Сыныптан тыс сағат Ғажайып информатика әлемі

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптан тыс сағат Ғажайып информатика әлеміСыныптан тыс сағат Ғажайып информатика әлеміК.Мендалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі






7 аә сыныптары үшін


Сыныптан тыс сағат Ғажайып информатика әлемі


Математика - информатика пәнінің мұғалімі:

Кабулова Сұлушаш


2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып информатика әлемі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен өткен тақырыптар бойынша білім, білік дағдыларын жүйелеу.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушықтарын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстыра отырып логикасы мен тез ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Өздерін еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сыныптан тыс
Дидактикалық жабдықтар: интерактивті тақта, карточкалар, презентациялар.
Пән аралық байланыс: ағылшын, алгебра және физика
Оқыту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық, жобалық
Сабақтың барысы:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.
1-жүргізуші:
Информатика әлемі,
Неткен ғажап әсерлі.
Шыққан сонау ертеден,
Орын алды көңілден
2-жүргізуші:
Интернетте құстай ұшып самғаймыз,
Әрбір елдің арасын біз жалғаймыз.
Технология дамып жатыр күнбе-күн,
Біз қырандар осы лектен қалмаймыз!
Осылайша кешімізді бастаймыз!
1-жүргізуші:
Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған информатиканы сүюші қауым ұстаздар мен оқушылар және қонақтар! Бүгінгі біздің «Ғажайып информатика әлемі» атты кешімізге қош келдіңіздер! Олай болса кешімізді бастаймыз, сіздерді бүгінгі кешімізде әділ баға беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

-------------------------
2-жүргізуші:
Бүгінгі сайысымызбен таныстырып өтетін болсақ, сайысқа екі топ қатысады. Әр топта 7 оқушыдан және мынадай кезеңдерден тұрады:
I. Таныстыру
II. Сиқырлы дорба
IІІ. Ойлан, тап!
ІV. Таңдау табыс кепілі
1-жүргізуші:
I. Таныстыру
Барлығымыз дайын болсақ, сайысымызды бастайық. Бірінші кезең «Таныстыру», яғни әр топ өздерін таныстырады. (10 ұпай)
2-жүргізуші:
Информатика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып 21-ші ғасырға
Бар әлемге жаңалық ол тастайды- дей келе келесі кезеңге кезек берсек,

II. Сиқырлы дорба
Бұл кезеңде әр топ кезекпен дорбадағы бөшкелерден сұрақ таңдау арқылы өздеріне ұпай жинайды. Әрбір дұрыс жауапқа он ұпайдан беріледі. Барлығы 20 cұрақ

- Бейнесұрақ - Ақпараттың өлшем бірліктерін өсу ретімен ата:
(бит, байт, килобайт, мегабайт, гигабайт)

Paint графикалық редакторы не үшін арналған және оны қалай іске қосамыз?
(Сурет салуға арналған, пуск -программы -стандартные -Paint)

- Бейнесұрақ - 5 ұпай шегеріледі

Информатика кабинетінде жүріп-тұру ережесі қалай аталады?
(Техника қауіпсіздік ережесі)
Операциялық жүйе дегеніміз не?
(Компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын программа)

Пернетақтадағы F1-ден F12-ге дейінгі пернелер комбинациясықалай аталады?
(функционалдық пернелер тобы)

Шығару құрылғыларын ата (принтер, дисплей, графиксалғыш)

Енгізу құрылғыларын ата (тышқан, пернетақта, сканер)

2011 жылдың 5 қазанында қайтыс болған Apple корпорациясының негізін қалаушы
(Стивен Джобс)

Бейнесұрақ - cыйлық 5- ұпай қосылады - сыйлық

Ол 1955 жылы қазан айында Сиэтледе қарапайым ұстаздар отбасында дүниеге келді. Ол 13 жасында алғашқы программасын жазып үлгерді.1975 жылы Алленмен бірігіп, университет бітірулеріне 2жыл қалғанда ... деп аталатын фирма ашты. Бұл кім және ол қандай фирма ашты (Майкрософт корпорациясының негізін қалаушы: Билл Гейтс)

Бұл компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да электроника түрлерін шығарумен айналысатын қазіргі кезде танымал фирмалардың бірі . 1977 жылы Стивен Джобс пен Стивен Возняк негізін қалады. (Apple)

Cуреттегі құрылғыларды ата: колонка, флешка, жүйелік блок, сканер, принтер, модем
CD-дисктің DVD-дисктен айырмашылығы қандай? (көлемдерінде)

Пернетақта пернелері неше бөліктен тұрады және қалай аталады?
(4 бөлік: функционалды, символды, басқару және сандық)

1642 жылы «Паскалин» немесе «Паскаль дөңгелектері» деп аталатын есептеуіш машинаның алғашқы моделін ұсынды. (Б.Паскаль)

1888 жылы табулятор деп аталатын құрылғыны ойлап тапты. Онда ақпарат электр токтарымен кодталатын перфокарталарға енгізілді. (Г.Холлерит)
1936 жылы абстрактілік есептеуіш машиналарының идеясын ұсынып, оның негізін салды. Жасанды интеллект жүйесін ұсынды (А.Тьюринг)
Ұяшық" және "цикл" терминдерін алғаш рет қолданған ғалым. Атақты ағылшын ақыны Джордж Байронның қызы (А.Лавлейс)
Ақпараттар мен алгоритмдер теориясы және математикалық логика ілімдеріне зор үлес қосты (А.Н Колмогоров)
Мына бөшкеде шарт өзгереді. Сізге 5 сұрақ оқылады. Егер сіз кем дегенде 3 сұраққа жауап берсеніз 40 ұпай қоржынызға салынады.
1. Жойылған нысаналар орналасатын қапшық (Корзина н/е себет)
2. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі (алгоритм)
3. Дискетаның түрлері (3,5 және 5,25 дюмдік)
4. Америкалық компьютерлік ғалым және әскери қызметкер, контр-адмирал Алғаш "КОМПИЛЯТОР" ұғымын енгізген ғалым (Г.Хоппер)
5. 1996 жылдан 2009жыл аралығы бойынша Forbes журналының айтуымен әлемдегі ең бай адам. 1994-2010 ж. қайырымдылық қорына ең коп ақша құйған адам болып есептелінген. (Б.Гейтс)
Бұл сандықта жеміс жасырылған. Бұл Қытайдың ең танымал жемісі. Бізде танымалдығы видео-порталы ретінде қарастырылады. Бұл қандай жеміс? (Киви)
2-жүргізуші:
IV-Ойлан, тап!
Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды
Информатика озады бар ғасырды
Ой түйіндеп, жетелейді барлығын
Әлі ашылар құпиялар сан- сан қырлы- дей отыра ойынымызды жалғастырамыз, «Ойлан, тап!» кезеңінде топ мүшелері кезекпен тақтаға шығып, жасырынған суретті табады. (10 -ұпай)
Жауабы: Абак;Паскаль машинасы; арифмометр; Терминал; «Apple-IIe» «Macintosh»
1-жүргізуші:
V
Осымен сайысымыздың соңына да келіп жеттік, енді жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік!
2-жүргізуші:
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін- деп алғыс білдіреміз. Қош, сау болыңыздар!


© 2010-2022