Конспекты по информатике на тему Блакнот бағдарламасы (5 сынып)

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні

Информатика

Сыныбы

5 «А,Ә»

Мұғалімнің

аты-жөні

Шарипова Арайлым Аргынгазықызы


Мектебі

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылы,

«Л.Н. Толстой атындағы орта мектебі» КММ

Сабақтың тақырыбы

Блокнот бағдарламасы.

Сілтеме

Информатика

Жалпы мақсаты

Блокнот бағдарламасымен жұмыс жасай алу


Оқыту нәтижелері

  • Оқушылар Блокнот бағдарламасымен танысады

  • Оқушылар Блокнот бағдарламысының іске қосу командаларын рет-ретімен орналастыра отырып, Блокнот бағдарламасын іске қоса алады.

  • Оқушылар дербес, жұппен және топта талдау арқылы өздері Блокнот бағдарламасының анықтамасын айта алады.

Негізгі идеялар

Блокнот бағдарламасында мәтін тере алу

Тапсырмалар


  1. «Серпімді доп» (үй тапсырмасын сұрау)

  2. Тақырыпты ашу (Ребус шешу )

  3. Постермен жұмыс (Блокнот бағдарламасының мүмкіндіктері)

  4. Сен қалай ойлайсың?(Әр топ сұраққа жауап беру)

  5. Компьютермен жұмыс (Мақал - мәтелдердің жалғасын тауып, компьютерде орындау)

Білу

(2 минут)

(10 минут)

"Мен сізді ... таныстырғым келеді" шаттық шеңберінде тілек айту.

Оқушыларды сары, көк, жасыл деген түстер бойынша 3 топқа бөлу. Әр топ түстерге сәйкес мағлұмат береді.

1-тапсырма

«Серпімді доп» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Жабдықтар: доп .

Түсіну

(7 минут)


2-тапсырма

Ребус шешу арқылы оқушылар тақырыпты ашып алады.

Интерактивті тақтадан слайд көру арқылы оқушылар Блокнот бағдарламасының қалай іске қосылатынын, қызметі қандай екенін анықтайды. Тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылады:

Сұрақ-жауап: Дербес жұмыс

  • Сендер қай бағдарламамен таныстыңдар?

  • Блокнот бағдарламасын қалай іске қосамыз?

  • Блокнот бағдарламасының қызметі қандай?

  • Блокнот бағдарламасын өмірде қандай мақсатта қолданса болады?

  • Сонымен балалар блокнот бағдарламасы не үшін қолданылады екен?

Жабдықтар: Интерактивті тақта .

Қолдану

(7 минут)

Компьютермен жұмыс (дара, жұппен)

Жабдықтар: компьютер .

Талдау

(10 минут)

Постермен жұмыс (топпен жұмыс)

Жабдықтар: Постер .

Жинақтау

( 5 минут)

Сен қалай ойлайсын? сұрақтарға жауап беру (дара, топпен)

Жабдықтар: Үлестірмелі карточка, интерактивті тақта.

Бағалау

(3 минут)

Диагностика


Бағалау парақшасы арқылы топ мүшелерін бағалау

Сабақ не туралы болды?.............................................

Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

Бұл сабақ қаншалықты қиын болды?

Сабақтың соңында қандай сезімде болдың?............

(мүлде сенімсізбін, сенімсізбін, аздап сенімдімін, сенімдімін, өте сенімдімін)

Үйге тапсырма

(1 минут)

  • Блокнот бағдарламасының шығу тарихы жайлы қосымша ақпарат көздерінен іздеу;

  • Блокнот бағдарламасында "Менің отбасым" тақырыбында эссе жазу.


© 2010-2022