Разработка на тему ЭЕМ даму үрдісі (6 класс)

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін

Оқу ісінің меңгерушісі :

«____» ________2015 ж.

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пәні: Информатика

Сыныбы: 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Компьютер техникасының даму үдерісі

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды есептеу механизмдері мен құрылғыларының шығу тарихымен таныстыру.

2. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.

3. Есептеуіш техниканың даму тарихын білуге құштарлығын арттыру, еңбек сүйгіштікке, уақытты үнемді пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

- Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, еркін сөйлей білуге, өз ойын жеткізе білуге, ортақ шешім шығаруға баулу;

- танымдық белсенділіктерін арттыру, алған білімін тәжірибеде қолданып, эксперимент нәтижесін қорытындылай алу, болжам жасау біліктіліктерін дамыту.

Сабақтың көрнекіліктері: карточкалар, ДК, мультимедиалық проектор, презентация "ЕТ даму тарихы үрдісі "

Модульдер: АКТ, СТОү, диалогтық оқыту, оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер,оқытудағы басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Әдіс-тәсілдер: Проблемалық оқыту, жұптық, топтық «Бірге ойлаймыз» диалогы, «Айналмалы бекет», «Әуе шары», «Сұрақты тап» әдістері.

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Оқушылардың таным-әрекеттерін ұйымдастыру түрі: жеке-дара, топтық, ұжымдық.

Оқыту нәтижесі: Сын тұрғыдан ойлау арқылы күш моменті тақырыбының мазмұның меңгерді, топтық диалогта өз ойын еркін жеткізіп, ортақ шешім шығаруға үйренді, танымдық белсенділігі артты, білімін іс жүзінде қолданып, іскерлік қабілеттері дамыды

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (2 минут)

ІҮ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық кезеңі (3 минут)

Ү. Жаңа сабақты түсіндіру (20 минут)

ҮІ. Жаттығу кезеңі (13 минут)

ҮІІ. Сабақты бекіту кезеңі (5 минут)

ҮІІІ. Үй тапсырмасын беру.(2 минут)

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, жоқ оқушылардың себебін анықтау, бар оқушылардың назарын тарту, оқушылардың оқу құралдарын тексеру. Шаттық шеңберін құрып, "Сәлемдесу" тренингі өткізіледі. Оқушылар мұғалімнің "Бастаймыз!" дегенде оқушылар қол соғу арқылы бір-бірімен сәлемдеседі

ІІ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық кезеңі

1.Білу(5 мин)АКТ, СТОү, диалогтық оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

ЭЕМ даму үрдісі тақырыбына шығу үшін бейнеклипты (Pig) тамашалаймыз.

Сұрақ: ЭЕМ даму үрдісі жайлы алған мәліметтерің қандай?

Бағалау парағын таратамын.Түрлі-түсті стикер арқылы өздерін бағалауға жетелейді:

Жасыл түс-түсіндім,

Сары-жартылай түсіндім,

Қызыл- түсінбедім

2. Түсіну (10 мин)диалогтық оқыту, оқытудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, басқару және көшбасшылық.Топтық «Бірге ойлаймыз» диалог арқылы мына тапсырманы оқып қорғау:

Компьютер құрылғыларының әрқайсысының бір -бірінен тәуелсіз жасалуы , тестіленуі және қолданыста болуы мүмкін. Компьюэтер компонеттерінің құрамы оның конфигурациясы деп аталады.

Разработка на тему ЭЕМ даму үрдісі (6 класс)

Разработка на тему ЭЕМ даму үрдісі (6 класс)Разработка на тему ЭЕМ даму үрдісі (6 класс)

Разработка на тему ЭЕМ даму үрдісі (6 класс)Разработка на тему ЭЕМ даму үрдісі (6 класс)


Компьютердің саулеті-компьютердің құрылымы мен жұмыс принциптерінің сипаттамасы.Егер компьютерхдің аппараттық бөліктері (компонеттері) арасындағы өзара байланыс принциптері стандарттармен бекітілген болса, онда оның саулеті стандарттық деп атайды. Саулеті стандарттық емес компьютерлер бар.

Колмпьютердің көпшілігі Джон фон Нейманның саулеті негізделген және құрастырудың модульдік принциптерін пайдаланады.

Джон фон Нейманның принципі

1946 жылы үш ғалым - Артур Беркс, Герман Голдстайн және Джон фон Нейман-«Электронды есептеу құрылғысын, логикалық құруды алдын ала құрастыру» атты мақала жариялады.

Екілік принцип-деректер мен бұйрықтарды бейнелеу үшін қолданылады.

Программалық басқару принципі- программа бұйрықтар жиынтығынан тұрады, процессор оларды бірінен соң бірін белзгілі бір ретпен орындайды.

Жадтың бір тектілік принципі-бір жадта программалар да, деректер де сақталады.

Жадтың мекен-жай принципі-жады нөмірленген ұяшықтардан тұрады, процессор кез-келген сәтте әр ұяшыққа қатыса алады.

Тізбектеп программалық басқару принципі-барлық бұйрықтар жадта орналасады және тізбектеліп, біреуі аяқталған соң біреуі орындалады.

Шартты кшу принципі-программаның бұйрықтары әрқашан да бірінен соң бірі орындалмайды.

Дербес компьютердің саулеті-процессор, есте сақтау құрылғылары, ішкі видеожүйе, шеткері орналасқан (перефериялық) құрылғылар мен енгізу -шығару құрылғылары сияқты бөліктерінің құрастырылуы. (17 сурет)

Дербес коомпьютердің электрондық компонеттері өзара шиналар деп аталатын сымдар тобымен біріктірілген. Компьютердің ең басты шинасы жүйелік шина деп аталады.

Разработка на тему ЭЕМ даму үрдісі (6 класс)ШРазработка на тему ЭЕМ даму үрдісі (6 класс)ина

Разработка на тему ЭЕМ даму үрдісі (6 класс)

Адрестік шина 2. Басқару шинасы 3. Деректер шинасы

Адрестік шина -процессор байланыстыратын жады үяшықтарын таңдайды.

Басқару шинасы - жедел жадтан процессорға бұйрықтар,

Деректер шинасы- арқылы деректер жеткізілді.

Мысалы: Pentium процессорларының адрестік шинасы -32 разрядтық, яғни процессор 232(4 млрд-тан аса) жады ұяшықтарын ажыратуға қабілетті.

Аналық тақша-заманауи дербес компьютердің есептеу жүйесінің негізі- екі негізгі үлкен микросызбадан тұрады. 18 сурет

Солтүстік көпір- (ағыл. North Bridge) -орталық процессордың, жедел жадтың және видеокартаның жұмысын қамтамасыз ететін жады бақылаушысы;

Оңтүстік көпір (ағылш . South Bridge)- он алтылық тақшада шоғырланған құрылғылар бақылаушысының жұмысын, сонымен қатар сыртқы құрылғылармен өзара байланысты қамтамасыз ететін енгізу-шығару бақылаушы -концентраторы.

3. Қолдану(3 мин)АКТ, диалогтық оқыту

«Айналмалы бекет» әдісімен ой бөлісуге тапсырма беремін. Әр топқа кестені таратын соның жауабын тексеремін.

Әр жұп өздерін смайликпен бағалайды.

Жылдар

Б.э.д. 3000 жылға жуық

1642 жылы

1694 жылы

1820 жылы

ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары

1890 жылы

1944 жылы

1946 жылы

1946 жылы

1948 жылы

1952 жылы

ЭЕМ І буыны қай жылы шықты

ЭЕМ ІІ буыны қай жылы шықты

ЭЕМ ІІІ буыны қай жылы шықты

ЭЕМ ІV буыны қай жылы шықты

Бірінші программист кім және қай жылы шығарды.

4.Талдау (17 мин) диалогтық оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

«Әуе шары» әдісімен әр топқа тапсырманы тапсырамын:

І деңгей

1.Компьютерлеріңде орнатылған программалық жабдықтама көрсетілген кестені толтырыңдар. ІІ деңгей

1.Саулет сипаттамаларын сызба түрінде бейнелеңдер

ІІІ деңгей

1.Құрылғыларының жүйелік блоктың ішінде орналасуын сызба түрінде бейнелеңдер?

Өздерін бағалайды

А-1 ұпай

В-2 ұпай

С-3 ұпай

5. Жинақтау(5 мин)АКТ, оқытудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,«Сұрақты тап» әдісін пайдаланып,

1.Алғашқы есептеу құрылғысы? (саусақтар)

2.Шығыстағы ескі көне есептеуіш құрылғы? (Абак)

3.Электрондық есептеу құрылғысының принциптерін кім жасады?(Джон фон Нейман)

4.Компьютердің конфигурациясын ата? (Ақпаратпен және программамен қамтылуы)

5.Джон фон Нейман принциптерін ата? (Екілік,программалық басқару,жадтың біртектілік,жадтың мекен-жай,тізбектеп программалық басқару, шартты көшу принциптері)

6.Шиналардың түрлерін ата? (адрестік, басқару, деректер шинасы)

7.Аналық тақшаның неше микросызбадан тұрады? (оңтүстік және солтүстік көпір)

8.І-буын ЭЕМ-нің элементтік базасы? (электрондық лампа)

9.ІІ-буын ЭЕМ-нің элементтік базасы? (диод, транзисторлар)

10.ІІІ-буын ЭЕМ элементтік базасы? (микросхемалар)

6.Бағалау.Рефлексия.(5 мин) оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

ҮІІ. Сабақты бекіту

Викториналық сұрақтар: (топ арасында жарыс ұйымдастырылады, кім бірінші болып қол көтерсе, сол жауап береді) (топтық)??

1.Электрондық есептеу құрылғысының принциптерін кім жасады?(Джон фон Нейман)

2.Компьютердің конфигурациясын ата? (Ақпаратпен және программамен қамтылуы)

3.Джон фон Нейман принциптерін ата? (Екілік,программалық басқару,жадтың біртектілік,жадтың мекен-жай,тізбектеп программалық басқару, шартты көшу принциптері)

4.Шиналардың түрлерін ата? (адрестік, басқару, деректер шинасы)

5.Аналық тақшаның неше микросызбадан тұрады? (оңтүстік және солтүстік көпір)

ҮІІІ. Үй тапсырмасын беру.

ЕТ даму үрдісіне байланысты кроссворд құрастыру.§ 2.1 оқу және төменде берілген сұрақтарға жауап іздеу, тапсырмаларды орындау

© 2010-2022