Тақырыбы: «Арнайы пәндерді оқытудағы модульдік технологияның орны»

Баяндаманың міндеттері: — Модульдік оқыту технологиясының мазмұнымен таныстыру; — Модульдік оқыту технологиясының құрылымын анықтау; — Модульдік оқыту технологиясының тиімділігін анықтайтын сабақ үлгісін құрастыру; — Модульдік оқыту технологиясының білім сапасына әсері; — Модульдік оқыту технологиясы арқылы сабақты жоспарлаудың маңыздылығы Арнайы пәндерді оқытудағы модульдік технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері ...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Экономикалық және ақпараттық технологиялар колледжі



Бағыты:

«Қазіргі заманда келелі даму кепілі-кемел білім мен ғылым»




Тақырыбы:

«Арнайы пәндерді оқытудағы модульдік технологияның орны»







Автордың аты-жөні:

Қуантқанова Мөлдір Бақытжанқызы



Курсы, мамандығы

2-курс, 1305000 «Ақпараттық жүйелер»




Ғылыми жетекшісі:

Жусупкалиева Айдана Мендібайқызы












Орал, 2014

Мазмұны



  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  3. Қорытынды

  4. Қолданылған әдебиеттер



































Кіріспе



Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн мектеп алдында тұрған басты міндет - өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі - модульдік оқыту.

Баяндаманың міндеттері:

- Модульдік оқыту технологиясының мазмұнымен таныстыру;

- Модульдік оқыту технологиясының құрылымын анықтау;

- Модульдік оқыту технологиясының тиімділігін анықтайтын сабақ үлгісін құрастыру;

- Модульдік оқыту технологиясының білім сапасына әсері;

- Модульдік оқыту технологиясы арқылы сабақты жоспарлаудың маңыздылығы

Арнайы пәндерді оқытудағы модульдік технологиясы - білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Ал «модуль» дегеніміз - іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.

Модуль - оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы.


Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптастасуда. Бұл сының процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Каменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект -субъектілері педагогикасының орнын басқасы басты, ол бала оқу қызметінің субъектісі ретінде , өзін өзі өзектілендірудге, өзін танығуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын жазушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің манызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық - бағытталған өзара әрекеті болып табылады.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін , білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы, дамуын қойып отыр

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

«Педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу -тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің , мазмұнынң, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері ,мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды».

Бүгінгі таңда М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульды оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа көптеген ғалымдарың технологиялары кеңінен танымал.

Қазақстанда Ж.А.Караевтің, Ә.Жүнісбектің және т.б.ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.

Модуль дегеніміз -қандайда бір жүйенің,ұйымның нықталатын, біршама дербес бөлігі.

Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология.

Арнайы пәндерде модульдік оқыту технологиясының тиімділігі: 1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі; 2) оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, 3) барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу.

Оқушыларға: 1) өз ойларын толқы жеткізе алмауы; 2) материалды мұғалімнің жеңілдетіп түсіндіруін қалауы; 3) нақты фактілерге мән бермеуі; 4) білімді жинақтауға мән бермеуі.

С.И.Ожеговтың пайымдауынша «Модуль дегеніміз - белгілі бір тақырып ішіндегі бөліктердің өзара топтастырылған жүйесі». Ал «технология» гректің «шеберлік» деген сөзі.

Яғни, модуль - тұтас жүйенің бір бөлшегі, пәннің негізгі заңдылықтарын ашатын ұғымдардың бір-біріне байланысты элементтердің жиынтығы.

Модульдік технология дегеніміз-білім алушының ішкі мүмкіншілігіне, қабілетіне қарай өз бетімен ізденуіне, әрекет етуіне лайықталған дидактикалық құрылым, адамның өзін-өзі дамуының амалы, жолы.

Сөз соңында бүгінгі күн талабына сай нақты, терең білім беруде жаңа технологиялар бірден-бір ұстаз сүйенер тұтқа дегім келеді.

Модульдік оқыту технологиясы - баланың белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, бала өз әрекетін жоспарлай, талдай, өз бақылай білуге үйренеді.

Оқу процесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының маңызды міндеттерінің бірі.

Соңғы он жылдықта оқу-тәрбие процесіне жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту технологияларын енгізу мен жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуға үлкен мән берудің өзі Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді жаңаша тұрғыдан қарастыруды талап етуде.

Модульдік оқытудың өзегі - оқу модулі. Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.

Модульдік оқыту білім мазмұны , білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ оқушылардың ойлау, елестету мен есте сақтау қабілетінің, ынтасының, белсенділігінің, білім сапасының дамуына көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік (стандарттық) деңгейде білім алуына кепілдік береді.

Модельде 3 деңгейлік тапсырмалар: тест сұрағы, сынақ тапсырмасы, шығармашылық жұмыс бойынша жұмыс жүргізіледі.

3 деңгей - мемлекеттік стандарт деңгейі, бұны барлық оқушылар орындауы, білуі міндетті. 2 деңгей - бұған қарағанда күрделірек, ал 1 деңгейді - өзіндік пікірін жеткізе алатын, өз ойын шығармашылықпен дәлелдей алатын қабілетті, озат оқушылар ғана орындай алады.




Қорытынды

Қорыта айтқанда, модульдік оқытудың өзегі - оқу модулі. Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады

Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Арнайы пәндерде модульдік оқыту технологиясы жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология.

Қорыта айтқанда, оқушыларға тілдік коммуникативтік білім беруде М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде өте жоғары деңгейде. М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту жүйесі арқылы тіл дамыту іске асады.

Модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады:

1. Уақыт үнемделеді.

2. Сабақтың сапасын көтереді.

3. Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады.

4. Оқушылардың белсенділігін мен қызығушылығын арттырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі.

Модульдік оқыту технологиясын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу ерекшелігі мынада

Оқу материалдарын белгілі бір жүйеге келтіріп, тірек-сызба арқылы беру.

Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, еске түсіріп үнемі қайталап отыру.

Модульдік оқыту технологиясын сабақта қолдану- мемлекеттік тілді оқытуда сабақтың білім сапасын көтерудің факторы болып табылады.

Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде оқушылар көбінесе топтарға бөлініп,өтілген материалды қайта жаңғыртып, терминдерді, негізгі ұғым-ережелерді біледі.

Модульдік оқытуда интерактивті тақтаны пайдалану өте тиімді. Өйткені, қажетті сызбаларды, электронды оқулықты, зертханалық тәжірибелерді керек болған жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазір арнайы пәндерді нәтижелі үйрету, оқыту әдістемесін жетілдіре түсу - бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Сол себепті білім жүйесінде көптеген жаңа технологиялар қолданылып жүр. Оқушыларды еңбекке, шығармашылық пәндерге деген ынта-ықыласын арттыру үшін дизайн мамандығына осы жаңа технологиялардың бірі - модульдік оқыту технологиясын қолдануға болады.

Қолданылған әдебиеттер:


1. Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы 2006 жыл.

2. Қамзина М. «Модульдік оқыту технологиясы».//Тәрбие құралы. 2005 жыл, №4.

3. Педагогтың кәсіби деңгейін өсіруде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жолдары.//Ғылыми-практикалық жинақ. Алматы, 2008 жыл.

4. Искакова Р., Ерназарова З. «Жаңа технологияны пайдалану әдістері». Қызылорда, 2004 жыл.

5. Жадрина М.Ж. «ҚР-дағы жоғарғы білім беру дамытудың тенденциялары мен мәселелері». Алматы 2002 жыл.

6. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан //Қазақстан халқына

Жолдауы//, 28.02.2007.


© 2010-2022