Графика. Графикалық режимге көшу адаптерлері

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні-----------------

Сынып: 9-сынып

Пән:информатика

Сабақтың тақырыбы: Графика.Графикалық режимге көшу адаптерлері. CRT модуліндегі адаптерлердің мәтіндік мүмкіндіктері.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Оқушыларға Модульдер. Экранды TURBO PASCAL-дың текстік және графикалық режимінде басқару тақырыбын тереңірек түсіндіру.

  • Дамытушылық: Паскаль тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру, танымдық белсенділіктерін дамыту.

  • Тәрбиелік: Оқушыларға жаңа сабақты бере отырып ұқыптылыққа,сабаққа немқұрайлы қарамауға өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу, қауіпсіздік ережелерін үнемі сақтауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі (3-мин)

ІІ.Үй жұмысы (4-мин)

ІІІ.Жаңа сабақ.(15-20-мин)

ІҮ. Практикалық тапсырмалар(10-мин)

Ү. Сабақты қорытындылау. (6-мин)

ҮІ. Оқушылардың білімін бағалау.(3-мин)

YII. Үйге тапсырма беру.(4-мин)

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу

2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ.Үй жұмысы

  1. Бір атаумен белгіленіп, біріктірілген біртекті реттелген элементтер жиыны бұл-

А) параметр б) тип с)жиым д(көлемі

2. Жиымды сипаттау үшін қандай қосымша сөз қолданылады?

А) real б) of с) array of д)integer

3. Мысалы, программада нақты 30 элементтен тұратын Х жиымы пайдаланылса, онда оны тип бөлімінде қалай сипаттайсың?

А) type x= array [1..30] of real; б) type x= array [30] of real;

с) type x= array [real] of real; д) type x= array [integer] of real;

4. Мысалы, А жиымы элементтерін пернетақтадан енгізу үшін қандай оператор қолданылады?

А) for i:=1 to n do read(a[i]); б) for i:=1 to n do writeln(a[i]);

с) x= array [real] of real; д) read(a[i]);

5.Екі өлшемді жиымды қалай атаймыз?

А)матрица б)вектор с)символдық д)процедура

6. Белгілі бір әрекеттерді орындау мақсатында алдын ала бекітілген аты бойынша шақырылып отыратын програманың тәуелсіз бөлігі не деп аталады?

А)матрица б) процедура с) функция д)құрылым

8. Жұмыстың нәтижесі бір мән болатын процедура не деп аталады?

А)матрица б) процедура с) функция д)құрылым

9. Дисплей мен пернетақтаны басқаратын модуль қандай?

А) dos б) crt с)graph д) printer

10. System кітапханалық модуліндегі Halt процедурасы прогаммада қандай қызмет атқарады?

А)жалғастырады б)тоқтатады с)аяқтайды д)енгізеді

ІІІ.Жаңа сабақ.

Графикалық программалау процесінің тиімділігін арттыру мақсатында Borland International фирмасы GRAPHарнайы прогаммалар кітапханасын жасап шығарды.

Экранға мәлімет шағаруды аппараттық жағынан сүйемелдеу екі модуль-бейнеадаптер және бейнемонитор арқылы қамтамасыз етіледі. Бейнемонитор немесе дисплей - мәтін және графикалық бейнелер шығарылатын құрылғы, ол электрондық сәулелік түтікшеден немесе сұйықкроисталды тақтадан тұрады.

Экранның басқарылатын ең кіші элементі пиксель деп аталады.Бейнеадаптер- экранды басқару блогы оны дисплей адаптері немесе адаптер деп те атайды.

Жалпы бнейнеадаптер екі бөліктен -электрондық-сәулелік түтікше контроллерінен (CRT контроллері) және бейнебуферден тұрады.

CRT модуліндегі адаптерлердің мәтіндік мүмкіндіктері.

Турбо Паскальдің (мәтіндерді енгізіп-шығаруды жетілдіретін бірнеше стандартты функциялармен процедуралар бар,олар кітапханалық CRT модулінде жинақталған.Мәтіндік режимда процедураларды пайдалану үшін алдымен crt модулін іске қосу керек.Ол үшін программа тақырыбынан кейін арнайы жол жазылуы тиіс:

Program <Программа аты>;

Uses crt;

Мәтіндік режимді орнату мынандай стандартты процедура арқылы жүргізіледі:

Text Mode (Mode:Word);

Мұндағы Mode -мәтіндік режим коды, оның мүмкін мәндері7.2 кестеде көрсетілген.

CRT модулін пайдалана отырып, экранға шығарылатын символдардың түсін, мөлшерін, экранның да түсін өзгертуге болады.

Мәтіндік режимжа символдар 16 түстің біріне (нөмірлері 0-15), экран реңгі (фон) 8 түстің біріне (0-7) бояла алады.

Түстің номері

Түстің аты

Тұрақты

0

Қара

Black

1

Көк

Blue

2

Жасыл

Green

3

Көгілдір

Cyan

4

Қызыл

Red

5

Күлгін

Magenta

6

Қоңыр

Brown

7

Ақ

LightGray

8

Сұр

DarkGray

9

Көгілдір көк

Light Blue

10

Ашық көгілдір

Light Green

11

Ашық жұпаргүл түсті

Light Cyan

12

Ашық қызыл (алқызыл)

Light Red

13

Ашық күлгін

Light Magenta

14

Сары

Yellow

15

Ақ, ашық ақ

White

Экранды тазалайтын бірнеше процедураларды қарастырайық.

ClrScr-экранды немесе терезені тазалап курсорды экранның сол жақ жоғар,ы бұрышына көшіреді,тек мәтіндік режимда ғана жұмыс істейді.

ClrEol -курсордан жолдыц соңына дейінгі символдарды өшіреді.

DelLine - курсор орналасқан жолдағы символдар түгел өшіріледіді , төмендегі жолдар бір қатар көтеріледі.

InsLine - курсор орналасқан позицияға жаңа жол енгізіледі де, төменгі символдар бір қатар төмен түсіріледі. Курсорды басқаратын және оны кез келген экран нүктесіне орналастыратын процедура қарастырылған.

GotoXY(X,Y:byte);- курсорды координаталары X,Y болып келетін экран нүктесіне көшіреді. X сол жақ шеттен оң жаққа қарай, ал Y жоғарыдан төмен қарай берілген қашықтықтар бірлігін айтамыз.

Егер экран толық ашылған терезе деп қарастырылса , онда ол 25 жолдан және әр жол 80 символдан тұратын дисплей адаптерінің мәтіндік режимде Х=1..80, ал Y=1..25мәндеріне сәйкес келеді.

Мысалы:

Clrscr; {экранды тазарту }

GotoXY(33,4); {курсорды 4-жол ортасына көшіру}

Write('_');

Сонымен бірге экранда терезе жасау мүмкіндігі бар. Оны орындайтынпрограммаларда процедура түрінде берілген.

Window(X1,Y1,X2,Y2:Byte);-экранда терезе құру процедурасы , X1,Y1,X2,Y2-терезе төртбұрышының сол жақ жоғары және оң жақ төменгі төбелерінің координаталары.

Window(1,1,80,25);{Толық экранды терезе}

Window(19,7,59,16);{Экран ортасындағы терезе}

ІҮ. Практикалық тапсырмалар

Терезені пайдалану жолын төмендегі программадан көруге болады.Графика. Графикалық режимге көшу адаптерлері.

Нәтижесінде

Графика. Графикалық режимге көшу адаптерлері.

Ү. Сабақты қорытындылау.

1.Бейнемонитор дегеніміз не?

2.Бейнеадаптер дегеніміз?

3. Clrscr қандай қызмет атқарады?

4. курсордан жолдың соңына дейінгі символдарды өшіретін процедура қандай?

5.Экранда терезе бейнесін жасайтын процедура?

YII. Үйге тапсырма беру

174- беттегі № 1-2-3- тамсырмаларды орындап келу.

© 2010-2022