Урок по информатики MS Excel бағдарламасында диаграмма құру

Қазақстан Республикасы. Шығыс Қазақстан облысы. Жарма ауданы Үшбиік ауылы "Ақтайлақ би атындағы орта мектебі" КММ-де информатика пәні бойынша сабақ беремін. Информатика пәні бойынша 10 сыныпта өткізген ашық сабағымның жоспарын жіберіп отырмын. Алдағы уақытта презентация, сабақ жоспарларымды жіберіп отырамын, Сіздерге рахмет.
Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по информатики MS Excel бағдарламасында диаграмма құруУрок по информатики MS Excel бағдарламасында диаграмма құруУрок по информатики MS Excel бағдарламасында диаграмма құруУрок по информатики MS Excel бағдарламасында диаграмма құруУрок по информатики MS Excel бағдарламасында диаграмма құруУрок по информатики MS Excel бағдарламасында диаграмма құруУрок по информатики MS Excel бағдарламасында диаграмма құруУрок по информатики MS Excel бағдарламасында диаграмма құруУрок по информатики MS Excel бағдарламасында диаграмма құруУрок по информатики MS Excel бағдарламасында диаграмма құруУрок по информатики MS Excel бағдарламасында диаграмма құру


Сабақтың тақырыбы: MS Excel бағдарламасында диаграмма құру


Сабақтың мақсаты:

а) бiлiмдiлік: MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері туралы оқушыларға түсінік беріп, Диаграмма шеберінің көмегімен диаграммалар тұрғызуды және әртүрлі типті диаграммалар құруды үйрету;

ә) дамытушылық: оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту;

б) тәрбиелiк: уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа оқу материалын игерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, практикалық , топтастыру әдісі

Пәнаралық байланыс: алгебра, геометрия, сызу.

Сабақтың көрнекiлiгi: дербес компьютерлер, электрондық оқулық, интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі қағаздар,өзін-өзі бағалау парағы, оқушыларды бағалау плакаты және электронды бағалау кесте және эмоционалдық жағдай.

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі.(2-3мин).

Оқушыларды түгендеу және екі топқа бөлу.

2.Үй тапсырмасын қайталау.( «Сұрақ саған, жауап маған» ойыны, компьютерде тапсырма орындау, семантикалық карта ). (7мин).

3. Жаңа сабақ түсіндіру. (5мин).

4. Компьютерде тапсырмалар орындау.

(Карточка бойынша жеке жұмыс).(5 мин).

С е р г і т у сәті.(2мин)

(Карточка бойынша жұптық жұмыс).(7 мин).

5.Бекіту (Постер жасау). (7мин).

6. Қорытындылау. Компьютерде тест тапсыру . (3мин).

7.Бағалау. (3мин).

8.Үй тапсырмасын беру. Көңіл-күй көрсету. (3мин).











Сабақ барысы:


I.Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен амандасамын және түгендеймін, олардың құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеремін;

  • Қиылған қағаздарға «WORD» және «EXCEL» деп жазып , екі топқа бөлемін.

  • Әр топта 5оқушыдан. Топ басшы, хатшы, хабарлаушы, тәлімгер,уақыт белгілеуші міндеттерін оқушылар өздері белгілеп алады.Уақыт белгілеушіге уақытты қатаң қадағалауды тапсырамын.

  • Өзін-өзі бағалау парақтарын үлестіріп беремін.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Сұрақ саған, жауап маған

Оқушыларға MS Excel программасы туралы алған білімдерін бекіту мақсатында өткен тақырыптар бойынша төмендегі сұрақтар қойылады. (слайдтан)

  1. Сұрақтар

  • MS Excel қалай қосылады? Пуск → Все программы → Ms Office → MS Excel

  • Жұмыс парағы неше бағаннан тұрады? 256

  • Бағандар мен жолдардың қиылысуы? ұяшық

  • Электрондық кестедегі горизонталь жол? Қатар

  • Жұмыс парағы неше жолдан тұрады? 65536

  • Стандартты аспаптар тақтасында орналасқан әрекеттер? Ашу, жабу, жасау

  • MS Excel кеңейтілуі? .xls

  1. Электронды оқулықтағы тапсырманы оқушыларды тақтаға шығарып, орындату.

  2. Семантикалық карта. (екі топқа)




Квадрат түбір

Бағандар

Курсор орналасқан

Ұяшық аумағы

Формула ұяшыққа қалай енгізіледі

=






Латын әріптерімен






Ағымдағы ұяшық






В13:С19






SQRT









Жолдар

Арифметикалық орта

Ұяшық

Ұяшық аумағы

Дәрежеге шығару

^






СРЗНАЧ






Сандармен






С13:G19






Жол мен бағанның қиылысуы







  1. Үйге берілген тапсырманы қорытындылап, жаңа сабақпен байланыстыру:

Электронды кестеге әр түрлі мәліметтерді енгізіп, формуламен жұмыс жасау тәсілдерін үйрендік. Енді бүгінгі сабақта сол енгізілген мәліметтерді көрнекі түрде яғни графикалық түрде шығаруды үйренеміз.

IІІ. Жаңа сабақ

Бүгін біз MS Excel программасының тағы бір мүмкіндігімен танысқанда оны іс жүзінде де пайдалана отырып, мүмкіндігінше өзімізге түсінікті дәрежеде ұғынуға тырысып көрейік.

Диаграммалар - мәліметтерді графикалық түрде кескіндеудің ыңғайлы түрі. Олар берілген сандық шамаларды ұяшықтарда үңіліп қарағаннан көрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді.

Мәліметтер кесте түрінде берілгенде оларды салыстыру, талдау оңай шаруа емес. Ал диаграмма өзіміз математика мен сызудан білетініміздей көптеген нәтижелерді бірден аңдап, тіпті сандық мөлшерлеріне қарамай-ақ ненің не екендігін түсінуімізге мүмкіндік береді.

Ескерту!

Дөңгелек диаграммадан басқа барлық диаграммалардың екі осі:

  • көлденең немесе категория осі

  • тік немесе мәндер осі болады. Қатарлар осі болады.

Диаграммалар мынандай элементтерден тұрады: тор, тақырып және аңыз.

Тақырыптар диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады.

Аңыз диаграммада берілген бірқатар деректерді ажыратуға көмектеседі.

Урок по информатики MS Excel бағдарламасында диаграмма құру

Әрбір енгзілетін мәліметтерге құрылатын диаграмманың түрін таңдау өте саңызды.

Дөңгелек диаграмма бірнеше шамаларды салыстыру үшін қолданылады. Егер бірнеше шаманың қосындысы 100 % -ды берсе, онда бұл диаграмма өте көрнекі шығады. Дөңгелек диаграмма барлық жағдайда ақпараттың нақтылығын көрсете алмайды. Мысалы, дөңгеле бірнеше бөлімге бөлініп, олардың өлшемдері бірдей болуы мүмкін.

Бағанды диаграмма бірнеше шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін қолайлы. Берілген диаграмма бағандардан тұрады.

Графикті диаграмма бірнеше шамалардың бір нүктеден екіншісіне ауысқандағы өзгерістерін бақылап отыруға ыңғайлы.

Диаграмманы құру үшін:

  • диаграмма құратын мәліметтерді енгізу;

  • диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында белгілеу;

тақырыпКірістіру мәзірінде диаграмма командасын орындау керек.

Мәндер осі

аңыз

Категориялар осі



Диаграмманың сыртқы аймағында шерту арқылы диаграмма мөлшерін өзгертуге болады. Бұл диаграммаға көптеген өзгерістер енгізуге, әрлеуге, т. б. толып жатқан әрекеттер орындауға мүмкіндіктер береді.




IV.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

Практикалық жұмыс:

Жек жұмыс. Оқушыларға үлестірме қағаздар таратылып, компьютермен жұмыс жасайды. (5мин)

WORD тобына: Диаграмма құру, диаграмманы «Тамақтану мөлшері» деп сақтау және диаграмманың қандай түрі екенін айту.

Тамақтану мөлшері

1.Таңертеңгілік ас - 25%
2. Түскі ас - 40%
3. Сәскелік ас - 15%
4. Кешкі ас - 20%

EXCEL тобына: 1.«Наурыз көже» тағамының құрамына кіретін заттарды, олардың мөлшерін енгізу. Диаграмма құру.

2. Диаграмманы «Наурыз көже» деп сақтау және диаграмманың қандай түрі екенін айту.

  1. Құйрық май - 200 гр.

  2. Сүр ет - 1000 гр.

  3. Қазы-қарта 500 гр

  4. Жарма (перловка) - 100 гр.

  5. Тары - 150 гр.

  6. Су - 2500 гр.

  7. Күріш - 250 гр.

  8. Бидай 120 гр.

  9. Тұз - 40 гр

Сергіту сәті: Оқушылар компьютермен жұмыс жасадындар енді орындарыңнан тұрып, көзге жаттығу жасаңдар. Интерактивті тақтаға назар аударыңдар.

  • Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.

Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар. Бұл кезде бірқалыпты дем алындар.

  • Көздеріңді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.

Жұппен жұмыс: Екі оқушыдан компьютерде тапсырма орындайды. (10 мин)

0,5 қадаммен [- 3 ; 3] аралығындағы y1= x2 және y2= x3 функцияның графигін тұрғызу



V. Бекіту.

Постер жасау. Екі топқа «Диаграмма түрлері» атты постер дайындауға 5 минут уақыт беремін. Оқушылар плакатқа диаграмма түрлерінің аттарын жазып, қасына дайын суреттерін қыстыруы керек. Диаграмма туралы түсініктерін ортаға салады. /оқушылардың алдына диаграмманың барлық түрлері таратылып беріледі/. Постер жасалып болған соң, әр топ хабарлаушысы ортаға шығып постерін қорғайды. Қорғау кезінде басқа топ мүшелері көмектесуіне болады. Постер қорғалып болған соң, әр топ басқа топ жұмысын критерий бойынша бағалайды. Бағалау плакатына стикерлер жапсырады.

Бағалау плакаты (топтық бағалау).


Критерий бойынша бағалау

критерийлер

WORD тобы

EXCEL тобы

хабарлануы

көркемделуі

қателері

Жалпы орташа баға

\

- үздік

- орта

- төмен

VI.Жаңа сабақты қорытындылау:

Компьютерде тест орындау

Бағалау

12-15 сұрақ - «5»

8-11 сұрақ - «4»

5-8 сұрақ - «3»

1-4 сұрақ - «2»


VIІ.Бағалау.

Топ басшы өз тобының мүшелерін өзі жеке бағалайды.

Өзін-өзі бағалау

Оқушының аты-жөні:_______________________________________

Үй тапсырмасы

Практикалық

кезең (жеке)

Практикалық кезең. (жұптық)

Сабақты бекіту.

Постер

Қорытынды

Тест

Топ басшысы

Орташа бағасы










Қорытынды бағалау

Урок по информатики MS Excel бағдарламасында диаграмма құру

Көңіл-күй көрсету. (3мин).

Оқушыларға сабақ соңындағы көңіл күйін білдіретін парақтар таратылып беріледі. Толтырып мұғалімге тапсырады.

Оқушылар Қазақстанға деген тілектерін стикерге жазып, Қазақстанның картасына жапсырады.

VIІІ.Үй тапсырмасы:

1.EXCEL-дің графикалық мүмкіндіктері

2.Үйден кесте жасап келу. (Кестені келесі сабақта компьютерге түсіреді.)


Кеспе карточкалар

Диаграмма құру, диаграмманы «Тамақтану мөлшері» деп сақтау және диаграмманың қандай түрі екенін айту.

1.Таңертеңгілік ас - 25%
2. Түскі ас - 40%
3. Сәскелік ас - 15%
4. Кешкі ас - 20%
















Кеспе карточкалар

1.«Наурыз көже» тағамының құрамына кіретін заттарды, олардың мөлшерін енгізу. Диаграмма құру.

2. Диаграмманы «Наурыз көже» деп сақтау және диаграмманың қандай түрі екенін айту.

  1. Құйрық май - 200 гр.

  2. Сүр ет - 1000 гр.

  3. Қазы-қарта 500 гр

  4. Жарма (перловка) - 100 гр.

  5. Тары - 150 гр.

  6. Су - 2500 гр.

  7. Күріш - 250 гр.

  8. Бидай 120 гр.

  9. Тұз - 40 гр
















Кеспе карточкалар

0,5 қадаммен [- 3 ; 3] аралығындағы y1= x2 және y2= x3 функцияның графигін тұрғызу





ШҚО Жарма ауданы. Үшбиік ауылы

«Ақтайлақ би атындағы орта мектебі» КММ

Информатика пәні мұғалімі

Оразалина Гулум Бакытбековна

© 2010-2022