамын.


© 2010-2022