Циклдік алгоритмдер (6 класс)

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Циклдік алгоритмдер (6 класс)Циклдік алгоритмдер (6 класс)Циклдік алгоритмдер (6 класс)Циклдік алгоритмдер (6 класс)Циклдік алгоритмдер (6 класс)Циклдік алгоритмдер (6 класс)Циклдік алгоритмдер (6 класс)Циклдік алгоритмдер (6 класс)Циклдік алгоритмдер (6 класс)Циклдік алгоритмдер (6 класс)Циклдік алгоритмдер (6 класс)Циклдік алгоритмдер (6 класс)

Пән аты: Информатика

Сынып:

Күні__________________

Сабақтың тақырыбы: Циклдік алгоритмдер

Білімділігі: Белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанатын болса, онда циклдік алгоритмдерді қолдананып, есептерді шешу керектігін оқушыларға түсіндіру. Осындай есептеулерді орындаған кезде циклді алгоритмдерді құрудағы білімдерін арттыру. Циклдік алгоритмдердің сызба-нұсқаларын құрып, соған байланысты алгоритімін құруға дағдыландыру.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Оқыту әдістері: түсіндіру, әңгімелесу.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

II Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

Циклдік алгоритм түсінігін енгізу, циклдік құрлымды алгоритмнің блок-сызбасын құруды үйрету.

III Үй жүмысын тексеру

Өткен тақырыпты мазмұндау.

IV Білімді өзектендіру

  1. Алгоритмдерді жазудың неше формасы бар?

  2. Алгоритмдік және графикалық тілдерді түсіндір?

  3. Байланыс сызықтары деген не?

  4. Блоктардың неше түрі бар?

  5. Алгоритмдердің түрлерін ата.

V Жаңа материалды оқып-үйрену

Есептерді шығару кезінде әрекеттерді аныңтайтын параметрлердің әртүрлі мәндерінде біртипті әрекеттерді бірнеше рет қайталау қажеттілігі туындайды.

Осындай әрекеттерді жүзеге асыратын алгоритмдер циклдік деп, ал бірнеше рет қайталанатын әрекеттер тізбегі (цикл денесі) циклдер деп аталады.

Қоржынға салынған асықтардың ішінде жалғыз қызыл асық бар, сол қызыл асықты табудың алгоритмін құрыңдар.

Мысалы, ол мына түрде болуы мүмкін: қоржынға қолды саламыз, ілінген асықты аламыз. Қызыл асық па? Иә, қызыл асық табылды. Жоқ, қайта қоржынға қолды саламыз, асықтарды біртіндеп алып қараймыз және т.с.с.

Қызыл асық табылғанша берілген мысалдағы осы іс-әрекет қайталана береді. Бұндай алгоритмдерді циклдік алгоритм дейміз.

Блок-сызбада циклдік алгоритмнің шарты алтыбұрышты фигураға жазылады. Шарт циклдік алгоритмнің басында немесе соңында келуі мүмкін.

Циклдік шарт басында келетін алгоритмнің блок-сызбасы келесідей болады.

Циклдік алгоритмдер (6 класс)


Циклдік шарт соңында келетін алгоритмнің блок-сызбасы төмендегідей болады.


Серия

Шартжоқ

иә

Қызыл асыңты іздеу мысалына сәйкестендіріп, алгоритмнің блок-сызбасын құрайық. Бұл жағдайда шарт циклдік алгоритмнің соңында келеді.

Басы

Қоржынға қолды салып, қызыл асықты табу

Табылды ма?жоқ

иә

соңы

VІ Бекіту

«Бақылау сүрақтары мен тапсырмалары» бөлімінің 4-6-тапсырмаларын орындау.

4-тапсырма.

10 + 5 = 15

15 * 2 = 30

30 * 2 = 60

60* 2 = 120

120 + 3 = 123

130-дан 123 кіші емес(жоқ)

123 -5 = 118

Жауабы: 118

VII Қорытындылау

Сабақтағы оқушылар жүмысын бағалау

VIII Үй тапсырмасы

Оқулықтың §11-ын оқу, мазмұндау


© 2010-2022