Поурочный план по информатике на тему Повторение (7 класс)

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 7 Күні:________ Мұғалімі: Сейтмолдина Ш.Н Тексерген: ____________

Сабақтың тақырыбы

Паскаль программалау тілінде есептер шығару

Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары

Білімділік: Оқушыларға ІІІ тоқсанда берген білімдерін қорытындылау.

Паскаль программалау тілін дұрыс пайдалана білу дағдыларын

қалыптастыру. Пәнге қызығушылықтарын арттыру;

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Өз ойын жүйелі жеткізе білуге, шығармашылыққа, әсемдікке, ұқыптылыққа, топпен жұмыс істеуге баулу;

Тәрбиелік: Компьютерлік сауаттылықтарын және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ұқыптылыққа, жауапкершілдікке тәрбиелеу.

Оқытуда қолданылатын әдіс -тәсілдер

Көрнекі-түсіндіру, салыстыру-талдау, өз бетінше жұмыс істеу, диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау. Сайыс сабақ,

Сабақтың типі

Қайталау сабағы

Оқытудағы әдістемелік нұсқау

Жаңа тақырыпты түсіндіре отырыпы, оқушылардың компьютерлік сауаттылықтарын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, ғылыми-шығармашылыққа баулу.

Сабақтың кезеңдері

1. Сабақтың барысы

Балалар бүгінгі сабақта ІІ тоқсанда өткен тақырыптарды қайталау сабағы болып келеді. Қазір біз информатика сабағында ойын ойнап көрейік. Алдымен, 2 топқа бөлінейік. Әр топ капитан сайлап алады

Капитан өз тобының ойыншыларын таныстырады.

Сонымен, біздің топтар ойыншылары дайын. Ендеше ойынымызда бастайық.

Әр команда ойыншыларына сұрақтар қойылады. Бірінші сұрақ команда капитанына арналған. Егер капиатан дұрыс жауап берсе, келесі сұраққа капитан ойыншыға берсе, сол ойыншы жауап береді. Сұрақтар топтарға кезек-кезек қойылады. Егер топтағы ойыншы сұраққа жауап бере алмаса, бұл топқа сұрақтар қойылмайды. Әр команда өзінің ұпайларын жинап отырады. Әр конкурстан жеңген командаларға жетондар беріліп отырады.

2. Оқушылардың алған білімдерін қайталау

Тақтада алма ағашы ілініп тұр. Жемісінде сұрақ жасырылған, сұраққа дұрыс жауап бер де, командаңа ұпай жина. Әр командадан бір -бір оқушыдан шығып, қалаған алмасын себетке салады да, сұрақа жауаб береді. Жауап дұрыс болмаса, келесі команда жауап береді.

Сұрақтар:

  1. Программа деген не?

  2. Программа қалай орындалақды?

  3. Индентификатор дегеніміз не?

  4. Резервтелген сөздер дегеніміз не?

  5. Integer типі қандай мәндерді қабылдайды?Поурочный план по информатике на тему Повторение (7 класс)

  6. Byte типі қандай мәндерді қабылдайды?

  7. Айнымалылар дегеніміз не?

  8. Идентификатордың ұзындығы қанша символдан аспау керек?

  9. Write және writeln операторларының айырмашылығы қандай? Шығару процедурасында апострофтың ішінде жазылған сөз нені білдіреді?

  10. Read және readln операторларының айырмашылығы қандай? Программа соңында қойылатын readln операторы нені білдіреді?

3. Капитандар сайысы

Әр топтың капитандары компьютерге отырып берілген есептің программасын жазады.

Төменде 0 және 10 санының арасындағы барлық жұп сандардың қосындысын анықтайтын бағдарлама келтірілген, бірақ қызмет сөздері мен операторлардың орналасу тізбегі бұзылған. Сіздер бағдарлама дұрыс жұмыс істеуі үшін оны қалпына келтірулеріңіз қажет. Поурочный план по информатике на тему Повторение (7 класс)Поурочный план по информатике на тему Повторение (7 класс)

4. Топ тапсыларырма

Әр топқа тапсырмалар беріледі.

  1. Өрнектің мәнін есептеңіз

  2. Төменде келтірілген бағдарламаныњ орындалу нәтижесінде экранға не шағады?

  3. Координатасы (х,у) болатын нүкте штрихталған аймаққа жататын болса, сонда және тек қана сонда "ақиқат" мәнін қабылдайтын логикалық амалды жазыңыз.

  4. Айнымалылардың типін анықтаңыз.

  5. Келесі өрнекті Pascal тілінде жазыңыз.

  6. Цикл денесі неше рет айталанады?

  7. Паскаль тіліндегі келесі меншіктеу операторларының қатесін анықтаңыз

  8. Орынына қой

  9. Ия немесе жоқ

  10. Процедуралар мен қызметші сөздердің сәйкес аудармаларын сызып көрсетіңіз

  11. Төменде келтірілген бағдарлама үзіндісі қандай тапсырманы шешуге арналған?

  12. Тіркестердің арасына салыстыру белгісін (>, <, =) қойыњыз және өз жауабыњызды түсіндіріңіз.

  13. Мына бағытта пирамида бөліктерін сұраққа жауап беру арқылы жинаңыз.

  14. Артығын тап, түсіндір.

5. Сергіту сәті


Төменде келтірілген кестеде Паскаль тілінде қолданылатын сөздер жазылған. Сөздер қиылыспайды, ортақ әріптері жоқ "ЖЫЛАНША" бағытта жазылған - оларды көлденеңнен және тігінен кез-келген бағытта (солдан оңға, төменнен жоғары және т.б.) оқуға болады, бірақ диагональ бойынша емес. Табылған сөздерді әр түрлі түспен маркер арқылы ерекшелеңізПоурочный план по информатике на тему Повторение (7 класс)

6. Бағалау

Барлық конкурстар нәтижесінде жиналған жетондар саналып, оқушыларға баға қойылады

7. Үйге тапсырма

Паскаль тіліндегі операторларға ребус, сөзжұмбақ құру.


© 2010-2022