10 ж/м сынып 3 тоқсан 17 сабақ Сабақтың тақырыбы Жиым (массив)

Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні-уақыты

10 ж/м сынып 3 тоқсан 17 сабақ

Сабақтың тақырыбы

Жиым (массив)


Жалпы мақсаты

Жиым туралы жалпы түсінік беру

Оқу нәтижелері

Оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастырады.

АКТ-мен жұмыс істеу барысында оқушылардың компьютермен жұмыс істей біледі.

Оқушылардың массив туралы түсінігін қалыптастыру, массивпен жұмыс істеу тәсілдерін үйрету.

Түйінді идеялар

Паскальда есеп шығаруға үйрету


Жаттығулар


1) «Ия-жоқ» альтернативті тест алу

2) «Диалогтық оқыту» сұрақ-жауап

3) «Топпен жұмыс ...» постер қорғау

4) «Деңгейлік тапсырмалар . . . » компьютермен жұмыс

5) «Ыстық орындық» сұрақ жауап

6) «Сөзжұмбақ» шешу

Қолданылатын әдіс -тәсілдер

1.СТО,

2. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.Диалог.

3. АКТ.

4. Жас ерекшеліктеріне қарай деңгейлік тапсырмалар беру.

5. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

6. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

7. Оқуды бағалау

Ресурстар (дерек көздері)

Информатика оқулығы, Интернет желісі

Сабақтың барысы


Мұғалім жазбасы:

І кезең. Ұйымдастыру.

  • Псхиологиялық дайындық. Оқушылармен шеңбер құрып бүгінгі күнге бір-біріне жақсы тілектер айту.

  • Топқа бөлу. 1,2,3 топ фигуралар арқылы топқа бөлу.

  • Әр топтан топ басшы, хатшы, таймкипер сайлау.

(3 мин)


(2 мин)


кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Бағалау

Минут

Білу

1. Үй тапсырмасын сұрау

«Ия-жоқ» алтернативті тест алу ойыны арқылы үй тапсырмасын тексеремін. Әр топқа тест сұрақтарын таратып беремін. Олар дұрыс болса ия, бұрыс жауапқа жоқ деп жауап береді

Әрбір сұрақтарға оқушылар жауап беру арқылы үй тапсырмасын еске түсіреді және балл жинайды. Оқушылар жауап беру кезінде сыни тұрғыдан ойланады.

Критерий бойынша бағалау (0-10 балл аралығында) есептеледі.

Топ басшылары өз топ мүшелерін бағалап отырады.

5 минут

Түсіну

Диалогтық оқыту сұрақ-жауап

Үй тапсырмасын қорытындылау.

Әр топ бір -біріне өткен сабақ бойынша сұрақтар қояды.

(0-5 балл) аралығында бағаланады.


5 мин

Қолдану

ІІ кезең.Жаңа тақырыпты түсіндіру

а) Топпен жұмыс ...»

Жиым - бұл бір атаумен (жиым идентификаторы) белгіленіп біріктірілген біртекті элементтер жиыны. Жиымдардың негізгі параметрлеріне оның типі (сандық,символдық,логикалық), өлшемі (бірөлшемді,екіөлшемді т.с.с) және көлемі (жиымдардың әрбір өлшемдегі элементтерінің саны) жатады. Жиымды сипаттау үшін array of сөз тіркесі қолданылады.
Оның жазылу пішімі:
type = array[] of ;
var : ;
мұндағы array (жиым),of (-дан,-ден,-тан,-тен)-түйінді сөздер;
[]-real, integer базалық типтерінен өзге кез келген стандартты тип, яғни индекстің типі ретінде шектеулі саналатын, логикалық және литерлік типтер пайданылады; - құраушылар (элементтер) типі, яғни Паскаль тілінде пайдалануға болатын жиым элементтерінің типі.
Жиым элементтеріне қол жеткізу үшін оның индексі пайдаланылады. Индекс элементтің қай жерде тұрғанын анықтайды. Индекс өрнек, айнымалы немесе тұрақты түрінде берілуі мүмкін.
Жиым типтер бөлігінде көрсетілмей, бірден айнымалылар бөлігінде былай да анықтала береді:
var :array [] of
[];

Мысалдар:
type
Klass =(K1,K2,K3,K4);
Znak =array[1..255] of char;
Var
M1:Znak; {Znak типі типтер бөлігінде анықталған}
M2:array [1..60] of integer;{М2 жиымын тікелей сипаттау}
M3:array[1..4]of Klass;
Mas:array [1..4] of integer;
Lit:array [char] of real;
Ogr:array [5..15] of char;
Bol:array[boolean] of integer;
A:array[1..5] of real;
Aj:array[қаңтар,...,желтоқсан] of integer;
Массив деп нақтыланған бір типтегі элементтер санынан тұратын құрылымдық мәліметтер типін қарастыруға болады. Бір өлшемді массивтің баламасы вектор, ал екі өлшемді болса - мат-рица болып табылады. Енді төмендегі Турбо Паскаль тілінде жалпы массивтермен жұмыс істеуді қарастырайық.


Оқушылар диалогқа түседі.

Әр топ оқушылары өз постерін (тақырыптарын) қорғайды. Қосымша сұрақтарға жауап береді

(0-5 балл) аралығында бағаланады.


10 мин

Талдау

«Деңгейлік тапсырмалар » жаңа сабақты түсіндіріп, деңгейлік тапсырмалар беремін.


Оқушылар компьютерде отырып орындайды. Берілген уақыт ішінде деңгейлеріне қарай үш тапсырманың біреуін, екеуін немесе толығымен орындайды.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша оқушы өзін-өзі бағалайды.

Тапсырма толық орындалған жағдайда 3 балл қойылады.

(1-3)балл аралығында

Бір тапсырма 1 балмен есептеледі.


(2 мин)


(5 мин)


Жинақтау

Сергіту сәті

«Ыстық орындық» ойын арқылы оқушылардың жаңа сабақтан алған білімдерін қорытамын.


Орындықтағы оқушыға сұрақ қояды, жауап бере алмаса, келесі оқушы отырады.

(0-3 балл) аралығында бағаланады.

Басбармақ көрсету арқылы ынталандырамын

аралығында бағаланады.

5 мин


(3 мин)

Бағалау


Критерилары бойынша бағаланады. Кері байланыс береді

Ынталандыру белгілері арқылы, топ басшысының бағалау парағына өз топтарын бағалау арқылы бағаланды.

3 мин

Үйге тапсырма

Оқулықты мазмұндау. конспектілеу


Тәжірибелік сабақты бағалау

Сәтсіз жақтары:., Уақыттың жетпей қалуы.

Сәтті жақтары: Топпен жұмыс жасауға дағдыланды. Оқушылар АКТ -ны пайдаланып жұмыс жасады


Сабақты түзету

(кері байланыс)

А)Сабақтың қорытындысы оқушылар әсерлерін стикерлерді жабыстыру арқылы кері байланыстарын білдіреді

Ә) Оқушылар алған білімдерін сабаққа байланысты бағалау парағына толтырады.



© 2010-2022