КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУ БОЙЫНША МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚЫТУ КУРСЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ҚҰРУ

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарағанды қаласы, «№54ЖББОМ» КММ

Исабекова Жанагуль Омиртаевна

физика және информатика пәні мұғалімі


КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУ БОЙЫНША МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚЫТУ КУРСЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ҚҰРУ


Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады» - делінген.

Сол себепті компьютерлік технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетте кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы орта арнаулы оқу орындары мамандарының кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда, орта арнаулы оқу орындарының педагогикалық үдерісінде ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдану және осының негізінде ақпараттық-логикалық модельдеуді оқыту үдерісінде пайдалану өзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі ақпараттық қоғамның материалдық технологиялық қоры компьютерлік техникалар мен компьютерлік желілер, ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық байланыстарға негізделген жүйелер болып табылатындығы айқын болып отыр.

Демек, бүгінгі өндірістің талабынан шығатындай компьютерлік технологияны терең меңгерген болашақ маманға деген сұраныстың артуы мен оқу орындарында компьютерлік технологияны оқушыларға меңгертудің бүгінгі жағдайы арасында; компьютерлік технологияның өнер мамандарын даярлаудағы мүмкіндіктері мен оның кәсіби даярлықта толығымен пайдаланылмайтыны арасында; кәсіби іс-әрекеттерде компьютерлік технологияны пайдалануға даярлау қажеттілігі мен оның ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздерінің жеткіліксіз зерттелуі мен арнайы оқу кешенімен қамтамасыз етілмеу мәселесі анық байқалады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: оқушыларды компьютерлік моделдеуге даярлығын жетілдірудің теориялық негіздерін анықтау және практикалық тұрғыда жүзеге асыру.

Аталған мақсатқа сәйкес келесі міндеттер анықталды :

  • білім беру жүйесінде оқушыларды компьютерлік моделдеуге даярлығын жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындау;

  • компьютерлік модельдеу бойынша мультимедиалық оқыту курсын құрастырудың бағдарламалық құралдарын сипаттау;

  • компьютерлік модельдеу бойынша мультимедиалық оқыту курсын құрастырудың теориялық негіздерін зерттеу;

  • компьютерлік моделдеу бойынша мультимедиалық оқыту курстарын жүзеге асыру жолдарын бегілеу.

Компьютерлік модельдеуді оқыту үшін нысанды зерттеуден бастау керек. Нысан - біртұтастықты қамтамасыз ететін бізді қоршаған әлемнің бір бөлігі. Нысанның қасиеті - басқа нысандардан айырмашылығы бар нысанның белгілік жиынтығы. Осы нысандарға байланысты ұғымдарды жүйелегеннен соң модель, модельдеу, модельдің классификациясына көшеді.

  • «Модель», «модельдеу» терминдері бір бірімен тығыз байланысты. «Модель»modelium латын тілінен шыққан өлшем, образ, тәсіл т.б. деген мағынаны білдіреді.

Компьютерлік модельдердің түрлері түрлі принциптерге негізделеді. Егер оларды басым технологиясына қарай топтастырса, онда математикалық модельдер, графикалық модельдер, имитациялық модельдер, кестелік модельдер деп бөлуге болады. Егер заттық саланы қарастыратын болсақ физикалық жүйелер моделі, экологиялық жүйелер моделі, экономикалық жоспарлау моделі, оқу іс әрекетінің моделі, білім моделі т.б. деп топтасады.

Пайдалану саласы бойынша модельдер материалдық (табиғи) және ақпараттық модельдер деп топтасады.

Компьютерлік модельдер модельдеу нысандарын теориялық зерттеуінде қолданады. Қазіргі кезде компьютерлік модельдеу құралы ретінде компьютерлік техника және ақпараттық технологиялар.

Компьютерлік модель - ол бағдарламалық орта құралымен жүзеге асырылған модель.

Сонымен, компьютерлік модельдеу дегеніміз ақпараттық модельді компьютерде жүзеге асыру және осы модель арқылы модельдеу нысанын - есептеу экспериментін жүргізіп зерттеу.

Модельдеу процесі 4 кезеңнен тұрады

Бейнелеудің мазмұны қоршаған ортаны көру арқылы қабылдау мәдениетін көсетеді. Сондықтан өнердің мұндай түрін пайдалану компьютерлік техника қорларында қазіргі ақпараттық технологиялардың визуалдық құралдарын дамытудың негізі болып табылады.

Бейнелер, фотографиялар, суреттер - графиканың ең елеулі элементтері. Компьютерлік техника тұрғысынан қарағанда, графикалық нысандарды әзірлеу оңай міндет емес, ол графикалық бейне құрылымын қалыптауға (формализацияға) арналған арнайы әдістерді қолдануды қажет етеді.

Компьютерлік бағдарламалық құралдар оқытушының пайдалануына дайын, бағдарламалық өнім болып саналады, ол оқушының дербес қолданатын құралы бола алады және оның негізінде оқытушы оқу дәрісханасында топпен сабақ өткізе алады.

Отандық педагогика тәжірибесінің талдамасы компьютерлік бағдарламалық құралдардың келесі түрлерін анықтауға мүмкіндік береді: электронды (компьютерлендірілген) оқулықтар; оқытушы бағдарламалар; мультимедиалық оқыту курстары, электронды дәрістер; үлгілік-моделдеуші тренажерлер; электронды анықтағыштар, сөздіктер, энциклопедиялар; өзіндік дайындық және өзіндік бақылау жүйелері; білімді бақылау және тестілеу жүйелері, оқу-әдістемелік кешендер; бағдарламалық-әдістемелік кешендер; пәндік-бейіндік орта; сабақтың түрлерін өткізу үшін қолданылатын әр қилы компьютерлік иллюстрациялар (көрнекіліктер).

Мультимедиалық оқыту курстарын құрастыру үшін келесі бағдарламалық құралдар көмегімен графикалық нысандарды құрастыру үшін арналған бағдарламалық топ.

Графикалық файлдар құру тәсілдері. Графикалық бейнелер, әдетте, келесі тәсілдермен құрылады слайд 8:

Жұмыстың тақырыбы бойынша «Компьютерлік модельдеу негіздері» мультимедиалық оқыту курсы құрастырылған.

«Компьютерлік модельдеу негіздері» мультимедаилық оқыту курсын оқу барысында оқушы алған білігі мен дағдысын болашақта графикалық кескіндерді құрастыруда, жарнамалық өнімдерді дайындауда, әртүрлі білім саласында альбом, реферат, ғылыми жоба дайындауда қолдана алады.

Оқушы Интернет ресурстарынан тиісті сурет, картиналарды алып, оны өз қажеттеріне пайдалана және өз өнімдерін Web - құжаттарда орналастыра алады.

«Компьютерлік модельдеу негіздері» курсын оқу барысында алған білігі мен дағдысы оқушының болашақта Adobe Photoshop және 3D Studio Max тәрізді күрделі кәсіптік бағдарламалармен жұмыс жасау шеберлігінің негізін қалайды

Сондықтан, компьютерлік моделдеу - ол адамның түрлі шығармашылық іс әрекетті дұрыс орындауын анықтайтын жеке ерекшелігі, қасиеті.

Компьютерлік модельдеуге оқыту барысында окушыларға оқу-шығармашылық сипаттағы есептерді беру мәселесі толық қарастырылмаған. Білім беру тәжірибесінде дамыта оқыту технологиясының элементтерін педагогтар жиі қолданып келеді. Бірақ оны жүзеге асырудағы жүйесіздігі, ақпараттық технология аймағында оқытуға бейімделмегендігіне тиісті нәтиже бермей отыр.

Оқыту процесінде шығармашылық қабілеттің маңызы зор, өйткені шығармашылық оқытуды қызықты етіп, ой өрісін дамытуға кең мүмкіндік береді. Оқыту құралын дұрыс таңдағанда ғана оқушы өзінің шығармашылық қабілетін дамыта алады.


© 2010-2022