План урока по информатике на тему Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру (7 класс)

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

21 сабақ.

Сыныбы: __7__ Күні:________ Мұғалімі: Акимешева К.Б. Тексерген: ___________

Сабақтың тақырыбы

Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру

Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары

Білімділігі: Оқушыларға нысандар мен әрекеттер орындауды үйренуді жалғастыру: қосарлау, нысандарды көшіру және клондау, топтастыру және ажфрату. Нысандарға қарапайым трансформацияларды қолдану тәсілдерін үйрету;

Дамытушылық: Векторлық нысандар мен әрекеттер орындауды үйренуді жалғастыра ( қосарлау, нысандарды көшіру және клондау, топтастыру және ажфрату, қарапайым трансформацияларды) отырып, компьютермен жұмыс жасау дағдылары мен біліктіліктерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Оқып-үйренуден күтілетін нәтиже

- векторлық нысандармен қандай амалдар орындауға болатынын біледі;

- нысандардың көшірмесін алудағы әртүрлі тәсілдердің айырмашылығы неде екенін біледі.

Оқытуда қолданылатын әдіс -тәсілдер

Көрнекі-түсіндіру, салыстыру-талдау, өз бетінше жұмыс істеу, диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, деңгейлік тапсырмаларды орындау, оқыту үшін бағалау.

Ресурстар (дереккөздер)

  • Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.А.Бекетауов Информатика 7 сынып.

  • Сергей Симонович, Георгий Евсеев Занимательный компьютер

  • bilimdiler.kz, myxatai2006.narod.ru , ustaz.kz, kazakh.ru сайттары

Сабақтың типі

Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі

Түсіндірмелі-пікірталас

Оқытудағы әдістемелік нұсқау

Жаңа тақырыпты түсіндіре отырыпы, оқушылардың компьютерлік сауаттылықтарын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, ғылыми-шығармашылыққа баулу.

Сабақтың кезеңдері

идактикалық міндеттер

1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру

1) сынып оқушыларының назарын сабаққа аудару

2) бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру, оқыту тәсілдерін талдау.

2. Оқушылардың алған білімдерін қайталау

1. Inkscape -те фигуралар салуға арналған қандай құралдар бар?

2. Эллипсті қандай кескіндер салу үшін қолданамыз?

3. Тастау батырмасының қызметі.

4.Жұлдыз салу үшін қандай фигура пайдаланамыз?

3. Жаңа тақырыпты меңгерту

Бұл амалдар ерекшелеу құралын (Ғ1 немесе бос орын) қолдану арқылы орындалады. Нысан айналасында қара нұсқарлар (стрелки) пайда болады. Енді нысан жылжиды, тінтуірмен бір нұсқарды тарту арқылы нысанның өлшемін өзгерте аласыңдар.

Тінтуірмен қайта шертіп, нұсқардың түрін өзгертуге болады, енді фигураны айналдыруға және түрлендіруге болады.

«+» таңбасы нысанның айналдыру орталығын анықтайды, оны тінтуірмен апаруға болады.

Бұл амалдардан басқа, арнайы Нысан мәзірінің бұйрықтарын орындап, нысандарды бейнелеуге және аударуға болады.

Нысандарды топтау

Көптеген амалдарды бір уақытта бірнеше нысандармен орындауға болады - түсті, өлшемді өзгертуді, көшірме жасауды және т.б. Ол үшін не істеу керек? Алдымен, нысандарды ерекшелеп алып, содан соң топтау қажет.

Барлық нысандарды Сtrl + А пернелер үйлесімін басу арқылы немесе ерекшелеу құралы арқылы, яғни, Shift пернесін басып тұрып, нысанды тінтуірмен шерте отырып, ерекшелеуге болады.

Нысандарды топтастыру Нысан => Топтастыру (Сгруппировать) (Сtrl + G) бүйрығы арқылы орындалады.

Нысандарды бөлу

Бірнеше нысанмен жұмыс істегенде оларды үйымдастыру үшіп Теңестіру және орын-орындарына қою, Нысан мәзірінен тор бойынша орындарына қою құралдарын қолданған ыңғайлы.

Теңестіру және орындарына қою бұйрықтары бір-біріне қатысты ерекшеленген нысандардың параметрлерін өзгерте отырып, оларды бөлуге болатын сүхбатты ашады.

Мысалы, Нысандардың жақтаулары тиер-тимес қиылысатындай, Орын ауыстыру параметрін

Нысандарды қосарлау және клондау

Алмасу буфері көмегімен көшіруден басқа, Іnkscape графикалық редакторында нысандардың көшірмесін алуға басқа да мүмкіндіктер бар.

Қосарлау (Түзету => Қосарлау немесе Сtrl + D) нысан үстінен дәл көшірмесін алуға мүмкіндік береді, алдымен дөңгелекті қосарлап, көшірмені жылжытып, оған айқын құю орындалды (Нысан => Құю және жиектеу, айқын еместік - 50%).

Бұл амал Раіпt графикалың редакторы мен МS Office-тегі векторлың редактордағы экрандың көшіруге сәйкес келеді (Сtrl пернесі басылып түрған кездегі басқа орынға көшіру).

Нысандарды клондау кезінде бастапқы нысанның параметрлерін өзгерте отырып, сол өзгерістерді барлық клон-нысандарға қол- дануға мүмкіндік аласыңдар.

Іnkscape графикалың редакторында ерекшеленген нысанды Бос орын батырмасын басып түрып, жылжыту Раіпt графикалық редакторындағы «ізбен көшіру » бүйрығына сәйкес келеді (Shift батырмасы қолданылады).

4. Игерген білімді қолдану(деңгейлік тапсырмалар)

Сурет салу құралы мен векторлыц нысандар амалдарының мүмкіндіктерін қолдана отырып, берілген кескіндерді салыңдар:

План урока по информатике на тему Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру (7 класс)

5. Сабақты бекіту, қорытындылау

  1. Нысан көлемін өзгертетін алгоритмнің сипаттамасын жазыңдар.

  2. Нысандарды топтау не үшін қажет және ол қалай орындалады?

  3. Іnkscape-те ерекшеленген нысанды МS Word құжатына көшіруге бола ма?

  4. Нысанды бейнелеу қандай бұйрық арқылы орындалады?

  5. Клон дегеніміз не?

  6. Клондау амалының қосарлаудан айырмашылыгы неде?

6.Үйге тапсырма

§23 оқу. «Өзіңді тексер!» орындау

7. Сабақты қорыту

Сабаққа белсене араласқан және компьютерде жұмыс жасаған оқушылардың білімін бағалау. Сабақтың мақсатқа жетуіне баға қою.


© 2010-2022