Мәтіндік құжатты форматтау 7-сынып

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Информатика 8 сынып

____________________________________________________________________________________

Тақырыбы: Мәтіндік құжатты форматтау.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға мәтіндік құжаттарды форматтауды үйрету. Мәтін немесе оның үзінділерін ерешелеу тәсілдерін, негізгі форматтау режімдерін қолдануды үйрету: символдарды форматтау; абзац шегіністері, мәтінді туралау, жоларалық интервал, тасымалды орналастыру.

Міндеттері:

  • білімділік - мәтін немесе оның үзінділерін ерекшелеу тәсілдерін үйрене отырып, мәтіндік ақпараттарды форматтау режімдерін меңгеру;

  • дамытушылық - алған білімдерін практикада қолдана білу іскерліктерін дамыту;

  • тәрбиелік - еңбек әрекетіне, өзбетінділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Теориялық және практикалық өзіндік сабақ.

Оқыту әдісі: түсіндірмелі-демонстрациялық

Оқыту құралдары: Оқулық, дәптер, компьютер, интерактивті тақта, ACTIVote

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа қатысуын белгілеу, журнал толтыру.

  2. Сабақ барысымен таныстыру: сабақтың тақырыбын хабарлау, мақсатын айту.

  3. Үй тапсырмасын тексеру. ACTIVote - ты іске қосу.

ACTIVote - ң көмегімен 5 сұрақтан тұратын шағын тест жұмысын алу. (Бұл жерде оқушылардың қолына ACTIVote беріледі. Барлық оқушылар «Аты-жөні жазылған режімде» біртіндеп қосылады. Сұрақтардың 3 мүмкін жауабы көрсетілген және уақыты 5 секундқа шектелген.)

  1. Жаңа материалды түсіндіру. Жаңа материал PowerPoint-та және флипчартта дайындалған қосымша материалдардың көмегімен түсіндіріледі. Оларды сілтеуіштің (объект ссылок) көмегімен шақырып алуға болады.

Сілтеме (объект ссылок )жасалған жерлер:

  • Флипчарттың 2-ші беті : сабақ жоспары, жаңа тақырып, практикалық жұмыс (тышқан батырмасын жазылған сөздердің үсітен шерту)

  • Флипчарттың 7-ші беті - форматтау режімдері (кез келген жерінде тышқан батырмасын шерту), PowerPoint-та дайындалған.

  • Флипчарттың 8-ші беті - практикалық жұмыс (кез келген жерінде тышқан батырмасын шерту), MS Word-та дайындалған.

Форматтау деп әр түрлі амалдар бойынша мәтіндік құжаттың көркемделуін айтады. Құжатты пішімдеуді құжатты құрардың алдында, сол сияқты одан кейін де орындауға болады. Егер алынған құжат сізді қандай да бір себептерге байланысты қанағаттандырмаса, онда әрқашанда оның пішімдеу параметрін өзгертіп, қайтадан пішімдеуге болады.

Форматтау әрекеттерін орындай отырып:

  • әр түрлі қаріпті таңдауға;

  • жұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге, сол, оң, жоғары, төмен өрістерін

анықтауға;

  • бетте мәтінді туралауға;

  • қатар арасындағы интервалды бекітуге және өзгертуге;

  • мәтінді бағандарға бөлуге;

  • мәтін жақтауларының әр түрлі типтерін қолдануға;

  • мәтіннің көркемделуімен (тізім, құю, және т.б.) байланысты барлық мүмкіндіктерді пайдалануға болады.

Форматтау режімдерінің ең жылдам әдісіне форматтау панелінің төмендегі батырмалары жатады:

Мәтіндік құжатты форматтау 7-сынып

  1. - қарайтылған (полужирный),

Мәтіндік құжатты форматтау 7-сынып

- курсив,

Мәтіндік құжатты форматтау 7-сынып

- асты сызылған (подчеркнутый)


  1. Абзацты шегініс (оң және сол , теріс)

  2. Мәтінді туралау (сол жақ шеті бойынша, оң жақ шеті бойынша, ортасына, екі

жақ шеті бойынша)

  1. Қатар аралық интервал

  2. Тасымалды қою

Форматтауға арналған пернелер комбинациялары


Пернелер

комбинациясы

Форматтау

кезіндегі әрекеттері

+

Курсив (К)

+

Асты сызылған (Ч)

+

Жартылай қарайтылған (Ж)

+

ортасына

+

Сол жақ шеті бойынша

+

Оң жақ шету бойынша

+

Ені бойынша (екі жақ шетінен)

  1. Практикалық жұмыс. Флипчарттың 8-ші бетінің кез-келген жерінде тышқан батырмасын шертіп, алдын ала жасалған сілтеменің көмегімен практикалық тапсырманы алып орындайды.

    1. Мәтін және оның бөліктерін ерекшелеу әрекеттеріне жаттығу

    2. Берілген мәтін үлгісіне барлық форматтау әрекеттерін орындау

1-ші символдарды форматтау (ж - жартылай қарайтылған, к - курсив, ч - асты сызылған)

2-ші абзацты шегіністер (оң, сол, теріс)

3-ші мәтінді туралау (оң, сол, ортасына, екі жақ шеттері бойынша)

4-ші қатар аралық интервал

5-ші тасымалды қою

  1. Бекіту

Ойын - «Топтастыру». Бұл жерде «контейнердің» көмегімен жасалған дұрыс жауапты (қаламмен) дөңгелектің ішіне орналастыру керек. Егер жауап дұрыс болмаса, онда дөңгелектің ішіне кірмейді, тек дұрыс жауап болғанда ғана кіреді.

  1. «Символдарды пішімдеу» - Ж, К, Ч, тізім, абзац

  2. «Мәтінді туралау» - туралау, оң жақ шеті бойынша, сол жақ шеті бойынша, ортасына, екі жақ шеті бойынша, жоғарғы жағынан

  3. «Қатараралық интервал» - одинарный, двойной, тройной, полуторный, межстрочный


  1. Үйге тапсырма: 9.2 тақырып 124 б.

  2. Оқушыларды бағалау.

Актау қаласы

Дуйсенова Айнур Ибраймовна

Информатика пәнінің мұғалімі


© 2010-2022