Сабақ жоспары: Функциялар, стандартты функцияларды пайдалану

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

05/02/2016 ж

Пән аты: Информатика Мұғалім: Елшібеков Д.С.

Класы: 8 «А»

Сабақтың тақырыбы: Функциялар, стандартты функцияларды пайдалану.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютер.

Дидактикалық материалдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Қоңырау оғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Жаңа материалдың мазмұны:

Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын. Кезекшіден оқушыларды түгелдеп журналға белгілеп алып үй тапсырмасын бірнеше сұрақтар қою арқылы сұраймын.

Жаңа сабақ:

Ms Excel -де кез келген формуланың «=» белгісінен басталатынын білеміз. Мысалы, сіздің оқу кестеңізде әрбір қызметкердің үш айға қанша сыйақы алатынын есептеу керек. Ол үшін Е3 ұяшығына =В3+С3+D3 формуласын енгіземіз, әйтпесе Excel-дегі дайын формуланы қолданса да болады. Мұндай ұзын формуланың орнына =СУММ (В3:Д3) формуласын енгізсе болғаны.

Электронды кестеде қосу (СУММ) функциясы жиі қолданылады, сондықтан Стандартты аспаптар тақтасында Сабақ жоспары: Функциялар, стандартты функцияларды пайдалану белгісінің батырмасы қарастырылған. Жалпы қосындыны білу үшін қосылатын ұяшықтардың аумағын белгілеп, Автоқосынды (Автосумма) Сабақ жоспары: Функциялар, стандартты функцияларды пайдалану батырмасын шертіңіз.

Қорытылып шығатын формулаларды енгізу үшін Функция шебері (Мастер функции) диалогтік терезесін қолдануға болады. Ол функцияны енгізіп қана қоймай, күрделі есептеулерді де орындайды.

Ұяшыққа функцияларды енгізу үшін:

  • формула енгізетін ұяшықты белгілеу;

  • Функция менюіндегі Қою немесе Сабақ жоспары: Функциялар, стандартты функцияларды пайдалану батырмасының көмегімен Функция шебері (Мастер функции) диалогтік терезесін шақыру.

  • Функция шебері диалогтік терезесіндегі Категория өрісінде функцияның типін, содан кейін функция тізімінде Функцияны таңдау керек;

  • ОК батырмасын шертіңіз.

Формулаларды көшіру. Көшіру кестеге бір типтес формулаларды енгізуді жеңілдетеді. Формулаларды көшіру батырмасында ұяшықтарға салыстырмалы жіберу автоматты түрде өзгереді.

Ұяшықтағы мәліметтерді көшіру үшін:

  • мәліметтері көшірілетін ұяшықты белгілеу;

  • Түзету (Правка) менюіндегі Көшіру (Копировать) командасын шақыру.

  • Мәлімет қойылатын ұяшықты белгілеу;

  • Түзету менюіндегі Вставить (Қою) командасын шақыру.

  • Буфердегі бөлік көрсетілген орынға көшіріледі.

Ұяшықтағы мәліметтердің орнын ауыстыру үшін:

  • мәліметтердің орны ауыстырылатын ұяшықты белгілеу;

  • Түзету менюіндегі Қиып алу (Вырезать) командасын шақыру.

  • Бөлік қойылатын ұяшықтың сол жақ жоғарғы аймағын белгілеу;

  • Түзету менюіндегі Қою командасын шақыру.

  • Буфердегі бөлік көрсетілген орынға қойылады.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Excel - дің қызметі қандай?

  2. Excel қызметінің негізгі категорияларын айтып беріңіз.

  3. Excel ұяшықтарындағы мәліметтердің орнын ауыстыру және оларды көшіру операциялары қалай ерекшеленеді?

Үйге тапсырма беру: Формуланы енгізу және көшіру

Оқушыларды бағалау.


© 2010-2022