Мен суретшімін 4 сыныбына

Информатикадан курс 3-4 сыныптарында оқитың балалар үшін құрылған.Курс 34 сағаттан турады Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігімен сапасын жоғарылатуды көздейді.Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтард...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мазмұны:

1. Түсінік хат.................................................................... ............. ..................2-3

2. Күнтізбелік - тақырыптық жоспар...................... ...... ...................... ........4-5

3. Курс мазмұны.................................................................... ............. ............6-7

4. Пайданылынған әдебиеттер................................... ........... ........... ...............8



























Түсінік хат

Информатикадан курс 3-4 сыныптарында оқитың балалар үшін құрылған.Курс 34 сағаттан турады

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігімен сапасын жоғарылатуды көздейді.Ақпараттық - коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларын меңгеруге негізделеді.Ақпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.Компьютерлік графиканың қолданылу көкжиегі өте кең - қарапайым сурет салудан бастап теледидардағы жарнама және кинодағы арнайы эффектілерге, машина жасау саласындағы компьютерлік жобалаудан іргелі ғылыми зерттеулерге дейінгі аумақты түгел қамтиды."Компьютерлік әліппе" білім беру курсы оқушылардың текстік және графикалық редакторлар, жарнамалар мен қарапайым презентациялар құру бағдарламаларының көмегімен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған теориялық және практикалық мазмұнды мәліметтерді қамтиды.

Курстың негізгі мақсаттары:

  1. Қазіргі компьютерлік технологияларды оқып үйренуге және меңгеруге деген қызығушылығын ояту;

  2. Дербес компьютердің программалық жабдықтары туралы білімдерін толықтыру, тереңдету және жүйелеу;

  3. Оқушылардың текстік, графиктік редакторлармен жұмыс істеу білігі мен дағдыларын қалыптастыру;

  4. Оқушылардың танымдық қызығушылығын, теориялық және шығармашылықпен шабытты ойлау қабілеттерін дамыту.







Тақырыптық жоспар


Тақырып

Сағат саны

Күні

1-2

Информатикаға кіріспе

2

2,9.09

3

Компьютер сыныбындағы қауіпсіздік ережесі

1

16.09

4

Графикалық редактор. Белгілер. Қосу. Терезенің құрамы.

1

23.09

5

Құралдар панелі

1

30.09

6

Қарандаш. Сызық.

1

7.10

7

Тікбұрыш

1

14.10

8

Микроскоп

1

21.10

9

Элипс

1

28.10

10

Кийсық сызық

1

11.11

11

Көпбұрыш

1

18.11

12-13

Құю

2

25.11

14-15

Шашу құралы

2

2,9.12

16

Қылқалам

1

23.12

17

Өшіргіш

1

13.01

18-19

Мәтінді шығару

2

20,27.01

20

Қайталау

1

3.02

21

Сынақ

1

10.02

22-23

Суреттерді сақтау

2

17,24.02

24

Суреттерді ашу

1

3.03

25

Суреттерді белгілеу

1

10.03

26-27

Суреттерді ауыстыру

2

17,31.03

28

Еңгізу

1

7.04

29

Суреттерді өшіру

1

14.04

30-31

Суреттерді көбейту

2

21,28.04

32-33

Мультфильмдерге және ертегілерге суреттер құрастыру

2

5,12.05

34

Сынақ

1

19.05

Барлығы

34







Курс мазмұны

Кіріспе

Курстың мазмұны, мақсаты мен міндеттері. Компьютерлік графиканың негізгі ұғымдары. ДК - де жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері. Графикалық редакторы

Компьютер сыныбында қауыпсыздік ережелері. Компьютерді қосу және өшіру білу. Бағдарламаны қосу. Суреттерді дайындау кезеңдері. Тік сызықтарды салу. Дөңгеліктерді салу. Қийсық сызықтарды салу. Көпбұрыштарды салу. «Қию» деген инструменті. «Шашу» деген инструменті. Қылқаламмен сурет салу. «Өшіргіш» деген инструменті.

Редактордың командалары

«Өшіру »деген командасы. «Қайталау » деген командасы. Суреттерді қалай сақтауды керек үйрету. Суретті жазумен қалай істеу. Суреттерлерді қалай ашу керегінде үйрету. Суреттерлерге жаңа суреттерлерді қалай қосып жаңа суреттерлерді жасауды уйрету.

Фрагменттермен жұмыс істеу

Фрагмент дегеніміз не. Фрагмент не үшін керек. Фрагменттелерді қайталау және орын айырбастыру. Фрагменттелерді көбейту. Фрагменттерді өшіру.

Сынақ

Сынақтарда балалар өз ойымен және сабақтарда алынған білімдерімен әр түрлі суреттерді ойлап жасайды. Практикалық жұмыс. Осы жұмыстарды істегенде балалар өз логикалық қабілеттерін арттырады.

Оқушылар нені білуі керек:

  • информатика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін;

  • векторлық және растрлық графика айырмашылықтарын;

  • графикалық редакторлар мүмкіндіктерін;

  • презентация мен жарнама құру бағдарламаларының мүмкіндіктерін;

  • олардың қолданылу аймақтарын.

Оқушылар меңгеруі керек:

  • күнделікті өмірден графиканы қолданудың мысалдарын келтіре білуді.

Растрлық графикалық редактор Paint - пен жұмыс істеу негіздері

Графикалық редактор терезесі. Инструменттер панелі, меню қатары, палитра. Суреттерді құру, сақтау және жүктеу. Үзінділерді көшірмелеу, орнын ауыстыру, жою, өлшемін өзгерту. Жазба енгізу, суреттер енгізу және оны редакторлау. Түстік безендіру мүмкіндіктері. Симметрия, объектілерді қисайту және бұру. Мозаика көмегімен сурет салу. Тор көмегімен сурет салу, масштабты өзгерту.

Оқушылар нені білуі керек:

  • Paint терезесінің элементтерін;

  • құралдар тақтасындағы батырмалар қызметін;

  • «Правка» менюнің мүмкіндіктерін;

  • көшіру мен киюды қай жағдайда қолдану керектігін;

  • объекті қисайту мен симметрияны қолдану алгоритмін;

  • мозаиканы, суретті пиксельдер көмегімен құру тәсілдерін.

Оқушылар меңгеруі керек:

  • құралдар тақтасының батырмаларын пайдалана білуді;

  • суреттер салуды, суреттік файлды сақтауды және ашуды;

  • объектіні ерекшелеу, орын ауыстыру, көшіру, өлшемін өзгертуді;

  • қайталанатын объектілерден сурет құрастыруды;

  • объектіні берілген бұрышқа бұруды;

  • мозаика құру және олардан суреттер құрастыруды.

8


© 2010-2022