Техниқалық қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

Раздел Информатика
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1-сабақ. Кіріспе . Техниқалық қауіпсіздігі және жұмыс орнын

ұйымдастыру.

Сабақтың мақсаты:

  • 11-сынып информатика курсының мақсаттары және тапсырмаларымен танысу ;

  • Жұмыс орнын ұйымдастыруды үйрету.

Оқушылар билуі тиіс: компьютермен жұмыс істеудегі мүмкін болатын зардап салдарын, программаның интерфейсінің қолданушыға әсер етуін ескеруді.

Оқушылар үйренуі тиіс: өзінің жұмыс орнында қалай жұмыс істеу керектігіне байланысты қойылатын сұрақтарға жауап бере алуды.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсат-міндеттерін қою
ІІІ Білімді өзектендіру

11-сыныпта информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеті.

Қазіргі заманда адамзат техникалық құралдарды қолдануға міндетті. Қолданушы техниканы тиімді түрде қолдануда оның мүмкіндіктерін білуі, программа орната алуы, қолдана білуі қажет. Желілік технологиялардың екпінді дамуыда, электронды қызмет көрсету шоғырының кеңеюінде программалар және мәліметтер қауіпсіздігі үлкен рөл ойнайды.

Бұл оқу жылында информатика сабақтарында келесі бөлімдер мен тақырыптар қарастырылады :

  • Ақпарат және ақпараттық үдерістер: ақпараттық қауіпсіздіктің не екендігі, компьютерлік құқықбұзушылықтың кейбір түрлері, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық сұрақтары,авторлық құқықтың қорғанысы.

«Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы» бөлімінде келесі тақырыптар болады: ақпараттық қамтамасыз ету, ОЖ құралдарымен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, компьютерлік вирустар .

Одан кейін үщ үлкен бөлімді оқисыңдар: Векторлық графика ,Растрлық графика, Электронды басылымдар және полиграфикалық басылымдарды дайындау. Сендер компьютерлік графиканың (логотиптерді , эмблемаларды , ашықхаттарды, фотосуреттерді және т .б.) әртүрлі түрлерін құруды, редакциялауға арналған редакторларды қолдануды және полиграфия лық (брошюра, газет ж. б) басылымдарды беттеуді үйренесіңдер.

Сендерге әріне өткен жылы алған білімдерің қажет болады.

Оқулықпен жұмыс істеу жүйесі сол қалпында қала береді Параграфта ұсынылған мәліметті оқып үйрену тапсырмаларды деңгей бойынша орналасқан тәжірибелік жұмысты жүргізу мен тіркеледі .Бақылау сұрақтары тізімінде жауапқа арналған сыртқы қордағы ақпараттарды өздігінен іздеуді талап ететін сұрақтар мен тапсырмаларды кезіктіресіңдер. Тараудың негізгі мазмұнын қортындылауда жоба тақырыптары ұсынылады(жобалық іс-әрекетпен жұмыс істеуге оқулық бойынша 7-сағат бөлінген). Жобамен жұмыс істеу , программада жұмыстың оқытылған түрін қабылдауға мүмкіндік беруімен қатар, тақырып бойынша өзінің ұсынысын кеңейтуге, программада табылған жеке қабылдауларын сипаттауга, мұғаліммен бірлесе жұмыс жасай отырып, сабақ оқуға мүмкіндік береді.

Техникалық қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

Әдетте техникалық қауіпсіздік ережелері әр оқу жылының басында қайталанады және бұған компьютер алдында тәжірибелік жұмыс жасау барысында қайта оралып отырады. 11-сынып оқушыларына топтық жұмыс ұйымдастырып, ол жұмыс нәтижелерін қортынды жобада қолдануды ұсынуға болады (өз сайттарының жеке парағында) немесе информатика кабинетін ең үздік безендіру жұмысының бөлігі ретінде ұйымдастыруға болады.

Алдын ала оқушыларға параграфтың мәтінін оқуға және ондағы тәжірибелік тапсырмаларды орындауға уақыт беріңіз.

Топта ұйымдастыру жұмысының нұсқалары:

  • Информатика кабинетінде арнап «Компьютер алдындағы қауіпсіз жұмыс» тақырыбына өз беттерінше плакат құру.

  • Кестені толтыру(оң жағын оқушылар толтырады).

Мысалы:

ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫН ЕРЕЖЕЛЕР

жұмыс орнында

шуыл болмауы қажет

жұмыс үстелі (парта)

болмауы қажет

монитор экраны

жылтырап тұрмауы қажет

...

Компьютермен ұзақ жұмыс істеу кезінде

Қажет

Биіктігі реттелетін және арқаны жақсы ұстайтын орындықтың болуы

Жиі-жиі үзіліс жасау, физикалық жаттығулар жасау және көзге арналған жаттығулар жасау

Бөлмеде ықтималды микроклиматты қадағалау

(температура, желдетілу және т.б.)

...


  • Компьютер алдында дұрыс емес жұмыс істеу жағдайына мысалдар келтіру және оларға ойын ұйымдастыру және оларды суреттеу.

  • Төменгі сынып оқушыларына «Компьютер алдындағы қауіпсіз жұмыс» тақырыбына хабарлама /тұсаукесер дайындау және т. б.

IV Тәжірибелік жұмыс

Тапсырмалардың топтарда орындалуы.

V Қортындылау

Тәжірибелік жұмыстың орындалуын бағалау.

VI Үй тапсырмасы

Оқулықтан тақырып бойынша мәліметті оқып білу.



© 2010-2022