Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері

Басқару элементтерінің панелі   1-суретте бейнеленген, көрсеткіштен басқа барлық батырмалар, объектілер деп аталады. Оларды біз формада орналастыра аламыз. Бұл объектілер басқарушы элементтер деп те аталады. Олардың көбі VB-тің ажырамас бөлігі болып, стандартты элементтер қатарына жатады. Мысалы: командалық батырма немесе мәтін (мәтіндік) алады. Бұл жерде одан басқа қосымша элементтер де болуы мүмкін. Оларды қосу үшін панельдің бос жерінен жүгіртпенің оң жақ батырмасына басу керек. Пайда болған ...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БҚО. Жалпақтал ауылы Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі

Өндірістік оқыту шебері: Каримова Аксамал Жакиповна


Сабақтың тақырыбы: «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері

Сабақтың мақсаты


Білімділік: Оқушыларға Visual Basic терезесінің басқару элементтері туралы толық мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютерлік жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оны өмірде қолдана білуге ықпал жасау, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Microsoft PowerPoint презентациясы. Компьютер, интерактивті тақта, технологиялық - нұсқама карта.

Оқыту түрі: Жеке, топтық

Пәнаралық байланыс: Информатика, Қазақ тілі, Орыс тілі, Агылшын тілі.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

- сәлемдесу

- оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

- сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Кіріспе нұсқау:

2.1. Қауіпсіздік ережесін еске түсіру

а. Жұмысқа кірісер алдында

- жермен өткізілуді тексеру, жұмыс кимін ретке келтіру.

-компьютерді іске қосу, ақауларын тексеру.

- су киіммен немесе су қолмен компьютерге жақындамау

б. Жұмыс жасау кезінде

- өндіріс шебері берген тапсырманы орындау

- компьютердегі басқа программаларды қопармау

- компьютер айналасынан артық заттарды жинап тастау

- тапсырманы орындағанын өндіріс шеберіне айту және көрсету

-басқа тапсырма алу

в. Жұмысты аяқтау кезінде

- тапсырманы көрсету

- компьютердің барлық бағдарламаларын жабу

- ережеге сай компьютердің жұмысын аяқтау

- өндіріс шеберіне көрсету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру


Басқару элементтерінің панелі

1-суретте бейнеленген, көрсеткіштен басқа барлық батырмалар, объектілер деп аталады. Оларды біз формада орналастыра аламыз. Бұл объектілер басқарушы элементтер деп те аталады. Олардың көбі VB-тің ажырамас бөлігі болып, стандартты элементтер қатарына жатады. Мысалы: командалық батырма немесе мәтін (мәтіндік) алады. Бұл жерде одан басқа қосымша элементтер де болуы мүмкін. Оларды қосу үшін панельдің бос жерінен жүгіртпенің оң жақ батырмасына басу керек. Пайда болған контекстік менюден Компаненты бөліміне таңбасын қою арқылы қажетті объектілерімізді таңдап аламыз.

Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері

  1. Сурет

Басқару элементтері панеліндегі объектілердің атқаратын негізгі қызметтері

Әрбір объектінің өзіне тән қасиеттерінің тобы болады. Командалық батырма жасау үшін, оның суретіне көрсеткішті орналастырып, жүгіртпенің сол жақ батырмасын басып жібереміз де, онан соң формаға орналастырамыз. Осы әдіспен қажетінше батырма жасап алуға болады. Бірінші батырманың аты Command 1,екінші Command 2 ,т.с.с. болады. Батырманың атауын қасиеттер терезесінен Caption мәні арқылы алуға болады.

Мәтін терезесінің мазмұны text қасиеті арқылы анықталады, ал форматы BorderStyle және ScrollBars.

Экранда жылжыту батырмасын көрсету үшін MultiLine (көп жолды мәтін) қасиетіне true мәнін қою керек. Мәтін терезесіне пароль қою үшін жоба жасаушыға Pass Word Char қасиетін беріп, белгілі бір символды қоюымыз керек. Мысалы, «*» символы.

Қолданушы терезеге мәтін енгізсен, онда «**» таңбалары пайда болады. Бағдарламаны ашу үшін алғашқы мәтін пароль болып табылады.

Батырманың атауын қасиеттер терезесінен Caption мәні арқылы алуға болады

Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері - Көрсеткіш стрелка (Pointer). Формада орналасқан ағымдағы объектімен жұмысты тоқтату үшін қолданылады.

Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері - Сурет (PictureBox). Бұл обекъті графикалық бейнені көрсетеді және графикпен жұмыс істеу кезінде контейнер (жинақтаушы) ролін атқарады.

Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері - Таңба (Label). Қолданушыға өзгертуге болмайтын мәтінді көрсетеді. Жай есептеулердің нәтижесі көрсету үшін де қолданылады.

Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері - Қоршау (Frame). Объектілерді топтауға мүмкіндік береді.

Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері - Мәтін терезесі (TextBox). Мәтін жазуға арналған терезе, қалауымызша мәтін жазуымызға болады. Оған 32000 символ сыяды. Бұл терезе мәтінді өзгертуге болады. Ол үшін терезенің Enabled қасиеті қойылу керке.

Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері - Командалық батырма (Command Button). Қолданушыға арналған батырма. Ол бағдарламаны және әр түрлі әрекеттерді орындау үшін қолданылады.

Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері - Ауыстырып қосқыш-индикаторы (CheckBox). «Иә» және «жоқ»,«қосылған-ажыратылған» мәндерін көрсетеді де, қолданушының қажеттісін таңдап алуына мүмкіндік береді. Ауыстырып қосқыш квадрат түрінде бейнеленеді де онда «v»белгісі оның іске қосылғанын, ал сұр түске енуі оны пайдалану мүмкіндігі жоқ екендігін көрсетеді.

Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері- Таңдау батырмасы (Option Button). Бірнеше варианттың ішінен біреуін ғана таңдап алуға мүмкіндік береді.

Ол Option1 деген атпен формода орналасады. Бірнеше таңдау батырмаларын қолдану үшін оларды топтау керек.

Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері- Тізімдер жиынтығы (комбинированный список) (Combo Box). Мәтін түрінде жазылған тізімді көрсетеді. Ол тізімнің қажетті элементін таңдап алуға мүмкіндік береді.

Оның үш түрі болады:

  1. жай тізімдер жиынтығы

  2. жол бойынша ауысатын тізімдер жиынтығы

  3. ауысатын тізім

Олардың қасиеттері Style (стиль) көмегімен анықталады да, формада Combo1, Combo2, т.с.с. атпен орналасады.

Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері- Тізім (List Box). Қолданушы берілген тізімнен қажеттісін таңдап алуға мүмкіндік береді. Тізім мен комбинацияланған тізім сырттай ұқсас, айырмашылығы олардың іс-әрекеттерінде болады. Тізім көптеген файлдар мен каталогтардан тұруы мүмкін. Оның қажетті элементін жүгіртпе немесе пернелер көмегімен таңдап алуға болады. Тізім элементтері индикатор арқылы көрсетіледі. Мысалы: тізімдегі үшінші элемент - MyList.List

Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері- Горизонталь және вертикаль бағытта (Hscrollbar және VScrollbar) бағытта жылжыту элементі. Олар белгілі бір мәндерді көрнекі түрде қоюға мүмкіндік береді. Онда ең кіші элемент сол жақта (жоғары), ал ең үлкен элемент оң жақта (төмен) деп есептеледі.

Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері- Таймер (Timer). Оқиғаларға белгілі бір уақыт бойынша шектеу қою үшін қолданылады. Таймердің ең үлкен саны 16, бағдарламаның орындалуы кезінде Таймер жасырын тұрады. Оның қасиеті Interval милисекундпен анықталады, ең үлкен мәні 65535-ке тең.

Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері- Дискқозғағыш (DriveList Box) тізімі. Қолдануға мүмкін дискі қозғағыштардың тізімін көрсетеді.

Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері- Каталогтар (DirList Box) тізімі. Каталогтардың орналасуы структурасын көрсетеді.

Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері- Файлдар (FileList Box) тізімі. Файылдар тізімін береді.

Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері- Фигура (Shape). Жоба жасауда қолданылатын сызықтар мен фигураларды бейнелейді.

Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері- Бейне (Image) (көрініс) форманы безендіруге арналған графикалық бейнелерді береді.

Берілген шамалар (DataControl) түріндегі объект берілгендер базасын алу үшін қолданылады.

Тор (Grid) информацияны кесте түрінде бейнелеу үшін қолданылады.

Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері- OLE объектісі басқа объектілермен байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Жалпы сұхбат (CommonDialog) объектісі диалогтік терезе жасау үшін қолданылады

.

ІІІ. Ағымдағы нұсқау.

Дербес компьютермен тапсырмалар орындау.

1 Visual Basic бағдарламасында «Сәлеметсіз бе» бағдарламасын құру.

№2 Visual Basic бағдарламасында «Өлен жазу» бағдарламасын құру.

№3 Visual Basic бағдарламасында «Калькулятор» бағдарламасын құру.



Технологиялық-нұсқама картаның көмегімен тапсырмалар орындау.

Тапсырма: «Калькулятор» бағдарламасын құру.

Жұмыстын мақсаты: Басқару элементтерінің қасиеттерін және қолданылуын үйрену.

Өткізілетін орны: Компьютер кабинеті

Жұмыстың орындалу реті

Жұмыстың орындалу көрсетілімі

Құрал - жабдықтар

1

Frame1 командасын таңдап, бұл команданың ішіне 4 - Option командасын енгізіп, бұл 4 команданың Caption (атауларын) беру әдістері.

  1. Қосу

  2. Алу

  3. Көбейту

  4. Бөлу

Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері

Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері



Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері



Компьютер Visual Basic бағдарламасы 6.0

2

Тext 1

Тext 2

мәтін терезелерінің Тext қасиеттеріне

« » мәндерін қоямыз.

Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері




3

Label 1

Label 2

Label 3 элементтерінің Caption қасиеттеріне

1 - сан

2 - сан

3 - нәтиже мәндерін беру

әдістері

Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері







4

Command Button элементін таңдап, Caption қасиеттеріне «Шығу»

мәндерін беру


Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері


5

Command Button элементтерін екі рет шертіп, бағдарламалық код жазу.

Private Sub Option1_Click()

Label3.Caption = Val(Text1.Text) + Val(Text2.Text)

End Sub

Private Sub Option2_Click()

Label3.Caption = Val(Text1.Text) - Val(Text2.Text)

End Sub

Private Sub Option3_Click()

Label3.Caption = Val(Text1.Text) * Val(Text2.Text)

End Sub

Private Sub Option4_Click()

Label3.Caption = Val(Text1.Text) / Val(Text2.Text)

End Sub

6

Орындалған жұмыстын нәтижесі:

Қандай сан жазсақта, сол сандардың математикалық амалдарын калькулятор түрінде есептейді.




Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары «Visual Basic» терезесінің басқару элементтері



  • Оқушының жұмыс орнын аралау

  • Кез келген құрылғылармен жұмыс (пернетақта, тышқан, сканер, принтер, әртүрлі бағдарламалар) жасауды дағдыландыру.

  • Жаңа тақырыпты қабылдау мүмкіндіктерін бақылау.

Сұрақтар қойып оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгеріп отырғандарын тексеру, әртүрлі тапсырмалар беру.

  • Тапсырманы орындау кезінде қалып қойған оқушыларға жеке көмек көрсете отырып, тапсырмаларды қайта түсіндіру.

V. Қорытынды нұсқау

- Дайын жұмыстарды қабылдау

  • Сабақ соңында оқушыларға жұмыс орындарын, яғни компьютер жанын және сыныпты жинақтау.

Бағалау. Оқушыларды орындаған тапсырмалары мен сабаққа қатысуларына қарай бағалау.

VІ.Үй тапсырмасын беру. Берілген тапсырмалар бойынша технологиялық-нұсқама карта құрастыру.


© 2010-2022