Мәтінді теру және түзету ережелері

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ №20

Пән аты: Информатика

Класы: 5«А», 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы: §20. Мәтінді теру және түзету ережелері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.

Білімділік. Құжаттың құрылымы, стилі, баспа бетінің геометриясы туралы және WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтімен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету.

Тәрбиелік. Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілеттін, логикалық-абстракциясын дамыту

Сабақтың түрі. Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы.

1.Оқушылардың ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру.

Мәтіндермен жұмыс істегенде кейде оларды біріктіруге, кейде фрагменттерді әр құжаттардан алып, оның жаңасын құруға тура келеді. Егер барлық құжаттарды әртүрлі ережелер бойынша құратын болсақ, онда нәтижесінде мәтін көріксіз болып көрінеді.

Құжатқа мәтін теру ережелерін айттық, енді олардың бәрін атайық:

  1. Бас әріпті немесе символды жоғарғы регистрден енгізу үшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек.

  2. Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса - Caps Lock пернесін қос.

  3. Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады.

  4. Дефис бос орынсыз қойылады. Мысалы: жан-жақты, бетпе-бет, web -бет.

  5. Ұзын сызықша (тире) алдынан да, соңынан да бос орынмен қойылады: «Блокнот-қарапайым мәтіндік редактор».

  6. Даталарды, қысқартылған аты мен әкесінің аты (инициалы) енгізілгенде және ұқсас жағдайларда үзілмейтін бос орын қолданылады. Ол пернелердің Ctrl+Shift+бос орын тізбектемесін терумен орындалады.

  7. Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайды.

  8. Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады.

  9. Enter пернесін абзацтың соңында басады. Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады.

Мәтін бойынша жылжу



Курсорды мәтін бойынша стрелкалармен, Home (жолдың басына), Home

(жолдың басына), End (жолдың соңына), Page Up, Page Down (бір бетке төмен) пернелерімен жылжытуға болады.

Түйін

  • Түзетуге (редактирование) жататындар: мәтін фрагменттерін жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыру.

  • Мәтінді ерекшелеу үшін пернетақта мен тышқанды қолданған қолайлы. Мәтін бойынша жылжу пернелері мен Ctrl, Shift пернелері бірге пайдалануы мүмкін.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Бас әріпті қалай енгіземіз?

  2. Бос орын қай кезде қолданылады.

  3. Enter пернесін қай кезде басу керек?

Үйге тапсырма: §20. Мәтінді теру және түзету ережелері.



© 2010-2022