Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар? Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:  «Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау» деп аталады. Бүгінгі сабағымыздың басын Елбасымыздың мына сөзімен бастағым келеді.  “...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу игеру және жетілдіру -  бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз”  /Слайдтан президент сөзі көрініп тұрады./ Сабағымыздық мақсаты: Оқушыларды мәтіндік құжатпен  жұмыс істеу әдістерімен  таныстыру.  Word-тың мүмкіндіктерін көрсету. Бүгін біз MS Word мәтіндік редакторындағы  жұмысымызды жалғастырамыз. 1.     Сабақты бастамас бұрын әдеттегідей қауіпсіздік техника ережесін есімізге түсірейік.   Олай болса, бүгінгі сабағымыздың кезеңдерімен танысып өтейік: 1.     І. Ұйымдастыру (Сыныпты сабаққа дайындау,қауіпсіздік ережесі) 2.       ІІ. «Құпия алаң» (үй тапсырмасын сұрау) 3.     ІІІ.«Ертегі-саяхат» (практикалық жұмыстар жасау) 4.     ІҮ « Тест жұмысы» (бекіту кезеңі) 5.     Ү. Үйге тапсырма 6.     ҮІ. Бағалау
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сыныбы: 7 Күні: 22.01.14ж. Пән мұғалімі: Рахымжанова А.А.

Cабақтың тақырыбы: Word мәтіндік редакторында практикалық

жұмыстар жасау

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларды мәтіндік құжатпен

жұмыс істеу әдістерімен таныстыру

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютерлік жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оны өмірде қолдана білуге ықпал жасау, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3. Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа оқу материалын игерту.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі: /5 мин/

а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

ә) сабақтың мақсаты мен шартын жариялау және қауіпсіздік ережесіне шолу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. /12 мин/

«Құпия алаң» ойыны

ІҮ. «Ертегі саяхат» - практикалық жұмыстар жасау /18 мин/

Ү. Сабақты бекіту /7 мин/

ҮІ. Бағалау. /2 мин/

ҮІІ. Үйге тапсырма /1 мин/

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар? Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау» деп аталады.

Бүгінгі сабағымыздың басын Елбасымыздың мына сөзімен бастағым келеді. "...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу игеру және жетілдіру - бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз" /Слайдтан президент сөзі көрініп тұрады./

Сабағымыздық мақсаты: Оқушыларды мәтіндік құжатпен жұмыс істеу әдістерімен таныстыру. Word-тың мүмкіндіктерін көрсету.

Бүгін біз MS Word мәтіндік редакторындағы жұмысымызды жалғастырамыз.

  1. Сабақты бастамас бұрын әдеттегідей қауіпсіздік техника ережесін есімізге түсірейік.

Олай болса, бүгінгі сабағымыздың кезеңдерімен танысып өтейік:

  1. І. Ұйымдастыру

(Сыныпты сабаққа дайындау,қауіпсіздік ережесі)

  1. ІІ. «Құпия алаң»

(үй тапсырмасын сұрау)

  1. ІІІ.«Ертегі-саяхат»

(практикалық жұмыстар жасау)

  1. ІҮ « Тест жұмысы»

(бекіту кезеңі)

  1. Ү. Үйге тапсырма

  2. ҮІ. Бағалау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Құпия алаң»

Балалар, сабағымыздың ІІ-кезеңі «Құпия алаң» деп аталады. Бұл кезеңде үйге берілген тапсырмалар бойынша сұрақ қоямын. Бұл жерде 5, 10-дық жүйедегі балдар берілген. Ұяшықтарда таңдау арқылы сұрақтарға жауап береміз.

  1. MS WORD редакторы қандай бағдарлама?

  2. WORD редакторын іске қосу қанша тәсілмен жүзеге асырылады?

  3. Қалып күй жолы дегеніміз не?

  4. Сол жақтан бір символды өшіру үшін қандай пернені пайдаланамыз?

  5. Бұл батырманың қызметі қандай? Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау

  6. Word мәтіндік редакторы қандай мәселелерді шешуге арналмаған?

  7. Мына батырманың қызметі қандай? Қалай аталады?

Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау


  1. Бiр мезетте екi-үш тереземен қалай жұмыс атқаруға болады?

ІІІ. Практикалық жұмыс . «Ертегі саяхат»

Біз Microsoft Word редакторы бойынша алған білімдерін тереңдету, жалпылау сабағымыздың ІІІ кезеңін ертегі-саяхат ретінде алғалы отырмыз.

  • Ерте-ертеде Microsoft деген шалдың 5 баласы болған екен. Олар: Word, Excel, Power Point, Access, Outlook. Солардың ішіндегі үлкені Word 18-ге толып, әкесінен еншісін алып, өзінің оқып-білгендерін жұртқа көрсету үшін жолға шығады. Word-қа әкесінің берген еншісі:

  1. Тақырып жолы (онда терезені басқару батырмалары және құжаттың атауы орналасады.

  2. Мәзір (меню) жолы (мәзірдің әрбір тармағы бір типтес әмірлер тобынан құралады)

  3. Стандартты панель (негізгі әмірлер тобынан құралады)

  4. Пішімдеу панелі (мәтін үшін талап етілетін параметрлерді және оның құжаттағы орнын белгілеуге арналған)

  5. Сызғыш (сызғыш арқылы тышқанмен абзац алдындағы жол басын, беттің сол жақ және оң жақ шеттерінде қалдырылуға тиіс бос орындар аумағын, кесте бағандарының енін, биіктігін өзгертуге болады.

  6. Айналдыру жолақтары - бұл батырманың көмегімен беттерді жылжытып, келесі беттерге өте аламыз.

  7. Қалып-күй қатары (терезенің төменгі бөлігінде орналасқан. Мұнда бет нөмірі, парақ саны, сөз саны көрсетіледі)

  8. Жұмыс аймағы ( яғни, меңзер орналасқан жұмыс істейтін аймақ. Меңзер - жыпылықтап тұратын тік сызықша.

Осындай 8 түрлі қасиеттерімен әкесі баласының өмір сүріп кететініне сенеді.

Word өзінің қажетті жеріне тек 4 аялдама арқылы жетеді екен және осы аялдамалардан біздің көмегіміз арқылы өтеді. Ендеше Word-қа көмектесу үшін 1-аялдаманың тапсырмаларын орындайық.


  1. Аялдама. Орнын тап.

Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау

Орта бойынша туралау

Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау

Маркерлер

Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау

Сол жақ бойынша туралау

Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау

Оң және сол жақ шеттері бойынша

Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау

Нөмірлеу

Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау

Қаріп өлшемін өзгерту

Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау

Жартылай қалың

Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау

Оң жақ бойынша туралау

Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау

Асты сызылған

Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау

Қаріпті өзгерту

2.Аялдама. Қызметін жаз.

Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау

Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау

Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау

Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау

Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау

Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау

Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау

Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау

Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау

Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау


Сергіту кезеңі:

Көзді талдыртпау және шаршатпау жаттығулары:


Бірнеше ондаған минут қозғалмай отырып компьютермен ұзақ уақыт бірсарынды жұмыс істеген кезде жағымсыз сезім, дене ұйығандай болып, шаршау пайда болады, көз талады. Осыларды болдырмау үшін сабақ барысында 1-2 рет келесі жаттығуларды орындау керек.

Көздің талуын болдырмау жаттығулары:

  1. Қарау бағытын өзгерту: алысқа-мұрын ұшына, солға -оңға, төмен-жоғары.

  2. сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта көзді айналдыра бұрып қарау.

  3. Көзді жұмып, қолмен жауып, 1-1,5 минут отыру.

Шаршауды болдырмау жаттығулары:

  1. Сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта басты айналдыра бұру.

  2. Басты кезекпен екі жаққа бұру.

  3. Саусақтарды жұмырыққа жұму, қолдың ұшын босаңсыту.

  4. Оңға-солға бұрылып, қолды сермеп, керіліп-созылу.

3. Аялдама. Диктант

Мәтінді қатесіз, шапшаң теріп жазу.

Менің туған жерім Қазақстан. Қазақстан жері кең байтақ. Ол жерінің үлкендігі жөнінде тоғызыншы орында тұр. Біздің отанымызда жүзге жуық ұлттар мен халықтар өмір сүреді. Қазақстан Еуразия құрылығында орналасқан. Олар Қазақстанды туған жеріміз, Отанымыз деп есептейді.

4.Аялдама. Мәтінмен жұмыс

1). Мәтіннің қатесін тексеру. Оны белгілеп, қарпін - Times New Roman, қаріп өлшемін - 16, орта бойынша туралау.

2). Соңғы сөйлемді қиып алып, екінші сөйлемнен кейін кірістіріп қою. Бірінші сөйлемнің көшірмесін соңына қою.

3). Мәтінді курсивпен жазып, Қазақстан деген сөздердің бәрін жартылай қалың қылу.

ІҮ. Сабақты бекіту

Балалар, сабағымызды қорытындылау мақсатында Сіздерден тест жұмысын аламын. Бұл тест 8 сұрақтан тұрады. Тест сұрақтарына дұрыс жауап бере отырып, бүгінгі сабағымызды бекітеміз.

Тест сұрақтары

1.Word редакторын қалай іске қосамыз?

Ж) Қосу-Программалар-MS Office-MS Word;

Ә) Қосу-Ойындар - MS Word;

Г) Қосу-Программалар-Стандартты- MS Word ;

2. Құжат сақтау батырмасын көрсетіңіз

Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасауА)

Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау

Б)

Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасауВ)

3. CTRL +END курсорының қызметін көрсет

Р) Құжат соңына

Б) Құжат басына

З) Экран басына

4.Баспаға беру батырмасы

ГWord мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау)

Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау

Б)

АWord мәтіндік редакторында практикалық жұмыстар жасау)

5.Word программасымен жұмыс барысында жаңадан құжат құру үшін...

Й) Файл - -- Создать

Б) Файл --- Открыть

С)Файл- Сохранить

6. Бас әріптер режимін қосу үшін қолданылатын перне:
А) Alt


В) Tab


С) CapsLock

7. Курсордың сол жағындағы символды жоятын пернені көрсет
А) Esc

Ы) Backspace

Д) NumLock

8. Word шаблонының кеңейтілуі

Й) .exe

Б) .ppt

Ң).doc

Ү. Үйге тапсырма беру:

Word мәтіндік редакторын оқып, мазмұндап келу.

VІ. Бағалау.

  • Оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты тиісті бағаларын қою.

«Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген академик Николай Дмитриевич Зелинскийдің сөзін әрқашан жадымызды ұстайык. Сау болыңыздар!

-6-

© 2010-2022